«№ 112» жалпы орта мектебі коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған «Т. Әбілқасымов » шағын
орталығы
Ашық
сабақ
Тақырыбы
: Тіл ел
тірегі
Дайындаған
тәрбиеші:
Бектенова
Гүлжан
Тіл ел
тірегі.
Тақырыбы: «Тіл ел
тірегі»
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы
түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай
саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған
жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р
мемлекеттік рәміздері, шарлар,
жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Шаттық
шеңбері
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге
бүгінгі күндеріне сәттілік
тілейді.
Т: Балалар қазір жылдың қай
мезгілі.
Б: Қазір жылдың күз
мезгілі.
Т: Күз айларын
атаңдаршы?
Б: Күз айлары қыркүйек, қазан,
қараша.
Т: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке
білесіңдер ме?
Б: Бүгін 22 қыркүйек тіл
мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғннан бері адамның
жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін
бәйтерегі.
Т: Тіл туралы қандай тақпақ
білесіңдер?
Айзере:Ана тілің-арың
бұл
Ұятың боп тұр
бетте,
Өзге тілдің бәрін
біл,
Өз тіліңді
құрметте
Арна: Ана тілім бал
тілім
Өзің барда
шалқыдым
Өз тілімде ән
шырқап
Термелетіп
балқыдым
Қазбек: Ақыл ойын
дананың
Ана тілден
аламын
Ана тілім
ардақты
Ақ сүтіндей
анамның.
Әсем: Тілім барда
мақтанам.
Тілім менің аппақ
ән
Бірлігімді
бүгінгі
Ана тілім
сақтаған.
Ерасыл: Өсірген ой
білімді
Сүйем туған
тілімді
Мақсат етем әр
сөздің
Мәнін терең
білуді
Ақсұлтан: Ана тілді
білмесем
Шат-шадыман күлмес
ем
Жер бетінде
сайраңдап
Қазақ болып жүрмес
ем
Абдулла
Ана тілің біліп
қой
Еркіндігің,
теңдігің
Ана тілің біліп
қой
Мақтанышың,
елдігің
Т:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген
тақпақтар біледі
екенсіңдер.
Дидактикалық ойын: «Кім
зерек»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті
беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол
жануардың төлінің атын атау
керек.
Т: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер
білесіңдер.
Айзере: Өнер алды
қызыл-тіл.
Арна: Тіл қылыштан
өткір.
Ақсұлтан: Тіл тас
жарады
Тас жармаса бас
жарады.
Қарлығаш: Басқа пәле
тілден.
Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу
іс-әрекетіміз өз мәресіне
жетті
Бағалау және
мадақтау. .