400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тіл мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тіл мерекесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Сарыағаш ауданы

МКҚК №2 «Ертөстік» балабақшасы









Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі







Тақырыбы: “Тіл- татулық тірегі”

Тәрбиеші: Анарбай Ф









2021-2022ж













Тіл- татулық тірегі

Тақырыбы: “Тіл- татулық тірегі”

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен,шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
.Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.жақсы

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар

Тәрбиеші: Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

-Атап айтыңдаршы?

- Жаз,күз көктем,қыс

-Қазір жылдың қай мезгілі

- Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

-Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазане, қараша.

-Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдр ме?

-Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі

“Тілден артық қазына жоқ

Тілден артық қасиет жоқ”

-Балалар,біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

ҚР Елбасы кім?

-Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқакв

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,бәріміз мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды

-Жарайсыңдар,балалар,Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.Өз тілімізде сөйлеп өзге тілді құрметтеуіміз қажет.

-Балалар мен сендерге қызықты ойындар алып келдім,қане бірге ойнайық

Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»

Мақсаты: Балалардың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.

Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.

Дидактикалық ойын: «Шарды үрлеу»

Мақсаты: Балаларды сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету

Ойын шарты:Тәрбиеші балаларға шар таратып бередіОны балалар дұрыс тыныс алып үрлеуі керек.

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.



Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз  өз мәресіне жетті.Оқу қызметіне жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі
: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын



.









.













.











.



























































.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 наурыз
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі