15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл еліміздің жүрегі!
Тіл-еліміздің жүрегі
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой-өрісін, тілін,ойлау қабілетін дамыту. Сонымен қатар, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесне қош келдіңіздер! Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген,мыңдаған жылдар бойы қалыптасты. Әр ел өзінің тілімен,дінімен, салт-дәстүрімен өзгелерден ерекшеленеді. Себебі, тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз. Сондықтан бүгінгі 1 сыныптар арасында «Тіл-ұлт қазынасы» атты интеллектуалды сайыс жүргізіліп отыр.
Ендеше, сайысқа қатысушы топтармен танысып өтейік. 1 «А» сынып оқушыларынан құралған «Зерде» тобы,
1 «Ә» сынып «Жас Қыран» тобы,
1 «Б» сынып «Болашақ» тобы.
Енді сайысымызды бастамас бұрын, жеребе тастайық. Яғни ойынды қай топ бірінші бастайтынын анықтаймыз./әр топтан бір бала келіп, жеребе алады, жүргізушіге айтады/.
-Мемлекетіміздің ертеңі өзіңсіңдер. Біздің міндетіміз саналы, білімді жастарды тәрбиелеу. Сондықтан бар білгенімізді бүгінгі ойында ортаға саламыз. Ендеше сендерге сәттілік!
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарды неше бір
Сарапқа сап,әділдікпен шеше біл!
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болайық:----------------------------------
Сонымен, интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл ойын 5 бөлімнен тұрады:
Таныстыру
«Жедел жауап »
2.«Мақал-сөздің мәйегі»
3.«Құпия сандық»
4.«Суреттер сөйлесін»
5.«Көкпар»
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- деп сайысымыздың 1- бөлімін бастаймыз.
1-айналым. «Жедел жауап » айдары деп аталады.Бұл сайыста әр топқа 4 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 1 ұпаймен есептеледі.
1- топ
Қазақ тілінде неше әріп бар? /42әріп/
«Е» қандай дыбыс? /дауысты/
«Кітап» сөзін 3 тілде айтып бер./кітап, книга,book/
«Күлу» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз /жылау/
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. Жұмбақтың шешуін тап, 3 тілде айт. /Мысық, кошка, cat/
2-топ
Қ.Республикасының президентікім?./Н.Ә.Назарбаев/
«Ж» қандай дыбыс?/дауыссыз, ұяң/
3.«Жақсылық» сөзіне қарама-қарсы сөзді ата./жамандық
4. «Мектеп» сөзін үш тілде айт. /мектеп, школ,school/
5. Қалқиып екі құлағы,
Елендеп, қорқып тұрады.Жұмбақтың шешуін тап, 3 тілде айт. /қоян, заяц, rabbit/
3-топ
Қ.Республикасының астанасын ата./Астана/
«У» қандай дыбыс? /кейде дауысты, кейде дауыссыз/
«Жоғары» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз /төмен/
«Қалам» сөзін үш тілде ата./қалам, ручка, pen/
Бұландаған құйрығы бар,
Айла бермес қулығы бар. Жұмбақтың шешімін тап, 3 тілде айт. /түлкі,лиса, a fox/
Өз ойынды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп «Мақал-сөздің мәйегі» сайысын бастаймыз.Бұл сайыста әр топқа 4 мақалдан жасырамыз. Әрбір сұраққа 2 ұпайдан беріледі.
1-топ
Күлмедосқа, ......
Тіл-сүйектен.......
Оқу –білім бұлағы,........
Балалы үй.......
2-топ
Отан оттан да.....
Ана көрген тоң пішер,
Әке көрген,,,,,,,,
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей.......
Қына тасқа бітеді,
Білім...... ......
3-топ
Ананың көңілі балада,
Баланың ..... .........
Жүз теңгең болғанша, .........
Бала тілі-.......
Еңбек етсең ерінбей,.....
3- айналым.«Құпия сандық»
Бұл сайыста топтар бір-бір ұяшықтан таңдайды.. Әр ұяшықтың ішінде бір сұрақтан жасырылған. Әр жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
Сары : кез-келген өлең шумақтарын айт.
Көк: «Алаш» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Қызыл: «Ұлттық ойындарды» ата.
4-айналым.
«Суреттер сөйлесе...» Бұл сайыста топтар берілген суретке шағын әңгіме құрайды. Ол үшін топтар кезектесіп ұяшықтарды таңдайды. Суретке мағыналы әңгіме құраған топқа 3тен-1 ге дейін ұпай саны қойылады. Жоғары ұпай саны-3 ұпай.
Отбасының суреті
Мектептің суреті
Кітапхананың суреті
5-айналым.
«Көкпар».Бұл сайыс команда капитандарының бәйгесі. Яғни, капитандар ортаға шығып, алдын-ала берілген сөздердің мағынасын түрлі қимыл-қозғалыстар арқылы өз топтарына жеткізуі керек. Әр топқа 4 сөзден беріледі. 3-рет жауап айту құқығы бар. Әр дұрыс жауапты 5ұпаймен бағалайсыздар.
1-топ:
Ана
Үй
Кітап
Жылқы
2-топ:
Компьютер
Аю
Маймыл
Қуану
3-топ:
Машина
Балапан.
Шар
Телефон .
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы өз шешімдерін шығарғанша, 1 «А» сынып оқушысы Күмбейсова Альмираны «Ертегілер әлемі»әніменортаға шақырамыз. Қошеметтеріңіз болсын!
Әділқазылар әділ шешімдерін шығарып болса, сайысымыздың қортындысын айтуға ортаға шақырамыз. /Әділқазылар сөйлеп, ұпай сандарын айтады/
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,-дегендей « Тіл-ұлт қазынасы» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет! Жарқын күндерде кездескенше,сау-саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген