Материалдар / Тіл мәдениетіне арналған жаттығулар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тіл мәдениетіне арналған жаттығулар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімнің қолдануына арналған жаттығулар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
741
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тіл мәдениеті


Өрік ағашы

Көктем шығып, төңірек түрлене бастаған. Көбелек ұшып, бәйшешекпен көмкерілген қырқа әдемі-ақ. Көктемгі тіршілік тынымсыз. Есет былтырғы өзі көміп қойған өріктің дәнінен кішкене бұтаның көктеп шыққанын көрді. Ол қуана:

  • Апа,апа. Былтырғы дәннен өрік өсіп шығыпты,-деді ауланы тазартып жүрген анасына бар дауысымен айқайлап.

  • Кәне, көрсетші,-деді апасы жайдарман қалпымен.

  • Міне, мұнда. Былтыр мен күзде көмген болатынмын.

  • Иә, рас, өріктің жас бұтағы.Сен бұл жерді қалай адаспай таптың,-деді анасы таңырқап. Ол жусанда байлаулы тұрған қызыл матаны нұсқап:

  • Мен мұны дәнді көмген күні шатыспас үшін байлап қойғам.

  • Ой, ақылыңнан айналайын. Енді сен бұл ағашыңды өзің күтіп бапта. Бұл енді төрт-бес жылда жеміс береді. Ол үшін оны орнынан басқа жерге ауыстырып отырғызу керек. Ал мен саған тәтті тосап қайнатып берем,-деді.

  • Рас па?!-деді тәттіні өте жақсы көретін Есет аузының суы құрып. Анасы басын изеп, өз жұмысына кетті. Ал Есет өріктің тезірек жеміс беруін армандады.


Тапсырмалар:

  1. Есетке мінездеме бер.

  2. Дауысты дыбыстың астын бір рет, дауыссыз дыбыстың астын екі рет сыз.

  3. Сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажырат.

  4. Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.


Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам

Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық- өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмектесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді.


Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Shape1

Қуаныш Күлкі

Өзара сыйластық Оқу

Еңбек Өзара көмек

Шыншылдық Сұлулық

Сатқындық Жеңіс

Сүйіспеншілік Түсіністік

Мейірімділік Қамқорлық

Кешірімділік Адалдық

Жауапкершілік Әдептілік


Жақсы сөз-жанға қуат


Ой-жүйрік, тіл-шебер,

Танытса шындықты.

Мәнді ойды тілмен бер,

Сөз тауып ұқыпты.


Жақсы сөздерді сахналап беріңдер.

Shape2

Shape3

Арман-адамға қанат

Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.

Өмірге

Сүйемін қатты сүйемін,

Бақытты сұлу өмірім,

Жас денемде жалын күш,

Көтеріңкі көңілім.

Қуанбасқа немене...

Өсірген соң, өмірім!..


Шыңына шықтым құлпырып,

Өмірдің биік дөңінің.

Құшақтаймын аймалап,

Жайнаған жас өмірім.

Құлпырамын құндыздай,

Көтеріңкі көңілім.

Ә. Есмағанбетов

Тапсырмалар:

  1. Өз арманың туралы ой бөліс.

  2. «Арман алға жетелейді» дегенді қалай түсінетіндеріңді айтып беріңдер.

  3. Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз..

  4. Б уын үндестігі бойынша жалғанған қосымшалардың астын сыз.


Shape4





Тапсырмалар:

  1. Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсың ба?

  2. Өздеріңнің қандай армандарың бар?

  3. Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  4. Арманға қалай қол жеткізуге болады?



Арман мен ақыл


Шіркін-ай, күйші болсам, Әлемге мәлім болсам,

Бал тамған бармағынан! Ашқан көп жаңалықпен!

Шіркін-ай, биші болсам, Көзіңнен күлімдеген

Шығып бір арманымнан! Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!

Шіркін-ай, әнші болсам, Алдымен Білім деген

Кәдімгі күміс таңдай! Бәйгеден озып келсең.

Шіркін-ай, батыр болсам, Актердің, ақынның да

Айбаты арыстандай! Жанына ғылым керек.

Шіркін-ай, ғалым болсам, Бүгінде Батырдың да

Тілдескен даналықпен! Өзіне білім керек.

Қ.Мырза Әли

Тапсырмалар:

  1. Кім болуды армандайсың?

  2. Білімнің арманға қандай қатысы бар?

  3. Өлең неге «Арман мен ақыл» деп аталған?

  4. Қандай сөздердің жазылуына ерекше назар аудару қажет?

  5. Орфография мен орфоэпия дегніміз не?

  6. Қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.


Тілім- менің тірегім

Ана тілім-ұраным,

Ана тілім-құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім.

Ана тілім- елдігім, Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілім- ерлігім. Ана тілін сақтаңдар!

Ана тілім болмаса, Ана тілмен безеніп,

Бүтінделмес кемдігім. Ата берсін ақ таңдар!

С.Кәттебайұлы

Тапсырмалар:

  1. Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

  2. Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

  3. Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

  4. «Туған тілім-бабам тілі, өз тілім» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Айтылу мен жазылуында өзгеріс бар сөздердің астын сыз.

  6. Мына мақал-мәтелдерді аяқта.

Өз білгеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, ...

Өнер алды-...

Жіптің ұзыны, сөздің ... жақсы.

Жүйелі... -жүйесін табар,

Жүйесіз ... иесін табар.

Мен елімді сүйемін

Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді.Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз-шексіз қияға өрлеп кете барады. Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балған балалық шақ! Күлдір-күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйіріліп ұшқан шағала!

Күннің қызғылыт шапағына бөленген үйлер - осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді ананың бесікте жатқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілрі, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелеріңнің тәтті әзілдері - осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! Туған елін, өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы. Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені Отан- алтын бесігіміз, ата-анамыз!

С.Мәуленов

Тапсырмалар:

  1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ»-дегенде нені түсінесіңдер?

  2. Сендерге өз елің несімен ыстық?

  3. Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?

  4. Туған жер мен Отан тақырыбына арналған қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

  5. Мәтіндегі сөздердің буын үндестігін көрсет.

  6. Мәтіндегі сөйлемдерге екпінін қойып жаз.


Туған жер


Туған жер-алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің

Мәңгі де бақи есімде.


Туған жер-алтын мекенім,

Бақытым сенсің аңсаған.

Мәңгі де бақи өтемін

Қарыздар болып мен саған.

Қ.Шаңғытбаев


Тапсырмалар:

  1. Өз туған жеріңнің артықшылығы туралы не айтасың?

  2. Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?

  3. Отанын қорғаған қандай батырлар бар?























Сурет бойынша әңгіме құра















Үлкен алдында қарызың, ата алдында бала қарызы-

әдеп пен сый

Тапсырмаларды сахналап көрсетіңдер:

  1. Туыстар арасындағы сыйластық.

  2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.

  3. Өзінен үлкендерге деген құрмет.

  4. Келген қонаққа деген құрмет.

  5. Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.


Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлау, сыпайы, ізетті болу, адамдарды ардақтау, елі мен жерін, ана тілін құрметтей білуінен танылады.


Қонақжайлық белгісі

Ел аузынан

Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп, қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

Түсіңіз деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң,

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,

Үшінші еткен құрметің.

Мейман риза болмағы,

Құрметпен үйге қонғаны.

Қонақжайлық сол-дағы.


Тапсырмалар:

  1. Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Құрмет кімдерге көрсетілу керек?

  3. Дыбыс үндестігіне талдау жаса.

  4. Бір сөйлемді буын түрлеріне ажырат.


Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырыңдар.


Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...---------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Аю мен тышқан

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып, құлағын баса қояды:

  • Менің құлағым-сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?

  • Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

  • Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,-деп аю күледі. Дегенмен, босатып жібереді...--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң- сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Е.Бағай

Тапсырмалар:

  1. Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді?

  2. Адамдар арасындағы мейірімділікті қалай түсінесің?

  3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығын қалай түсінесің?

  4. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашып жаз.

  5. Қатыгез сөзінің синонимдерін жаз.


Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл

Ш.Құдайбердіұлы

Адам өмірден өз орнын табуда талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденгіш болуы қажет. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.


Тапсырмалар:

  1. Адам талаптану арқылы қандай жетістіктерге жете алады деп ойлайсыңдар?

  2. «Талапты жетер мұратқа» тақырыбына эссе жаз.

Сенің қай балаға ұқсағың келеді?







































Білімге құштарлық


«Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы»

Осы мақал мәнісі

Қалай?-деп інім сұрады.

-Болғың келсе білімді,

Кітаппен достас мәңгілік.

Жадыңа білім жаңғырып,

Оятар сана- сезімді.

Танырсың жатты,өзіңді,

Ашарсың сөйтіп көзіңді.


Тапсырмалар:

  1. «Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы»,-дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Білімнің адам өмірінде қандай маңызы бар?

  2. Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

  3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

  4. Қарамен жазылған сөздерге лексикалық талдау жаса.

Ата-ананың ақылы,

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,

Сарқылмайтын көлмен тең

Халық мақалы

  1. Адамдарға ізет білдіріңдер!

  2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!

  3. Айтылған сөзге мән беріңдер!

  4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

  5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

  6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!


Ақылды тыңдай білу-өнеге

Біз-бақытты баламыз еркелеген,

Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең.

Туған жердің аймалап самал лебі,

Отан-ана біздерді мәпелеген.

Өнеріне халқымның бас иемін,

Тыңдап өткен бабалар өсиетін.

Мен-қазақтың баласы өнер сүйген,

Қадірлеген елінің қасиетін!

Еңбексүйгіш пен Еріншек


Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған екі адам болған екен.Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді, ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді. Сөйтіп, қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды.Оларды әулие өзіне шақырып алып:

  • Қане, маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші,-дейді.

Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп, ну орманды көрсетеді. Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштан отырғыза беріпті, содан орман өсіпті.Әулие Еріншектен сұрапты:

  • Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды,-дейді.Ал Еріншектің көрсетері жоқ. Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады. Әулие орнынан тұрып:

  • Енді әулие мына- Еңбексүйгіш болады,-депті.

Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді.

Сухомлинский В.А.

Тапсырмалар:

1. Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырыңдар.

2. «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.

4. «Адал еңбек», «еңбектің жеміс» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

5. Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер.


Даналық сөздерді оқып, мағынасын түсініп алыңдар!


  1. Шыдаған ғана іс тындырар

Сағди

  1. Еңбектің жеңбейтін ештеңесі жоқ

Дж. Бруно

  1. Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.

Ж.Ж. Руссо

4. Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.

Л.Винчи

5. Еңбек-қуаныш, жалқаулық- айрылмас азап.

Абай

6.Батыл болмай, батыр болмайды.

Халық даналығы

  1. Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл.

Абай

Асыл шөп

Ы.Алтынсарин

Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты. Зылиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиха айтыпты:

  • Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбаңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

  • Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым,-депті Бәтима

  • Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін,-депті Зылиха.

  • О л шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген,-депті Бәтима.


Тапсырмалар:

  1. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі

неде деп ойлайсың?

  1. Сендердің ойларыңша сабырлы

адам қандай болады?

  1. Зылиханың «сабыр» атты шөпті

таба алуы мүмкін бе?

  1. Қарамен жазылған сөздерге

лексикалық талдау жаса.

  1. Омоним, синонимі бар сөздерді

теріп жаз.




Мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді оқып, мағынасын

түсіндіріңдер.


  • Сабыр түбі-сары алтын,

Сақтаған жетер мұратқа.

  • Сабырлы жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

  • Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр-серігі.

М.Әуезов

* Сабырлылық-мінездің түп қазығы.

О.Бальзак


Сабырлылық- адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі. Сабырлы адам-ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.

Ешқандай жақсылық зая кетпейді

Үнді нақылы

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.


  1. Жақсы-...,

Әлемге бірдей.

  1. Жақсы келді дегенше,

... келді десейші.

... нышанын

Алып келді десейші.

  1. ... үлгісі

Жанып тұрған... .

... - ортақ, ... - ортақ, ...- ортақ.

Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.


Аңса жаным

Мен тілейін,

Жарқыным, сен де тіле:

Жақсылық орнасын деп жер бетіне.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.


Мен сағынам.

Сен-дағы сағын, жаным,

Адамнан тек жақсылық табылғанын.

Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың

АShape5 ңсаймын алқам-салқам қауымдарын.

М.Мақатаев



Жақсылық жасау- әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамда жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.


Тапсырмалар:

  1. Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы айтып беріңдер.

  3. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табыңдар.

  4. Асты сызылған сөзге лексикалық талдау жасаңдар.

  5. «Жылы жүрек», «ақ ниет» сөздерінің мағынасын түсіндіріңдер.

  6. «Жақсылықтан жақсылыққа» деген тақырыпқа эссе жазу.


Жұмбақтар


Қар кетіп, қыр көгерді,

Қыс қиқуы көбейді.

Жерге дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді.


Күн ысып, су жылынып,

Егін басын тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп.


Дала тегіс сарғайды,

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізд і түрініп.


Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.


Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада.

Шешуі: көктем, жаз, күз, қыс.




Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға,

Ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық.

Халық даналығы



Тапсырмалар:

  1. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы

дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының

артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  1. Сендер табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

  2. Мына тақырыптарға эссе жаз.

«Табиғат- өмір мәні», «Табиғат-өмір сәні»

  1. Табиғат туралы қандай мақал-мәтел, жұмбақтар білесіңдер?


Жау, жаңбыр

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жау-егіннің көгі өссін.

СShape6 ұлудай бұраң құрақты

Айдын шалқар көл өссін.


Ой мен қырдың шалғыны

Жатқан малды жасырсын.

ТShape7 абиғаттың көркіне

Таң қалып жан бас ұрсын.

Б.Майлин.


Тапсырмалар:

  1. Су адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  2. Су болмаса тіршілік, өмір болуы мүмкін бе?

  3. «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Асты сызылған сөздердің синонимін жаз.

  5. «Су-өмір көзі» тақырыбына эссе жаз.


Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат


Табиғатпен тілдессем

Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп

Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Қалу керек өмірдің шуағы боп.


Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.


Табиғатқа сондықтан еркелейміз,

Құлай сүйсек сақтаймыз, өртемейміз.

Мынау біздің ғажап тау баурайымыз,

Мынау біздің ғажап өлке дейміз.

М.Аяғанова

Тапсырмалар:

  1. Табиғат туралы өзің қалай толғанар едің?

  2. «Табиғат-екінші үйіміз» дегенді түсіндір.

  3. Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

  4. Белгіленген сөздердің антонимін жаз.

Жұмбақтардың шешуін тауып, адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы айтып беріңдер.

  1. Әдемі түнде

Мен жүрсем, жүреді бірге.

( ...)

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

( ...)

  1. Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

( ...)

  1. Бар ма, жоқ па- оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

( ...)

  1. Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың.

( ...)


















Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.

Денсаулық – өмір негізі


Денсаулық


Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке-тамыр жүйесі.


Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


«Басты байлық-денсаулық»-

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Е.Өтетілеуов


Тапсырмалар:

  1. Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

  2. «Денсаулық- өмір негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелер айтар едіңдер?

  4. Күн тәртібін қалай сақтайсың?

  5. «Денсаулық-зор байлық» тақырыбына эссе жазыңдар.

  6. Мына жағдаят туралы өз ойларыңды айтыңдар.


Жағдаят

Асан таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп:

  • Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?-деп кейіді.

А сан анасына:

  • Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?-деп жүре тыңдады.


  • Қалай ойлайсыңдар, Асанның айтқаны дұрыс па?

  • Сендер қалай тамақтанасыңдар?

  • «Күн тәртібі мен еңбек – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

















31


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!