400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тіл мәртебесі-ел мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған мақалада қазақ тілінің мәртебесі туралы айтылған. Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп айтқандай тіл мәселесін қозғауды жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл мәртебесі-ел мәртебесі

 

«Ана тіліміз еліміздің тірегі мен жүрегі. Тіл – ұлттың мәңгі қалуының айғағы. Біздің тіл- бұл қазақ тілі. «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлтың өзі де жоғалады»  деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, туған тіліміздің бүгінгі жалғасқан ғұмыры, тіліміздің қазіргі жағдайы толғандырады. Кейінгі өскелең ұрпақ, ана тіліне менсінбей қарайды. Жас буын орыс тілінде сөйлегенге әуестік танытады. Бесіктен белі шықпай жатқан баласына ата-анасы телефоннан өзге тілді дүниелерді көрсетіп жатады. Оны көрген баланың да тілі орысшаға жақын болып, қазақ тіліне шорқақ болады. Мектеп жасына іліккен кезде бала қиналмасын деп, орыс мектептеріне береді. Осыдан орыс тілді қазағым шығады. Қазіргі таңда жасы да, кәрісі де тілін бұрмалап, орыс тілінде сөйлеп жатқанын көптеп көреміз. Ал осыдан кейін қайтіп ұлт болып жарытпақпыз?

Тәрбиенің бастауы отбасынан басталады, сондықтан ұлт тағдырын ойлаған әр қазағым біріншіден өзің түзеуі керек. Үйдегі үлкендер қазақи дәстүрді дәріптесе, бір-бірімен қазақша сөйлесе, бұл басқа тілді меңгеруге бөгет болмайды, керісінше тіл мәртебесі өседі. «Тіл бесікте бекиді, үйде қалыптасады , бойға ұялайды, шаңырақта шыңдалады, мектепте дамиды, сөйлегенде жетіледі, жазғанда қалыптасады» деген Асылы Османованың сөзімен толық келісемін.

Қазақ халқы барда, қазақ тілі де болады.Тіл қолданыста жүргенде өшпейді, қоғамда орнын тапқан тіл өседі, өркендейді. Қазір қай басылым бетіне қарасаңыз да, тіл мәселесі бірінші кезекте орын алып жатады. Мен өз ұлтымды, өз тілімді сүйемін, мақтан етемін. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешқашан ұмытуға болмайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі