"Б.Исадилов атындағы жалпы
орта білім беретін мектебі"КММ
БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН
ҚАРАЛДЫ
Мектеп директоры Оқу ісінің
меңгерушісі Қазақ тілі Ә. Б жетекшісі
Тасжүреков А.Ш Сембинова Г.Т
Жүнісова Р.Т
___________ ___________
_____________
Тіл сайысы"
Сөзмерген"
Өткізген: Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Нұрболат
Шакимардан
2017-2018 оқу
жылы
Тіл
сайысы-"Сөзмерген"
Күні:
Пәні: Қазақ тілі мен
әдебиеті
Сыныптар:5-11
Сабақтың
мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін
көтере отырып, оқушылардың тілге деген ықыласын арттыру үшін
танымдық ойын өткізу.
1.Білімділік.
Оқушылардың
тапқырлығын,ойларын жылдам жеткізуге және тілдік шеберліктерін
арттыру мен рухани білімін жетілдіру.
2.Тәрбиелік: Өз Отанымызды құрмет
тұтуға,тілімізді, дінімізді жандандыруға, елдің азаматы болуға
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:
Қабілеттік пен
белсенділіктерін, танымдық, біліктілік дағдыларын
дамыту
Сабақтың
типі: сайыс
сабақ
Сабақтың
түрі: білімді
тексеру
Сабақтың
әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
баяндау
Сабақтың
көрнекілігі: Сандықша, слайдтар,
жазбаша сөздер, шарлар
Пәнаралық
байланыс: қазақ әдебиеті,
тарих
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдстыру:
Жүргізуші: Арма ардақты
ағайын! Алқалы жұрт көз көрген, тіл сайысы басталады "сөз
мерген".
Қатысушыларды екі топқа
бөліп, ойынның шартымен түсіндіру. Ойынымыз 4 кезеңнен
тұрады.
І. "Жүйрік болсаң шауып
көр"
ІІ."Мықты болсаң тауып
көр"
ІІІ. "Ойлы болсаң озып
көр"
ІV."Өнерлі болсаң жарып
кел"
Ойынды қай топ бастайтынын
жеребе арқылы анықтау.
І
Кезең: "Жүйрік болсаң шауып
көр" . Бұл бөлімде мақалды
жалғастырады. Әр топқа бес мақалдан. Айтылған дұрыс жауаптар 10
ұпай, толық болмаса 5 ұпаймен
бағаланады.
1-топ
1. Көре-көре көсем
болады,
Сөйлей-сөйлей шешен
болады.
2.Шаруа қуған олжаға
жолығады,
Сөз қуған пәлеге
жолығады.
3.Аңдамай
сөйлеген,
Ауырмай
өледі.
4.Жүйелі сөз-жүйесін
табар,
Жүйесіз сөз-иесін
табар.
5.Жақсы байқап
сөйлер,
Жаман шайқап
сөйлер.
2-топ
1. Тіліңмен
жүгірме,
Біліміңмен
жүгір
2. Тау мен тасты су
бұзар,
Адамзатты сөз
бұзар.
3. Қолымен қосаяқ
соққан,
Аузымен орақ
орады.
4. Жыланның тілі
айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі
айыр.
5.Ер жігіттің екі
сөйлегені- өлгені,
Емен ағаштың иілгені-
сынғаны.
3-топ
1.Жеті жұрттың тілін
біл...
Жеті түрлі білім
біл
2.Тілден артық-қазына
жоқ,
Тілден артық-қасиет
жоқ
3.Әншейінде ауыз
жаппас,
Той дегенде өлең
таппас.
4.Жылы жылы
сөйлесең,
жылан іннен
шығады
5. Тіл тас
жарады,
Тас жармаса бас
жарады.
ІІ
Кезең Жүргізуші: "Мықты болсаң тауып
көр"
Тұрақты сөз тіркестердің
мағынасын ашу. Әр топқа 5 сөзден. Бағалау 5,10 ұпай жауапқа
қарай
1-топ
1. Тайға таңба
басқандай
2. Таяқ тастам
жер
3. Жер соқтырып
кету
4. Асығы алшысынан
түсу
5. Ит
жанды
2-топ
1. Су
жұқпайтын
2. Сөзінің арасынан қыл
өтпейтін
3.Жаны мұрнының ұшына
келді
4. Жұмған аузын
ашпады
5. Шашбауын
көтерді.
3-топ
1.Құлақ қағыс
етті
2.Аузы
қисаймады.
3.Аузымен орақ
орған,
4. Сөзі түйеден
түскендей
5. Көзіне көк шыбын
үймлетті
ІІІ
кезең Жүргізуші: "Ойлы болсаң
озып көр" Бұл бөлімде берілген сөзден басқа сөз құрап шығару керек.
5-10 ұпай жауапқа қарай
1-топқа: "Тойбастар" деген сөзге
құрау
Той,бас, тар, ар,тас, тор,
тос, баста, ас, ой
2-топқа:" Қарындас" деген сөзге
құрайды
Қар, ас,дар, аса, ық, нас,
дарын, ала, ада, сақ,
арақ, ыс, ары,
дала
3-топқа: "Ақсарбас" ақ, сар, бар,
қас, тас,ас
IV
кезең Жүргізуші: "Өнерлі болсаң
жарып кел" Осы бөлімде сайысқа қатысушылар өз өнерін көрсетеді.
Аталған бөлімде ақын-жазушылардың шығармаларын оқу, жатқа айту,
көсем сөз оқу.т,б тіл өнерін
көрсетеді.
Сабақты,
бекіту:
Сонымен сайысымыз мәресіне
жетті. Сөз мергеннің қорамсағына салатын сөз бар
ма?
Сабақты
қорытындылау.
Осындай ұлттық ойындар
тапқырлық пен ұшқырлықты талап етпек.Ендеше, жеңіске жеткен топты
құттықтап сый береміз. Әрқашан осындай ойынға қатысып
жүріңдер.
Сөзмергеннің жүлдесі
сендерге,
Сөзі халыққа
болсын.
Нұрболат
Шакимардан
қазақ тілі мен
әдебиеті
пәні
мұғалімі