400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Тіл тағдыры-ел тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл тағдыры туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл тағдыры-ел тағдыры

Тіл тағдыры – қашан да ел тағдыры. Ата-бабамыз барлық тірлігін, іс-қимылын, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп отырған, яғни, қандай жағдай болмасын сөзге тоқтаған. Сөзді ең бірінші байлық деп есептеген. Бірнеше тілді білу – байлық, өз тіліңді білмеу – қорлық екенін терең түсінетін кезең де келді.

Тәуелсіздік туын желбіретіп, әлемдік мемлекет қатарына қосыла бастағанымызда ұлттық құндылықтарымызды аялай алмасақ, елдігімізге сын болмақ, сол ұлттық құндылықтарымыздың негізгі тірегі – тіл екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. Ал осы тіліміз - Тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы екенін біле тұра оны тиісті деңгейге көтере алмай келеміз.
Қазақ елінің қоғамдық өмірінде ана тілінің хал-ахуалы туралы сөз болғанда, оның мемлекеттік тіл мәртебесін алып, өзіндік тұрғыда ресми түрде мойындалғанымен, қоғамдық пікірде әлі де қанатын кеңге жая алмай келе жатқаны жиі айтылады. Ол, әсіресе, үш тіл арасындағы мәселе көтерілгеннен бері көп талқыланатын болды.
Елбасымыздың Қазақстан халқының келешегі қазақ тілінен басқа кем дегенде орыс және ағылшын тілдерін білуіне байланысты болатынын айтудың зор стратегиялық мәні бар екені айдан анық. Қазір үш тілділіктің түпкі мәнін алдымен өзіміз терең ұғынуымыз керек. Бұл не деген сөз? Таяз ойлаған адамға бұл тым артық талап сияқты көрінер. Расында да, бүгінде мемлекеттік тілдің өзі өз дәрежесінде болмай отырған кезде, екі емес, үш тілді алға тосу кей адамға әуелде сәл қонымсыз нәрсе сияқты
көрінетін шығар, бірақ балаларының ертеңгі өмірі, нұрлы болашағы туралы жан-жақты ойлаған әр адам өскелең ұрпақты өркениетпен байланыстыратын құрал екенін ұғынары сөзсіз. Ал қасиетті қазақ тілімізді қастерлейміз десек, оған көптілділік ешқашан кедергі емес. Ана тіліміздің абыройын асқақтату әрбір қазақтың ар-намысына тікелей байланысты дер едім. Ал үш тілділік кедергі келтірді деу қазақ тіліне қырын қарайтындардың жай бір сылтауы сияқты көрінеді.
Қазақ тілі, бұл – ұлттың белгісі, елдігіміздің айғағы, сондықтан оны білу басты міндет болса, қалған екі тіл – біздің еліміздің болашақ дамуына, әсіресе, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуымыздың өзіндік орны бар тілдер. Оқу-білім осы үшеуімен толыспақ. Халықаралық тілдерді меңгермеу озық тәжірибеден бос қалу деген сөз. Сондықтан Елбасымыздың көп тілділікке шақыруының мәні осында деп түсінуіміз керек. Сонда бұған қалай, қандай жолдармен, қашан қол жеткіземіз? Осыған келгенде күмәнды ойлар алдымызды орап, кесе-көлденең келе беретіні рас.
Елдің аузында мәнін жоғалтпайтын «Бәрі де адамына байланысты» деген киелі сөз бар. Бұл да тарих дәлелдеген шындық. Ұлттық тілді жүрегінде от-жалыны бар, Отаны үшін жанын пида етуге әзір, кеудесінде ұлттық рухы бар қазақ қана қадірлеп, қастерлей алады.
Тіл мәселесі көтерілгеніне неше жыл болды. Елбасының тапсыруымен бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Жарлықтар шығарылды. Үкімет қаулылар қабылдады. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі Президент қоры құрылды. Бірақ елімізде мемлекеттік тілді қолдану аясы көңіл көншітпей отыр. Мұндай алаңдаушылыққа себеп болған жағдай, ол – қазақ тілінің қоғамдағы орны, мемлекеттік органдардағы қолданылу деңгейі.
Өзгенің тілін өздерінен артық біліп тұрсақ та, сол өзге ұлт болып кетпейтініміз белсенеден белгілі. Қазақшылықты қор санап, менсінбеушілікпен, мұрнын шүйіріп қарау салқынынан арылатын кез келді. Өзінің тамырынан ажырап, тілін білмеген баланың ертең елдің басына келіп, халықты қарық қыларына кім де болсын күмәндана қарайды.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!». Бұл аталы сөзді толғауы тоқсан қызыл тілімізге қаратып айтуымызға болады. Өйткені, тәрбие тал бесіктен басталады. Ұрпақтың бесігі төл тіліміздің әлдиімен тербелсе, осы арқылы сәби де өз тілін сүймей ме?
Елбасымыздың: «Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір арымыз да, нарымыз да», – деген сөздерін еске түсіре отырып, тіліміздің құдірет-қуатын кемітпей, оның рухын асқақтата берейік!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі