Материалдар / Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл кемістігі бар балалар саны қазіргі кезде көбейе бастады. Арнайы мамандар мен ұстаздарды балалардың тілінің дамуы алаңдатуда. Әр түрлі дәрежедегі тіл кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл - ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергісін келтіреді, балаларды психикалық ауытқуға ұшыратады және баланың өз - өзіне сенімсіз, жасқаншақ, тұйық болып өсуіне әкеліп соғады. Тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі - логопедиялық ритмика, бұл белсенді терапияның бір түрі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
699
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың маңыздылығы.

Тіл кемістігі бар балалар саны қазіргі кезде көбейе бастады. Арнайы мамандар мен ұстаздарды балалардың тілінің дамуы алаңдатуда. Әр түрлі дәрежедегі тіл кемістігі балалардың психикалық, физикалық, ақыл - ойының дамуына кері әсерін тигізеді, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергісін келтіреді, балаларды психикалық ауытқуға ұшыратады және баланың өз - өзіне сенімсіз, жасқаншақ, тұйық болып өсуіне әкеліп соғады. Тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі - логопедиялық ритмика, бұл белсенді терапияның бір түрі.

Мақсатым: Логопат балалардың тіл кемістігін түзету. Балаларға үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсініктерін тереңдету. Жануарлар әлеміне саяхат арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып сөздік қорларын молайту. Ойлау, есту, есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін - өзі қадағалауға дағдыландыру. Дыбыстарды буын, сөзде дұрыс айтуға машықтандыру. арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, бейнелі суреттер бойынша тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сұрақты тыңдай білуге, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Дыбыстарды буында, сөздерде анық, таза айтуға үйрету. Зейінін, есте сақтау, елестету, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығуларын, мимикалық, сергіту сәттерінің дұрыс орындалуын қалыптастыру. Танымдық қабілеттерін арттыру. Саусақ бұлшық еттерінің қимыл - қозғалысын арттыру. Логоритмикада өткізілген сабақ үлгісін тәжірибе алмасу ретінде ұсынып өтейін:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығулар. Мақсаты: Сөйлеу тілін дамытуға арналған жаттығуларын жасауды үйрену. Оқушыларды ойын мазмұнымен таныстырып, оны үйрету. Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып сергіту жаттығуларын жасату арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын молайту. Кеңістікте, жазықта, өзін - өзі бағдарлауға, қимыл - қозғалыстың үйлесімділігін саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыру. Зейіні мен сөйлеу тілін дамыту. Оқушылардың есту, есте сақтау, ойлау, көру, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Түрлі ойындар, сергіту сәттерін жасату. Оқушыларды ептілікке, икемділікке, достыққа, сымбаттылыққа, әсемділікке, татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үнтаспа, жалаушалар сылдырмақтар, шеңбершелер, доптар. т. б

Сабақ барысы:

І. Сапқа тұру, сәлемдесу.

- оңға, солға бұрылу.

- Сапты бұзу, қайта сап құрау.

ІІ. Жүректен - жүрекке.

Бір - бірімізге гүл шоғын ұсына отырып жылы лебіздерімізді білдірейік.

- Оқушылар бір - біріне тілектерін айтады.

1. Құрметті ұстаздарымызға зор денсаулық тілеймін.

2. Бірлігіміз жарасқан ел болайық.

Гүл шоғын сандықшаға салып қояйық

ІІІ. Шеңбер бойымен музыка көмегімен жүру.

Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық.

(музыка көмегімен іс - қимыл жасау).

ІV. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.(Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып)

- Аяқ ұшымен жүру, өкшемен жүру.

- Пингвин жүріс

Мұз, мұз.

Тайғақ мұз.

Келе жатыр пингвин.

Қорықпайды ол мұздан


- Мінекей күн де шықты,

Жоғары, жоғары, жоғары.

Батып барады күн енді,

Төмен, төмен, төмен. ( жүрелеп отыру)

- Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүлдей жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз.

V. РГЖ - кешені.

Дене, қол, аяқ, бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар кешені.

5 - 10 минут. Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

Қаражорға биін билету.

VІ. Сөйлеу тілін дамытуға арналған ойын - жаттығулар.

- Иықтарыңды көтеріңдер,

Шегірткеше секіріңдер

Прыг - скок, прыг - ског

- Қорбаңдаған аю (әуенмен)

Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп алайық. Қалтамызға салайық

- Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып Жақсы сергіп қалайық

- Топ - топ. топ - топ басайық Топырлатып қашайық

Бір отырып бір тұрып, Біз тынығып қалайық

«Маша мен аю» бізге ашық хат жазып жіберіпті.

Маша мен аюдың сұрақтарына жауап беру үшін біз мына кедергілерден өтуіміз керек.

Сұрақтар:

1. Жыл мезгілдерін ата?

2. Елбасымыз кім?

3. ҚР рәміздерін ата?

4. Үйреткен ілімді, қырық екі білімді (әліппе)

5. Оқу – білім бұлағы.................................. (білім өмір шырағы)

6. Төр түлік малды ата?

Тілек ағашы: Сиқырлы сандықша.

Балалар бүгін барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Көптеген жақсы тілектер айтылды. Осы айтылған тілектеріміз орындалу үшін сиқырлы сөздерімізді

айтайық. (музыка көмегімен).

Сандығым менің ашылар, Қуаныш ішінен шашылар.

Тілегіміз біздердің, Бар әлемге таралар. (Сандықты ашамыз).

Біздің гүл шоғымыз әуе шарларына айналып, біздің бір - бірімізге айтқан жылы мейрімді сөздеріміз жүрегімізден орын алды, Біз осы мейірді жылы сөздерімізді тілек ағашына ілейік

Тыныс алу жаттығуы. Маса. Балалар аяқтарын орындыққа орап алып, жерде отырады. Қолдары белде. Тыныс алып, денені ақырын ғана бір жағына бұра, көзге көрінбейтін маса болып дыбыстау (з - з - з) керек; бастапқы қалыпқа тез оралуы қажет, жаңа тыныс алғанда басқа жаққа бұрылады.

Сабақтың соңы: Қол ұстасып тұрайық, Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жарық, Сау - саламат, болайық!

Оқушылар сап түзеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап марапаттап, бағалап, қоштасып, залдан саппен шығады.

Мен сабақтарымда сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсі және пішінін ажырата білуге, қоршаған ортадағы құбылыстар жайындағы ұғым, түсінктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

Тіл кемістігі бар балалардың тілін түзетудегі логоритмикалық жаттығулардың арқасында балалар танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды орындайды, заттарды бір - бірімен салыстырады, ойын ережелерін сақтай алады, зейіні, қиялын дамытады. Өз құрбыларымен қарым - қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанады. Сондықтан да ойын тапсырмаларды, жаттығуларды таңдауда баланың жас ерекшелігін ескерген жөн.

Қорытынды: Тіл кемістігі күрделі балалар мен логоритмика сабақтарын жүргізуде: Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке үйренеді. Тыныс алуда, моторикалық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады. Сөздік қорлары молаяды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!