Тіл
- халықтың болашағы
Ана
тілі- анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған, жүректің терең сырларын,
халықтың басынан кешкен дәуірлерін
ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап
отыратын қазына. Тілді қастерлеу әрбір
қазақстандықтың міндеті. Бұл – менің
де міндетім. Өйткені бүгінгі таңда
мемлекеттік тілді өз дәрежесінде үйрету
– тіл мамандарына үлкен міндеттер
жүктеп отыр. Өзге ұлттардың мәдениетімен
таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне
халқымның тілін, салт – дәстүрін,
мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін
үлкен бақыт.
Қазіргі
таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп
тілді, әсіресе халықаралық тілдерді
меңгеруді маңызды міндет деп санайды.
Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап
дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін
көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман
талабынан туындап отырған қажеттілік.
Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де,
жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті
тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Үш
тілде оқыту – заман талабы. Негізгі
мақсаты: бірнеше тілді меңгерген,
әлеуметтік және кәсіптік анықтауға
қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту
және қалыптастыру. Бірнеше тілді меңгеру
арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде
еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына
үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік
алады. Мектептердің үш тілде оқытуды
қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше
тілді меңгерген, жан-жақты білімді,
бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны
қалыптастыру болып табылады.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында
мұғалімдерге сенім арта отырып,
жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта
еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде
болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» - делінгендей, жастарды
сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын
болатыны белгілі.
Мектепте
қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі,
ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу
мұғалімнің шеберлігіне байланысты
жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған
бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала
отырып, пәнаралық байланысты жүзеге
асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда
тек аударма жасатумен ғана шектеліп
отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында
түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар
бере отырып, оқушы – субьектінің
ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін
дамытуды мақсат етудеміз.
Қазіргі
таңда елбасымыз қолдаған үштұғырлы тіл
саясатын қолдай отырып,ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың
тіл үйренуге деген қызығушылықтарын
арттыруды өз сабақтарымның басты мақсаты
етіп келемін.