Материалдар / Тіл-ел байлығы сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл-ел байлығы сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мамандарына қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2021
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні аясында өткізілетін "Тіл– ел байлығы" тақырыбындағы дөңгелек стол

Сценарий

  1. Дөңгелек столдың ашылуы (Алғы сөз )

  2. Дөңгелек столдың қатысушыларын таныстыру (уақыты 1:04)

  3. Қазақ ойшылдары тіл туралы видеоматериал https://youtu.be/A8xBamfPXGI

  4. Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
    1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
    2. Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
    3. Тілдің үш тұғырлығы
    4. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

  5. Колледж әдіскері А.Б.Тойшыбековаға сөз беру

  6. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Отан патриоты» медалінің иегері, екі жыр кітабының авторы Жангелді Немеребаевқа сөз беру.

  7. Тілге байланысты кафедра оқытушыларының пікірлері.

«Серілер» тобының «Рух пен тіл» әнін тыңдау https://youtu.be/OPw5tNj_Cus

( уақыты 5:25)

  1. Колледж студенттерінің пікірлері.

  2. Тілтану кафедрасының меңгерушісі М.Н.Садвакасоваға сөз беру. (Қорытынды сөз)



Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! 5-қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдер мерекесі аясында өткізіліп отырған "Тіл– ел байлығы" тақырыбындағы дөңгелек столға қош келдіңіздер! Тілдер мерекесі осы уақытқа дейін 22қыркүйек күні аталып өтілетін. Себебі, 1989жылы 22қыркүйекте «Тілдер» туралы Заң қабылданған болатын. Ұлт болашағының алтын діңгегі – Тіл мерекесі құтты болсын!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақ ойшылдары тіл туралы видеоматериалға назар аударыңыздар. (видеоматериал қосылады)

Жүргізушінің сөзі:

- «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.


  1. Ей, тәкаппар дүние,
    Маған да бір қарашы.
    Танимысың сен мені
    Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.


1. Жангелді Немеребаев – ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Отан патриоты» медалінің иегері, екі жыр кітабының авторы

  1. Тойшыбекова Асель Биболатқызы - Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің әдіскері

  2. Садвакасова Мира Науанқызы – тілтану кафедрасының меңгерушісі

  3. Тілтану, шет тілі және көптілді білім беру кафедрасының оқытушылары

  4. Колледж студенттері



Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
2. Тілдің үш тұғырлығы
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?


  • Бүгінгі ұйымдастырылып отырған дөңгелек столға өз пікірін білдіру үшін Колледж әдіскері Тойшыбекова Асел Биболатқызына сөз беріледі. (өз пікірін білдіреді)



Жүргізушінің сөзі:

  • - Бүгінгі ұйымдастырылып отырған дөңгелек столымыздың қонағы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Отан патриоты» медалінің иегері, екі жыр кітабының авторы Жангелді Немеребаевқа сөз беріледі. (өз пікірін білдіреді).



Жүргізушінің сөзі:


  • Енді кафедра оқытушыларының пікірлеріне кезек берейік.



  • Қазір назарларыңызға «Серілер» тобының «Рух пен тіл» әнін ұсынамыз ( ән тыңдау, уақыты 5:25)



  • Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны, демекші Колледж студенттерінің пікірлерін тыңдайық.

    - Қорытынды сөз «Тілтану» кафедрасының меңгерушісі М.Н.Садвакасоваға сөз беріледі.

Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңыздар! Рас, сіздердің айтылған әрбір сөздеріңіз шындық, бәріміздің күнделікті өмірімізде кездесіп жатыр.Сонымен, біз өз ана тілімізге құрметпен қарап, қазақша сөйлесіп, қазақ тілі мәңгілік тілге айналуына ат салысайық.





Жүргізушінің сөзі:


Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай.

Жасай бер, Ана тілім, қазақ тілім!

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға, қатысқандарыңызға көп - көп рахмет.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!