400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тіл ел-тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Бүгін біз 22-қыркүйек Тіл мерекесіне арналған «Тіл-ел тірегі» атты сайысты тамашалауға келіп отырмыз. Қош келдіңіздер!

Тіл, сөз дегеніміз- ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл қарым-ұатынас құрал халықтың бүкіл ақыл-парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнер. Тіл-адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы.Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді.Қай халықтың болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы жалғасқан.

Қазақ тілі қазақ халқының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты.Ұлттың өмір сүруінің кепілі-ұлттық тіл.

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып,Өнер алды-қызыл тіл»,»Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Қазақтың ана тілі-қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл.

1-оқушы:

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ!

2-оқушы:

Ана тілім,ана сүтім, арым менің,

Баяным,бақ дәулетім,барым менің,

Өзіңменен рухым көтеріліп,

Өзіңменен атады таңым менің!

3-оқушы:

Ана тілім шырқап салар әнім менің,

Сәулетім,сая бағым,сәнім менің,

Өзіңменен кеудемде көктем гүлдеп,

Өзіңменен ашылар мәнім менің!

4-оқушы:

Ана тілі-біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап-бағып қағамыз,

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп біліңіз!


22-қыркүйек қазақ халқының тілдер күні,

Тіл-халықтың жаны,сәні,

Тұтастай кескін-келбеті мен болмысы,

Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі мен дәстүрі,

Құтты болсын бәріңе,

Тілдер күні-мереке!

Қазақстан жерінде,

Болсын бірлік,береке!-дей сайысымызды бастаймыз!

Сайысты бастамас бұрын терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызда әділ шешім шығаратын әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз!

Ортаға «Қыран» және «Тұлпар» топтарын шақырамыз!

(Екі топ ортаға шығып, өздерін таныстырады)

«Қыран» тобы:

-Біздің топ: «Қыран»

-Біздің ұран:

-Біз- қыранбыз, әрқашанда биікте ұшамыз,

Сайыста да биіктен көрінеміз!


«Тұлпар» тобы:

-Біздің топ: «Тұлпар!»

-Біздің ұран:

Біз-тұлпармыз, жарыста алдымызға жан салмаймыз!

Екі топ бір-біріне сайыста сәттілік тілейді.

Біздің сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1. «Бәйге»

2.Полиглот

3. «Кім жылдам?»

4. Постер, диаграмма қорғау

«Бәйге» сұрақтары:


Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

Көп тілді білетін адам кім?

Лексикалық қарама-қарсылықты сөз қалай аталады?

Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?

«Алфавиттің» қазақша атауы?

«Полисемия» дегеніміз не?

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғаудың жұрнақтан айырмашылығы?

Омонимге мысал келтір.

Пунктуация нені қарастырады?

Сөйлем дегеніміз не?




Қазақ тілінде неше жалғау бар?

Қазақ тілінде неше септік бар?

Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?

«Туыс» сөзінің синонимін атаңыз.

Тілдер мерекесі қай айда тойланады?

Морфология нені қарастырады?

Неше сөз табы бар?

Шылаудың сұрақтары қандай?

Көңіл-күйді білдіретін сөз табы?

Есімдік дегеніміз не?

Ассимиляция деген не?

Сөйлемдер неше түрге бөлінеді?


Үндестік заңының қазақ тіліндегі терминдік атауы?

«Түбір» дегеніміз не?

2.Полиглот.

Адам басшысы ....(ақыл,ум,интеллигенч )

Ана сүті бой өсіреді,...ой өсіреді( ана тілі, родной язык,лангэйш)

Өнер алды-қызыл ... тіл, язык, лангэйш

Тіл тас жарады, тас жармаса ...жарады( бас, голова,хать)

Тілге шешен, ... мешел( іске, дело,синс)

Бас кеспек болса да,...кеспек жоқ ( тіл,язык,лангэйш)

Тіл жүйрігі басқа, қол жүйрігі...( ас, обед,ланч)

Тіл ...бітпес (жарасы,рана,)

Піл күшті емес, ...күшті ( тіл,язык,лангэйш)

Тіл-... өлшемі ( ақыл,ум,интеллигэнч)


Би:

3. «Кім жылдам?»

Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек.Ал келесі топ бұл сөздерді дұрыс табу керек.

1-топ(жұлдыз,қайық,аю,ұшақ,айна,қоңырау,мысық,доп,сызғыш,гүл)

2-топ: (кітап,жаңбыр,себет,үзіліс,қоян,сурет,пойыз,сабақ,маймыл.қолшатыр)

Ән:

4.Постер,диаграмма қорғау. («Тіл-ел тірегі» тақырыбына)

Жақсы, осымен екі топтың арасындағы сайыс өз мәресіне жақындап қалды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына-дей келе бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік!

( Жеңімпаздарды марапаттау)

Сонымен «Тіл- ел тірегі» сайысымызды аяқтай келе, құрметті оқушылар, ана тілімізді аялайық, ардақтайық! Өз тілімізде таза сөйлейік!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қыркүйек
815
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі