400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл мен тәуелсіздік" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мен тәуелсіздік Қазіргі уақытта қазақ тілі ғылым мен білімнің тіліне айналып келеді. Күннен күнге мәртебесі артпаса кеміген емес. Әрине, заман ағымына қарай өзге тілдерді де білген абзал. Әйтсе де, ана тіліміздің абыройына нұқсан келтіріп алмайық. 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл мен тәуелсіздік

Қазіргі уақытта қазақ тілі ғылым мен білімнің тіліне айналып келеді. Күннен күнге мәртебесі артпаса кеміген емес. Әрине, заман ағымына қарай өзге тілдерді де білген абзал. Әйтсе де, ана тіліміздің абыройына нұқсан келтіріп алмайық.

Бүгінгі таңда тамыры тереңде жатқан қалың қазақ елінің тіл мәдениетін дамытуға, оны дәріптеуге, құрметтеуге деген көзқарасы күн өткен сайын артуда. Бұған дәлел – қоғамымыздағы мемлекеттік тілге деген сұраныстың біртіндеп өсіп келе жатқаны. Ана тіліміз мемлекеттік тіл деңгейіне көтеріліп қана қоймай, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы, біріктіруші күштердің біріне айналды. Қазақ тілі –мәдени, ғылыми, публицистика, ресми іс-қағаздар тілі болып саналады. Сондай-ақ мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал.

Туған тілінің тағдыры үшін тартысқа түспеген ұлт жоқ, себебі, тіл – ұлттың жаны, бойындағы рухы. Сондықтан әрбір азамат ана тілін жетімсіретпей, босағадан төрге, төменнен биікке көтеруге тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен баға жетпес мұраны қастерлеуіміз қажет. Қарап отырсаңыз, қазақ тілі халқымыздың әр кезеңдегі қоғам қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындарының жыр арқауына айналған. Оған дәлел Мағжан Жұмабаевтің «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады» деген сөзі. Ақынның айтқандары жүректі тербемей қоймайды. Қазақ халқының тіршілігінің тірегі болған қазақ тілі, талай ғасырларды басынан кешірді, тарих тезіне де төтеп берді. Ата – бабамыз аттың жалында, атанның қомында жүріп қорғап, шұрайлы да көрікті, өткір қалпында кейінгі ұрпағына аманат ете білді.

Атадан балаға мұра ретінде беріліп келе жатқан ана тілімізді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу бағытында мемлекеттік ұжымдарда, мекемелерде тілдің заңды мәртебесін көтеру тиіс. Жастардың әдебиетін, мәдениетін насихаттау, қадірін дәріптеу, оқып-үйренуге деген ықыласын арттыру бағытында жұмыстар алға қойылуы шарт. Сол кезде ғана туған тіліміз Мәңгілік Елмен бірге мәңгілік өмір сүрері анық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі