Материалдар / "ТІЛ МҮКІСТІКТЕРІНІҢ СЕБЕПТЕРІ" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕCКЕ БАЯНДАМА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ТІЛ МҮКІСТІКТЕРІНІҢ СЕБЕПТЕРІ" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕCКЕ БАЯНДАМА

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедтерге, тәрбиешілерге, бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2020
1125
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕCКЕ БАЯНДАМА


Жұмабекова Әсел Нұрланқызы

мұғалім-логопед,

түзету психологиясы саласының

(PhD) философия докторы


ТІЛ МҮКІСТІКТЕРІНІҢ СЕБЕПТЕРІ

Қазіргі заман талабына сай адам затына үлкен міндет жүктелген. Баланың жарқын болашағы үшін, ол жан-жақты дамып, жетілуі тиіс. Алайда, қазіргі көрсеткіштерге сүйенсек, бала тілі кеш шығып, дамымай қалғаны жиі кездеседі.

Сөйлеу қызметінің құрылымы өте күрделі және келесі процестерден тұрады:

- фонетикалық (дыбыстық) немесе сөйлем шығару;

- фонематикалық (сөз мағынасын тану);

- лексикалық-грамматикалық.

Тіл мүкістіктері аталмыш процестердің жекелеген немесе комплексті бұзылуларына байланысты болады. Тіл мүкістіктеріне себепші факторлардың арасында түрлі жағымсыз эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) себептерді ажыратады.

Сондай-ақ, сөйлеу қызметінің бұзылуына туа біткен патология әкеліп соғуы мүмкін: тұқымның гипоксиясы, жарақаттануы; жүкті ананың жеріктіктері, вирусты және эндокринді аурулары, түрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауы, арақ ішіп, темекі шегуі және наша қабылдауы; ана мен ұрықтың қандарының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі.

Тұқымқуалаушы факторлар да тіл мүкістіктерінің пайда болуына себебін тигізеді. Баланың алғашқы кезеңіндегі түрлі аурулар (инфекциялық-вирусты, менинго-энцефалиттік т.б.), бас сүйегінің жарақаттары, ми шайқалуы, оның қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, жағымсыз тіл қоршауы түрлі сөйлеу қызметінің бұзылуларына әкеледі.

Соңғы кезеңде бала тілін кешіктіретін сөйлеу ортасы, билингвизм (екі тілде сөйлеу) мәселесі. Қазақстан халқында осы мәселе өзекті.


ҰСАҚ ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСЫ

Кішкене балаға көп шектеулік, болмаса көп еркіндік береміз. Баланың іскерлігін арнайы мақсат қойып, орындау керек. Бала барлығын қолына алып, ұстап көргісі келеді, қоршаған айналамен осылай танысады. Сонымен қатар, қол әрекеті тек қабылдау функциясы емес, тағы да шығармашылық жүйелерге жауапкер мүше. Кеңістікті бағдарлауы, заттың сынын, пішінін, көлемін білу де затты ұстаудан басталады.

Ұсақ қимылын дамытатын ойындарды жиі қолданған жөн, себебі тіл мүкістігі бар балалардың ұсақ қол қимыл-қозғалысының дамуы да кешігеді.

Қол қимылының әрекеті тек қолдағы шиеленісті ғана тоқтатпайды, ауыз бұлшықтарының шиеленісін жоюға себепкер болады.

Қолдың қимыл-қозғалысын дамытатын жолдар:

1. Уқалау. Уқалауды жаңғақ, шырша жаңғақтары, қырлы қарындашпен жасауға болады. Шығыс медицинасының соңғы жетістіктерінің бірі – Су-Джок акупунктурасы (нүктелі әсер ету). Су – алақан, Джок – табан. Су-Джок терапиясы өз-өзіне көмек беру әдістерінің бірі. Су-Джок жүзіктерімен саусақтарға уқалау жасаған ыңғайлы.

2. Саусақ ойындары. Халық ауыз әдебиетінің шумақтарын пайдалану. Саусақ ойындары тек қимылды дамытып қана қоймай, сөз қорын байытады. Мысалы:

1) Мынау – біздің Атамыз! (Бас бармақты көрсетеміз)

Мынау – біздің Әжеміз! (Балаң үйректі көрсетеміз)

Мынау – біздің Әкеміз! (Ортаң теректі көрсетеміз)

Мынау – біздің Анамыз! (Шылдыр шүмекті көрсетеміз)

Мынау – Мен болам! (Кішкене бөбекті көрсетеміз)

Міне – Менің Жанұям! (Алақанды ашып, барлық саусақтарды көрсетеміз)

  1. Екі алақан бір-біріне қарап тұрады

Сәлем. Ата! (Бас бармақтарды бір-біріне тигізу)

Сәлем, Әже! (Балаң үйректерді бір-біріне тигізу)

Сәлем, Әке! (Ортаң теректерді бір-біріне тигізу)

Сәлем, Ана! (Шылдыр шүмектертерді бір-біріне тигізу )

Сәлем, бала! (әр бала өз атын айтады) (Кішкене бөбектерді бір-біріне тигізу)

3. Жіпті тізу, өткізу, байлауға арналған ойындар. Осы ойындар баланың бағдарлаулы қимылын дамытуға әсер етеді.

4. Бояу кітапшалары. Бояу арқылы бала қарындашты ұстауға ғана үйренбей, алғаш жазу, графикалық әрекеттерінің дағдыларын қалыптастырады.

5. Жапсыру әрекеттері, ермексаз, қамыр, топырақпен жұмыс, араласып жатқан заттарды орнына салу, пішіндерді ұяшықтарына орналастыру.

Ұсақ қол қимылдарын дамыту жолдарының алуан түрі бар. Ең бастысы - әр ойын баланың жас ерекшеліктеріне сай, түзетушілік, тәрбиелік, оқыту мақсаттарын орындайтын, реттік орнымен қолданылатын қағидаларын ұмытпау.

Құрметті ата-ана, егер балаңыздың тілінің дамуында ауытқу байқасаңыз міндетті түрде білікті маманның кеңесін алыңыз. Неғұрлым логопедттік-түзетушілік жұмыстар ерте және уақытылы басталса, соғұрлым нәтижелі болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!