400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тіл мәртебесі-ел мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»

Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Өнердің түскен жолына,

Жас досым саған мың сәлем.

Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!

Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.

Әнұран: барлық балалардың орындауында.

Бір өзіңнен бақыт нәрін алғаным-деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы,сөнбес шырағы,мол қазынасы,сан ғасыр тарихы бар,қасиетті тіл мен өнеріне арналған « Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

22-қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.Бұл барша елге ортақ,жалпы халықтың мереке,барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

-Балалар,қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.

-Тіл күнін.

Қане,балалар осы тіл мерекесіне ән-жыр тақпақтарымыздың арнайық.

Ортаға; Арайлым,Ерасыл, Альберт.

Арайлым

Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілімді сақтаған.

Ерасыл

Ана тілім-елдігім

Ана тілім-жүрегім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін.

Альберт

Ана тілің, арың бұл.

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің, бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

- Бас қала қай қала?

- Біздің қаламыз қалай аталады?

- Қай мектепке барамыз?

- Нешінші сыныпқа барамыз?

Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.

Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.

-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы.)

- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,



Жүргізуші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтармызды, тындайық.

Ермухан

Ана тілді білмесем

Шат-шадыман жүрмес ем

Жер бетінде сайраңдап

Қазақ болып жүрмес ем

Аделя

Уан,ту,сри.

Лет ,ли си.

Ху лайк коффи.

Ху лайк ти.

Айзере

Сүйесің өз тіліңді.

Боласың білімді.

Өз тілің үйретер

Ардақты тіліңді.

Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату-тәтті өмір сүруде деп айттық.Қазақстан-көп ұлттар мемлекет.Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық. Өздерінің тақпақтарын оқып береді:

Рамзан

Ана тілім-тірегім

Ана тілім жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін

Жүргізуші: «Тіл не үшін керек»?-деген сұраққа Ермуханмен Арайлым былай жауап береді.

Арайлым:Мен саған сұрақ қойғым келіп тұр? Осы тіл не үшін керек?

Ермухан:Досым-ау,тіл бір-бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.

Арайлым:Жарайды,онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?

«Неге ана тілді деп бөледі?»

Ермухан:Себебі:әр елдің өз Отаны,өз тілі бар емес пе.

-Балалар,сендер бір-біріңмен сөйлескенде қац тілде сөйлесесіңдер?

-Қазақ тіліңде,ана тіліңде сөйлесеміз.

-Неге,біз өз тілімізді ана тілі дейміз?

-Себебі,бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.

-Дұрыс айтасыңдар.Ана тілі дегеніміз,ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал,ана деген-бәрінен де,қастерлі,аяулы да,асыл жан.

Жүргізуші:Олай болса қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп,өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп,оны әлемге таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп мәдениетін қадірлейміз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.Әр ұлттың тілі,оның бақыты,тірегі.

Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдерді жаттаймыз.

Ақыл - азбайды,

білім - тозбайды.

Оқу білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Туған жер – алтын бесік

ЖүргізушіЕліміздің қазақ тілінің мәртебесін өсіріп,мемлекеттік тілді қастерлеп,мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонудына атсалып жүрген өзге ұлт өкілдқаншама.Әрқашанда ана тілімізді құрметтейік.Ана тілімізді ұмыту,бүкіл ата-бабамызды,тарихмызды ұмыту.Сондықтан балалар ана тілімізді ұмытпай,қастерлейік.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі