Материалдар / «Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс, 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс, 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты:  оқушылардың өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

 

Жүргізуші:                           

                                  Туған тілім –тірлігімнің  айғағы,

                                  Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                                  Өссе  тілім, мен де бірге өсемін,

                                  Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-

 

демекші Тіл - өте  маңызды  құрал.Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге  жеткізе алмас еді.Өткен  тарихымыз, халқымыздың әдет- ғұрыптары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазақстан Республикасының мемкеттік тілі қазақ  тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының азаматының парызы.

 

Жүргізуші: - Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдыңызға «Тіл талапкері» атты сайымыздың қатысушыларын шақырамыз. Қошемет етіңіздер!

(Қатысушылар өздерің таныстырады.)

Әділқазылармен таныстыру.....

 

Жүргізуші:Бүгінгі сайыс 4-кезеңнен тұрады.

   1-кезең «Бәйге»

   2 -кезең « Мақал – мәтелдер» сайысы

   3 -кезең «Дода»

   4 -кезең «Көкпар»

    

1-кезең. Бәйге ׃ Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, 1-кезеңді бастаймыз.

Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңдаңыздар.Бұл кезеңде апталығымыз Ж.Молдағалиев пен Ж.Нәжімеденовке арналғандықтан сұрақтар осы екі тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан болады, әрбір сыныпқа 6 сұрақтан қойылады . Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

           

7 «Б» сыныбына:

1. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов  кім? (Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.)

2. 1956-59 жылдары қандай оқу орнында оқыған? ( Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған)

3. 1964 жылы жарияланған поэмасы («Мен – қазақпын» атты поэмасы)

4. 1970 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болған поэмасы.(«Кісен ашқан» поэмасы үшін)

5. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде қандай романдары басылып шықты? («Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды)

6. 1956 жылы Алматыда, белгілі шаңқобызшы Гүлсара Піржанованың үйінде жазған әні қалай аталады?( «Менің Қазақстаным»)

7 «Г» сыныбына:

1. Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы жинағы қашан, қандай атпен жарық көрді? Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді.)

2. «Менің Қазақстаным» әні қанша жасында жазылды? (Оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған)

3.Қай жылдары Ж.Молдағалиев Кеңес армиясы қатарында Ұлы Отан соғысына қатысқан? (1940-47 жылдары)

4. Жұбан Молдағалиев қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?(1920 жылы 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Тайпақ қазіргі Ақжайық ауданының Жыланды деген жерінде дүниеге келген)

5. «Менің антым», «Кел, жолдастар, жырлайық» өлеңдері қай жылы, қай баспада жарық көрді? (1939 жылы облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде)

6. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов қай жылы қай өңірде дүниеге келген?

(28 қараша1935 жылАтырау облысыҚұрманғазы ауданы Қошалақ - 22 қараша1983 жылАлматы)



7 «Д»сыныбына:

1.Ж.Молдағалиевтің тұңғыш жинағы? (1949 жылы «Жеңіс жырлары»)

2. «Қазақстанның халық жазушысы» атағы қашан берілді. (1985жылы)

3. Қай жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болған?( 1948-1952жылдары)

4. Ж.Молдағалиев 1958-1963 жылдары қандай қызмет атқарды? (Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін атқарды.)

5.«Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.Қай жылы, қай күні? (2006 жылдың 11 қаңтарында)

6. 1978-83 жылдары қандай қызмет атқарған? ( «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған)

2-кезең. «Мақал –мәтелдер» сайысы. Бұл кезеңде ойыншылар кезекпен тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады. Егер оқушы тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді.Кім қанша мақал айтса, сонша ұпай алады.Әр жауап үшін 1 ұпайдан беріледі.Оқушылар 1минут ішінде 25-28 мақал- мәтелдер айтты.

3-кезең. «Дода» деп аталады. Мұнда бізде 10.20.30 ұпайы бар ұяшықтары бар. Әрқайсысында қазақ тілі мен әдебиетінен 3 сұрақтан қойылады. Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады. Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Бірінші болып ұяшықты ұпайы көп ойыншы таңдайды.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса , басқа ойыншылардың  жауап беруге мүмкіндіктері бар.

 

                                                 10 ұпай

1.Жәдігер сөзінің мағынасы

2.Үндестік заңы дегеніміз не?Үндестік заңының түрлерін атаңыз

 3.Фразеологизм дегеніміз не?.

      

                                                   20 ұпай

1. «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін кім жазды?

2. Етістіктің тұлғасына және құрамына қарай түрлерін атаңыз.

3. Бортағашұлы Жиембет інісі Жолымбет Есім ханмен бастас қалмақ ханының оған жіберген сұлу қызын өзіне жеткізбей, орта жолдан барымталайды...Қандай жырдан үзінді?

 

                                                      30 ұпай

Кейінгі өскен жас бала

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп,

Көкірегі күйініп,...

Авторы кім?Қай шығармадан алынған үзінді?(Қазтуған жырау, «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» жырынан)

Бір пара жанды малды қып,

Бір пара жанды малсыз қып,

Бір пара жанды ғалым қып,

Бір пара жанды залым қып,

Бір пара жанды дінді қып,

Бір пара жанды дінсіз қып,

Шерне үшін жанды жаратты...

Өлеңнен қандай көркемдегіш құралдар бар?(Қайталаудың түрлері)


3. Есімше дегеніміз не? Есімше түрлене ме?

 

 4 –кезең. «Көкпар».

Ойынның шарты : Оқығандардың, қыздарымыздың, толастамайтын»

сөздерінен неғұрлым көп сөз құрастыру, әріптер екі рет қайталанбайды.Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.







Білімнің мініп алып тұлпарына,

                                    Қиналмай шықты білім шыңдарына.

                                    Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

                                    Сөз кезегі әділқазы алқасына.

          Бүгіні сайысымызды қортындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.





 

 

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!