«Тіл мерейі, ел мерейі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл мерейі, ел мерейі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тіл мерейі, ел мерейі» Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

04.09.2023

Класы, жетекші

6 А

Сабақтың тақырыбы

«Тіл мерейі, ел мерейі»

Мақсаты

Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту.

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)











1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Стикер арқылы 3 топқа бөліп алу. Ең алдымен 3 топқа бөлінейік. Мен сіздерге қазір стикер таратамын, кімде бірдей стикерлер болады солар бір топта жұмыс жасайды. (Оқушылар топқа бөлінеді).

Ол үшін оқушылар стикерге жазылған Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі тақырыптарын таңдап алады.

І топ. « Қазақ тілі»

ІІ топ. « Орыс тілі»

ІІІ топ. « Ағылшын тілі »

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.





Негізгі бөлім

(25мин.)


-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.


-«Зымырансұрақтар» кезені.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп сайысымыздың бірінші кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І топ

1. Батыр сөзінің синонимін ата?

(ержүрек, батыл, жаужүрек)

2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)

3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

4. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көнесөздер)

6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

ІІ топ

1. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

3. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)

4. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)

5. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)

6. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер).

ІІІ топ

1. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2. «Жаны зәртүбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

3. Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер (антоним)

4. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

6. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады, .....


-«Жеті жұрттың тілін біл» кезені.

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

І топ

1. Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)

3. Үнемі ауызда бұл тыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)

ІІ топ

1. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян - заяц - carrot)

2. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)

3. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,

Тоны бар, киетін шапаны жок,

Пайдасы үйішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (Мысық - кот - cat)

ІІІ топ

1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)

2. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)

3.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)


-«Көркемсөз» сайысы.

Әр топ тілдер туралы дайындап келген өлеңдерін оқиды.

«Суреттер сөйлейді»(тілді қорғау, дамытуға байланысты сурет салу)




Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.






























Оқушылар жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.




















Оқушылар тілдер туралы дайындап келген өлеңдерін оқиды.



Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

Бүгінгі сынып сағатымыз соңына келіп жетті. Сіздерге таратылған қызыл және жасыл түсті қағаздар арқылы өз алған әсерлерінді білдіре аласындар. Сынып сағаты ұнаса жасыл қағазды көтерініздер, сынып сағаты жалықтырарлық болса қызыл қағазды көтерініздер.

Сынып сағатымызды қорытындылай келе әрқашан адал болуымыз керек. Қандай жағдай болмасын адал жолмен жасау керек. Қазақта «Адалдық – ардын ісі» деген сөз бар. Ар-намысымыз жерге тапталмас үшін адалынан нан тауып білуіміз керек. Адал дос пен амал досты ажырата білуіміз керек. Өмірімзде ең маңызды тандаулардын бірі - дос тандау. Сол себепті досты дұрыс тандай білейік.

Сау болыңыздар!


Карточка бойынша өз қорытындыларын жасайды.


Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.








.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2024
351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі