400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Тіл құдіреті" үйірме жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі пәні бойынша үйірме жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

«Тіл құдіреті» үйірмесі бастауыш сынып оқушыларының ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, сөз өнеріне баулуға бағытталған. Үйірме жұмысы арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары дамиды, сөздік қоры кеңейеді, көркем әдебиетке қызығушылығы артады.

Үйірме оқушының тілге деген құрметін арттырып, шешен сөйлеуге, еркін ой жеткізуге үйретеді. Тілдік тұлға ретінде қалыптасуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне жағдай жасайды. Сондай-ақ оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін арттыру мақсат етіледі.



Мақсаты:

- Ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру;

- Тілдік қорын байыту, сөз саптау мәдениетін дамыту;

- Көркем шығармалармен жұмыс жасау арқылы эстетикалық талғам қалыптастыру.



Міндеттері:

- Мақал-мәтел, жаңылтпаш, шешендік сөздермен жұмыс жүргізу;

- Мәнерлеп оқу, шығарма жазу, сахналық көрініс дайындау;

- Топтық және жеке жұмыстар арқылы тіл байлығын дамыту;

- Қазақтың сөз өнерін терең түсінуге мүмкіндік жасау.



Күтілетін нәтиже:

Оқушы ана тілін қадірлейтін, сауатты сөйлеп-жаза алатын, тілдік мәдениеті жоғары тұлға ретінде қалыптасады.













«Тіл құдіреті» үйірме жұмысының күнтізбелік тақырыптық жоспары

Жалпы сағат саны: 34

Аптасына: 1 сағат


Мақсаты: Оқушылардың сөз өнеріне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын байытып, көркем тілде сөйлеуге үйрету


№


Оқушылардың аты - жөні


с/с



Мерзімі


Мақсаты

1

Кіріспе. «Тіл құдіреті» үйірмесімен танысу

1


Үйірменің мақсаты мен маңызын түсіндіру

2

Ана тілі – асыл мұра

1


Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру

3

Сөз қадірін біл

1


Сөз мағынасын, салмағын сезіну

4

Мақал – сөздің мәйегі

1


Мақал-мәтелдермен танысу

5

Мақалдан мән іздейік

1


Мақалдарды талдау

6

Дыбыстап оқу шеберлігі

1


Анық, көркем оқуға үйрету

7

Шешендік сөздер әлемі

1


Қазақ шешендерінің сөз

8

Аңыздар – ұлттық рухтың айнасы

1


Аңыз әңгімелерден тіл байлығын дамыту

9

Жұмбақ шешу – зеректік

1


Логикалық ойлау мен тіл дамыту

10

Жаңылтпаштар әлемі

1


Тілдің икемділігі мен анықтығын дамыту

11

Тіл дамыту жаттығулары

1


Сөз тіркесі, сөйлем құрау

12

Эссе жазуға дайындық

1


Өз ойын жазбаша жеткізуге дағдыландыру

13

«Менің тілім – менің байлығым» эссе жазу

1


Тақырып бойынша шағын шығарма жазу

14

Көркем әдебиеттегі тіл шеберлігі

1


Мәтіннен көркем сөздерді табу

15

Өлеңді мәнерлеп оқу

1


Өлең құрылымын түсіну, жаттау

16

Тіл – татулық тірегі

1


Тіл мен бірлік тақырыбын талқылау

17

Тіл – ұлттың жаны

1


Топтық жұмыс, көрініс

18

Қысқаша ертегі құрастыру

1


Креативті сөйлеу мен жазу

19

Мәтінді сахналау

1


Рөлмен сөйлеу, мәнерлеп оқу

20

Диалог құра білеміз бе?

1


Сұрақ-жауап, диалог

21

Қисса-дастандардан үзінд

1


Көркем тілмен танысу

22

Көп мағыналы сөздер

1


Мағынасын ажырату

23

Сөздік қорды байытамыз

1


Белсенді лексиканы кеңейту

24

Сөйлеу мәдениеті

1


Қоғамдық ортада сөйлеу әдебі

25

Әзіл мен тапқырлық

1


Сатирикалық сөздер, мысалдар

26

Сөз өнері – өнердің төресі

1


Тіл өнері жайлы түсінік

27-28

Ашық диктант

2


Есту, жазу, сауаттылық

29

Сөйлем құра білеміз бе?

1


Құрылым, грамматикалық негіз

30

Мәтін құрастыру

1


Тақырып пен мазмұн байланысы

31

Автор болайық

1


Өз шығармасын жазу

32

Тіл тазалығы

1


Қате сөйлемдерді түзету

33

Қорытынды шығармашылық жұмыс

1


Үйренгендерін бекіту

34

Қорытынды. Үйірме жұмысына талдау

1


Бағалау, кері байланыс

































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. Абай Құнанбайұлы. Қара сөздер. – Алматы: «Жазушы», 2005.

2. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы: «Атамұра», 2006.

3. Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. – Алматы: «Ана тілі», 1992.

4. Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1999.

5. Қазақ әдебиеті. Оқулықтар мен хрестоматиялар. – 4-сынып, «Атамұра» баспасы, 2021.

6. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы: «Рауан», 2007.

7. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: «Санат», 1997.

8. Жанпейісов Е. Қазақ прозасындағы ұлттық характер. – Алматы: «Ғылым», 1981.

9. Интернет ресурстар:

- www.kazgazeta.kz

- www.kitap.kz

- www.adebiportal.kz

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 қыркүйек
233
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі