400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл мен әдебиетті оқытуда оқушының айтылым дағдысын дамытуда жаңа технологияларды сабақта қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне сабақта оқушының айтылым дағдысын қалыптастыру үшін көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл мен әдебиетті оқытуда оқушының айтылым дағдысын дамытуда жаңа технологияларды сабақта қолдану»

Қазіргі заманауи ғасыр талабы - үздіксіз оқу, өзін-өзі дамыту. Бүгінгі білім саласындағы жаңа технологиялар мен әдіс - тәсілдері ұстаздың тек қана дәріс оқушы және 40 минут бойы сабақты түсіндіруші ретінде болып қалуына жол бере алмайды. Сонымен қатар шәкіртте оны тек оқытушы ретінде қабылдай алмайды. Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.

ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.

Сондықтан жоғарыда аталған мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болмақ.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріcтерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Тіл мен әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа технологиясын қолдану теориясы.

Оқу және жаңашылдық дағдылары күн сайын күрделеніп жатқан ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге дайын оқушыны осыған дайын емес оқушыдан айыруға көмектесетін дағды ретінде мойындалып отыр. Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудару маңызды.

  • Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)

  • Жаңа және құнды идея ұсыну

  • Оның құнын арттыру мақсатында өз идеяларын ұсыну, нақтылау, талдау және бағамдау.

ХХІ ғасырда адамдар технология мен мультимедиаға толы ортада өмір сүреді. Оның мынадай белгілерін атауға болады:

1) көптеген ақпаратқа қолжеткізуге болады,

2) технология құралдары жылдам өзгеріп жатады,

3) ынтымақтастық орнату және орасан зор жеке үлес қосу қабілеті.

ХХІ ғасырда нәтижелі болу үшін азаматтар мен жұмысшылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алу қажет.

АКТ қолдану. Білім қоғамында табысты қызмет ету мақсатында сандық технологияларды (компьтерді, планшетті, медиа-плейерді, навигация жүйелерін және т.б.), байланыс/желілік құралдарды және әлеуметтік желілерді ақпаратқа қол жеткізу, оны басқару, кіріктіру, бағамдау және құру үшін тиісті түрде пайдалану.

Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп аясында ұлттық сана қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Тіл мен әдебиет сабағында оқытудың жаңа технологиясы арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту.

Айтылым дегеніміз не?

Айтылым тілдік төрт дағдының бірі және ол жазылым сияқты продуктивті дағдыларқатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс тауып отырады. Қарапайым тілмен айтқанда, айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.Сөйлесу барысында кейбір біз әрекеттерді жиі қолданамыз және олардың тізімі төмендегідей:

1. Сөздерді дыбыстау

2. Сұрақтарға жауап беру

3. Интонацияны қолдану

4. Бірнәрсені түсінбеген жағдайда түсіндіріп беруді өтіну

5. Сөйлеген сөзін бақылау және өзін-өзі түзетіп отыру

6. Пікірталасқа қатысу

7. Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдану

8. Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу)

9. Адамдармен сәлемдесу

10. Сөйлеу сөзін жоспарлау (презентация жасау барысында)

11. Жест, мимиканы қолдану

12. Ақпаратты сұрау немесе айту

13. Грамматикалық тұлғаларды қолдану

14. Сөз және сөйлем екпінін қолдану

15. Сөйлеуші сөзін аяқтаған кезде, кезек алып сөз бастау

16. Оқиғаларды баяндап беру

17. Тілді сауатты қолдану

18. Сөйлемді қайта құрастыру (перифраза), яғни бірнәрсені айтып берудің басқа жолын қарастыру.

19. Сөйлеушінің сөзін бөлу

20. Сөйлеу барысында кідіріс жасап отыру

Жоғарыда айтылған тізімнен шығатын айтылымның ішкі дағдылары мынадай:

• Грамматиканы, сөздерді және қарым-қатынасқа түсу функцияларын (қарым-

қатынасқа түсу себебі мен мақсаты, мысалы: сәлемдесу, кеңес беру, кешірім сұрау,т.б.) қолдана білу;

• Сөйлеу барысында қажетті стильді қолдана білу;

• Сөздерді дыбыс үндестігінің ерекшелігіне сай айта білу;

• Вербальді емес тілді қолдана білу (ым-ишара, мимика);

• Мәтін түрлерін (жаранама, хат, мақала) жаза білу;

• Ауызша флуенттілік (нормаға сай жылдамдықта, аздаған кідіріспен,

қайталаулармен өзін-өзі түзете отырып сөйлесе білу және дыбыс үндестігін

табиғи түрде қолдана білу);

• Интерактивті стратегияларды ( сөйлесу барысында адамдарды қызықтырып,

тілдесуге тартудың жолдарын білу) пайдалана білу.

Айтылымның ерекшелігін білу мұғалімге оны терең дамытуға, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдана отырып сабақты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айтылымды сыныпта қолдану

• Айтылым әртүрлі ішкі дағдыларды қамтиды. Оқушылардың айтылымдағы жетістігі олардың әрқайсысын практикалық жаттығулар арқылы дамыту арқылы көрініс табады. Яғни айтылымның белгілі бір аспектісіне назар аударып, практикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы оқушыларға көмектесуге болады. Мысалы: интонация, флуенттілік, сөздерді қолдана білу, т.б.

• Бастапқы уақыттарда айтылым дағдыларының көп бөлігін жаттықтыру барысында бақылауға алынған практика әдісі қолданылады. Ол жаттығуларға сөздерді дауыстап айту, қайталау және сөздерді жаттап айту (есте сақтау) сияқты әдістер жатады. Бұл оқушыларға сөздерді, олардың дыбысталуын, грамматиканы айтылым барысында сауатты қолдануға көмегін тигізеді. Сонымен қатар қолданып тұрған сөздерінің дұрыс екенін білу оларға сенім ұялатады. Бұл әдістен басқа жартылай бақылауға алынған практика және еркін практика сияқты әдістер бар. Оларды кесте арқылы салыстыра отырып түсініп көрелік.

• Бақылауға алынған немесе шектелген практикалық жаттығу – сабақ барысында оқушылар тілдік бірліктің белгілі бір түрін ғана қолдануды үйренеді.

• Тілді сауатты қолдану үшін практикалық жұмыстар жүргізіледі.

• Жаттығулар тілдің белгілі бір формасына ғана негізделеді.

• Жартылай бақылауға алынған практикалық жаттығу – оқушыларға белгілі бір тілдік бірлікті қолданумен қатар өзге де форманы таңдау мүмкіндігі беріледі.

• Тілді сауатты қолдану және қарым-қатынасқа түсу үшін практикалық жаттығулар ұйымдастырылады.

• Тапсырма өмірге қажетті жағдаяттарға негізделеді.

• Еркін практикалық жаттығулар–қарым-қатынасқа түсуге қажетті еркін практикалық тапсырмаларды қамтиды.

• Тапсырмалар еркін сөйлеу тақырыптарына негізделеді

• Бақылауға алынған жаттығуларда мұғалімде оқушы қателігін түзетіп отыра алады,себебі бұл әдістің мақсаты сауатты сөйлеуге үйрету. Флуенттілікті дамыту барысында оқушы қателігін бірден түзетпеген дұрыс. Солай жасаған кезде ғана оқушы өз ойын жеткізіп, коммуникацияға түсе алады. Ал кеткен қателіктерді жазып алып (әсіресе сыныпқа ортақ), жаттығудан кейін сыныппен бірлесе отырып түзетуге болады.

• Флуенттілікті жаттықтыру кезінде оқушылар сөйлеу тақырыбын өздері таңдай алады және оны дамытуға арналған жаттығулар жоба жұмысы, пікірталас, мәселені шешу,себебін анықтау сияқты тапсырмалардан тұрады. Бұл тапсырмалардың барлығы да оқушыларға жаңа ақпараттарды бір-бірімен бөлісуге және қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді.

• Тілді жаңадан меңгеріп жүрген оқушылар үйренген сөздерін айтылым кезінде

қолдануда уақытты қажет етуі мүмкін. Кейбір сыныптар, әсіресе, жаңадан

үйренушілер, үнсіздік кезеңін бастан өткереді. Сол себепті де бастапқы уақыттарда оларға тілді көбірек тыңдауға, үйренуге уақыт беріледі, яғни сабақ барысында үнсіз, жай ғана тыңдаушы ретінде отыруына рұқсат етіледі. Алайда олардың түсінген түсінбегендігі ым-ишара қолдану арқылы тексеріліп отырады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы –  жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамын.

Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Сын тұрғысынан ойлау» «Мнемотехника», «Белсенді оқыту тәсілдері» «ЖИГСО»т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.

Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.

Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсам, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып тиімді – тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін.

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, дарынды балалармен жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, шығармашылығын бағытталған.

Сын тұрғысынан оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.

Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігін, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың жоба жұмыстары.

Осы орайда қазіргі қазақ тілі пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, дарынды оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.

Жалпы айтқанда сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:

– қызығушылықты ояту;

– мағынаны тану;

– ой толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы дарынды оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Сондықтан мұғалім үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
- мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
- ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Уақыт шеңбері
2. Кемпірқосақ топтары
3. Бес жол өлең
4. Құндылықтар спектрі

5. Стоп кадр
6. Қабырғадаы жазу
7. ЖИГСО
8. Венн диаграмма
9. Қос жазба күнделік
10. Борт журналы
11. Әлемді шарлау
12.Ой қозғау
13. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.
Бұрын шығарма, мазмұндама, жоба жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша, ауызша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың дарындылығы дамып, ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына сенімдіміз.

Қорытынды.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін, дарындылығын арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

«Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн «ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» деген пікірді білдіреді. Технологияның философиясын түсіну үшін осы жерде сыни ойлау ұғымның мәнін ашуға қажеттілік туындайды. Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсінікті бермейді. Бұл- шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни ойлау- өзіндік және жеке ойлау. Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады.


Әдебиеттер тізімі:

1. Үздік білім берудің жолдары // Мектеп директоры.- 2001 № 1 27-29 бет
2. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.

3.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
2705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі