|
Мағынаны тану. Тыңдалым
тапсырмасы
Интерактив тақтада «Тіл мен
технология» бейнесін көрсету.
Оқушыларға сұрақ
қою:
Технологияның тілді дамытуға қандай ықпалы
бар?
Егер технология болмаса,
ақпаратты таратуда қандай қиындықтар туар
еді?
Дескрипторлар:
Бейнемазмұнды түсінеді.
Проблемалық сұрақтарға өз пікірін
білдіреді.
Өз ойын нақты әрі орынды
жеткізеді.
Топтық жұмыс:
Тапсырма:Мәтінді оқып, проблемалық
сұрақтарды құрастырады
1-топқа
мәтін:
Тақырыбы: Тіл мен әлеуметтік
желілер
Қазіргі уақытта әлеуметтік
желілер тілдің дамуына айтарлықтай әсер етуде. Әсіресе, жастар
арасында қысқартылған сөздер, интернет-слэнгтер, эмодзилер
қарым-қатынастың жаңа түрін қалыптастырып отыр. Бұл үрдіс
қарым-қатынас жасауға қолайлы болғанымен, тіл мәдениетін сақтауда
қиындық туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, желідегі сауатсыз жазбалар
жазу стиліне әсер етіп, грамматикалық қателердің артуына ықпал
етуде.
Проблемалық сұрақтар:
1. Әлеуметтік желілердің тіл
мәдениетіне ықпалы қандай?
2. Интернет-слэнг пен
қысқартулардың тілді қолдануға оң және теріс жақтары
қандай?
3.
Әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың грамматикалық нормаларға
әсері бар ма?
2-топқа мәтін:
Тақырыбы: Жасанды интеллект
және тіл
Жасанды интеллект (ЖИ) тіл
үйрену, аударма жасау және мәтіндерді өңдеу салаларында кеңінен
қолданылады. ЖИ-дің көмегімен автоматтандырылған аудармалар мен
дауыстық тану қызметтері жүзеге асуда. Бірақ, ЖИ-дің тілдік
нюанстарды, ұлттық мәдениетке тән ерекшеліктерді жеткізе алмауы оны
толықтай сенімді құралға айналдырмайды. Сонымен қатар, ЖИ-ді
қолдану арқылы кейбір мамандықтар (аудармашы, редактор) өз
маңыздылығын жоғалтуы мүмкін.
Проблемалық сұрақтар:
1. Жасанды интеллект тілдік
ерекшеліктерді жеткізуде қандай қиындықтарға тап
болады?
2.
ЖИ-дің аудармашы және редактор мамандықтарына әсері қандай болуы
мүмкін?
3.
ЖИ-дің көмегімен тіл үйренудің артықшылықтары мен кемшіліктері
қандай?
3-топқа мәтін:
Тақырыбы: Технология және
ұлттық тілдерді сақтау
Технологияның қарқынды дамуы
көпұлтты қоғамдарда ұлттық тілдерді сақтау мәселесін алдыңғы орынға
шығарды. Бір жағынан, цифрлық платформалар ұлттық тілдерді кеңінен
насихаттау үшін мүмкіндік берсе, екінші жағынан, әлемдік тілдердің
басымдылығы ұсақ тілдердің қолданысын азайтуда. Мысалы,
технологиялық құралдардың көбі ағылшын тілінде қолжетімді, ал
кейбір ұлттық тілдер цифрлық кеңістікте мүлдем
көрінбейді.
Проблемалық сұрақтар:
1. Технология ұлттық тілдерді
сақтап қалуда қалай көмектесе
алады?
2. Цифрлық платформалар ұсақ
тілдердің жойылуына ықпал ете ме?
3.
Ұлттық тілдерді технология арқылы насихаттау үшін қандай шаралар
қолдану керек?
Дескрипторлар:
-
Мәтіндегі негізгі идеяны
түсінеді.
-
Проблемалық сұрақтарды
құрастырады.
-
Сұрақтар мәтін мазмұнына сәйкес
келеді.
Жұптық жұмыс
1-топ 4-тапсырма
-
Жоспар құру;
-
Шылауларды топтап жазу
2-топ 3-тапсырма
3-топ 5-тапсырма
Жеке жұмыс
ЖИ мен
жұмыс
https://lum.io/student/share/2a201ee6-5671-4326-88af-692718816f0d
|