«Тіл достықтың-кепілі» (сыныптан тыс іс-шара) 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл достықтың-кепілі» (сыныптан тыс іс-шара) 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларға қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егіндікөл ауданы әкімдігінің

"№ 2 Егіндікөл орта мектебі" КММ




«Тіл достықтың-кепілі»




Өткізген: Амантаева Н.Н




Тақырыбы: «Тіл достықтың-кепілі»

Мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып,

тіл мәртебесін көтеру. Өз тілімізде дұрыс сөйлей білуге шақыру мемлекеттік тілдің жүзеге асуы,қолдану аясы,бүгінгі мен болашағы туралы ой қозғау. Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеу,дәріптеу.

Әдісі:Пікір-сайыс,сұрақ-жауап,баяндау.

Көрнекілік:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы сөздері жазылған плакат,үлестірме карточкалар.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру:

-Қымбатты оқушылар!

Мектебімізде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған апталық өтуде.

Бүгінгі өнеге сағатымыз осы мерекеге қосар үлесіміз.(Қ.Р-ның әнұраны орындалады).

Жаңа сабақ:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы 1997 ж 11 шілдеде қабылданды.

Мемлекетіміз Қазақстан халықтарының өз ана тілдерін оқып-үйренуге,дамуына жағдай жасайды.

Мемлекеттік тілде,орыс тілінде орта арнаулы,жоғары білім алуды қамтамасыз етеді.

Еліміздің мектептерінде мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және басқа да барлық тілдер мемлекеттің қорғауында болады.

Ал,енді сайысымызды бстайық.

Сайысымыз 5 турдан тұрады.Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырылады.Сұрақ барлығына бірдей қойылады.Кім бірінші көк жалауды көтнрсе,сол топ жауап береді.Сұрақ қазақ тілі пәні бойынша қойылады.

I-Тур. «Бәйге»

1.Еліміздің Президенті кім?

2.Біз қай мемлекетте тұрамыз?

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңдар?

4.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет:

5.Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

6.Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қай күні?

II-Тур. «Жорға»

Әр топтар «Қазақстан» туралы шағын шығарма жазады.

Қазақстан туралы не білесіңдер соны парақ бетіне түсіріңдер.


iII-Тур. «Кім жылдам»

Мен сұрақтар қоямын қай топ дайынболса сол топ жалауды көтееді.

1.Қазақ әліпбиінде неше өріп бар?

2.Дауысты нешеу?

3.Фонетика дегеніміз не?

4.Қазақ тілінде неше буын бар?

5.Қазақ тіліне тән неше әріп бар?

6.Ашық буынға мысал келтір?

7.Септіктерді ата.

8.Бітеу буынға мысал келтір.

9.Тұйық буынға мысал келтір.

10.Айыру белгісі мен жіңішкелік белгісі дыбыстарға жата ма?

IV-Тур. «Тіл ұстарту сайысы»

(Командалар бір-біріне сұрақ қояды).Отбасы тақырыбына туралы диалог құраңдар.

Қорытынды:

Әділ қазыларға сөз береміз.Олар шешімдерін оқысың.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп Қадыр ағамыз жырлағандай,ана тілінің,мәртебесін көтеріп,құрметтейік!Жасай бер,ана тілім-қазақ тілі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2019
1648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі