15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл татуластырады
Тіл татуластырады, құрметіңді арттыра түседі. Саяхаттап келген немесе тұрған жеріңіздің иесі болып табылатын елдің тілінде сөйлеп көріңізші, ерекше ықыласпен қабылдайтынына күмән жоқ. Басқа ұлт туралы айтар пікіріңіз болса бар шығар, ал қазақ, тілін білгенге төрін ұсынады, қолын шапалақтап құрмет көрсетеді.
Тіл білгенге не жетсін?! Иә, кейде шетелдік азаматтармен ресми кездесулерде немесе мәдени демалыстарда халықаралық тілдерді білмегенде өзді-өзімізге ренжиміз. Ана тілімізді білсек те кейде ісқағаздарды рәсімдегенде талапқа сай жаза алмай қалатын кездеріміз болады.
Тағы бір мәселе, пікір алуандығы мен еркіндігіне қарамастан халқымыздың орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуға көңіл бөлуіміз керек. Әлемдік алты ресми тілдің қатарына енетін орыс тілі – ақпараттық кеңістігімізді маңызды рөл атқарады. Орыс тілін оқып үйренуге қызығушылық танытып жүрген әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ аудандардан қалаға оқуға келген студент жастар.
Ал, ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Ағылшын тілін білсең, әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік мол. Ағылшын тілін білу – қарым-қатынас пен әлемнің кез-келген нүктесіне бизнеспен айналысу үшін міндетті талап.
Мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін есте ұстауды қалап отыр.
Үш тілді тереңдете оқыту мәселесін осыдан 15 жыл қолға алып, жинақтаған тәжірибемнің негізінде айтар болсам,біздің ұрпақ өте қабілетті, білімге құштар,ойға ұшқыр,әсіресе, тілді меңгеруге бейімділігі зор.Бұған дәлел - мен еңбек еткен «Үміт» гимназиясын тәмәмдаған түлектердің басым көпшілігінің ағылшын тілінің маманы болып шығуы. Көбі шетелдерде білім алып, әлемдік деңгейде жұмыс істей алатын құжаттарға ие болды.Яғни олар бүгінгі күн талабына сай біліммен қаруланып шықты.Бір мәселе, өзге тілді үйренем деп жүріп, өз тіліне мән бермей қалу,сөйтіп ана тілдің әлсіреуіне соқтыру қаупі туындай ма деп алаңдаушылық бар.Мен айтар едім,бұған қарсы қоятын тосқауыл – мектеп қабырғасында ұлттық,халықтық тәрбие жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу,жүрегінде от, бойында намыс бар ұрпақ өз ұлтының мүддесін тәрк етпейді.Реті келгенде айта кетейін,осы жылдар ішінде 7-сыныпқа дейін орысша оқып келген 3 ер баланы тереңдетілген бағдарламамен оқытылатын гимназияға ауыстырып,жоғары нәтиежеге қол жеткіздік.Сондағы ең басты құралымыз – баланың өз ана тіліне деген құштарлығын оятып, жігерін жанып,намысына қамшы басу.Үш бірдей ер баланың орыс тілді болып кетуінен алып қалу - меніңше, «Үміт» сияқты шағын мектепке үлкен олжа.
Дана жерлесіміз Қадыр Мырза Әлі «Ұлттың мықты болуы – ұл-қыздарының жаппай мықты болуына байланысты» дейді. Ал жаппай мықты болу үшін ұлттық сана,азаматтық белсенділік керек.Ел дегенде еміреніп, тіл дегенде тебіреніп тұратын ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек.
Тағы да Қадыр Мырза Әлі ағамызға жүгінсек, ол «Ұлттың рухын мықта,тілін нықта,өз тілің бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін», «Өзге тілде сайрау қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті» дейді.Осының бәрі - ұлттың болашағы үшін қазыла ойлаған елжандылықтың куәсі.Ол ойды әрі қарай жалғастырып жүзеге асыру – сіз бен бізге аманат.
Ана тіліміз - айшығы мол сөздік қоры бай, әдемі тіл.Шешен тіл.Ол туралы Қадыр ағамыз «Адамды адам қылған тіл», «Тілмен түйгенді тіспен шеше алмайсың », «Сөз наркозсыз сояды» деп түйеді.Тек сол тамаша тілді талан-таражға ұшыратып, жұтатып алмасақ екен.
Исі қазақ Гераға деп құрметтеген жазушы Герольд Белгер «Аймауытовтың заманындағы қазақ тілімен қазіргі қазақ тілінің арасы жер мен көктей. Қазіргі қазақ тілі өте жұпыны. Бұрынғы ұшқырлы ой жоқ. Баяғы жан жоқ. Көп жерде орысша-қазақшаны араластырып пайдаланады. Сонау, XVIII-XIX ғ.ғ. жыраулардың, ақындардың өлең-жырларын оқып отырып таң қаламын. Қазақ тілінің ауқымы қаншама десеңізші?! Күнделікті тұрмыста пайдаланудан шығып қалған сөздерді есептесек қазір он млн. қазақ сөзі бар екен. Ондай сөздік қор немістерде де, орыстарда да, ағылшындарда да жоқ. Соны бірақ қазақтардың өздері де біле бермейді. Олардың ойлары керемет бір байлықта жатыр. Таяуда маған бір қазақтың жігіті келді. Жасы отыз екі-отыз үштерде. Үлкен қызметтегі адам. Түрік тілін, ағылшын тілін жатық меңгеріп алған. Ақылы мол, білімі терең. Өзі өте пысық екен. «Жаңа қазақтардың» бірі. Сол жігіт айтады:-«Осы қазақ тілін қарабайырлау етіп қайта жасауға болмай ма? Қазақ тілі тіпті қиындап кетті. Атаулары өте көп. Тек қана күнделікті өмірге қажеттісін ғана алып, ал қалған сөздерінің бәрін жойсақ қайтеді. Грамматиканы жеңілдетсек. Синтаксисте шетелдің сөздерін молырақ қолдансақ қалай болады екен?». Мен оған қарсылық білдірдім. Не үшін бай тілді жасанды түрде кедейлендіреміз. Неге барымызды жоғалтуымыз керек. Онсыз да көптеген сөздеріміз қолданудан қалып бара жатқан жоқ па? Қайта сол бай тілді қайтадан қалпына келтіріп, оны одан сайын дамытуымыз керек емес пе? Әй кейбір жастардың осындай шала түсінігіне ішім удай ашиды»- деп сыр ашыпты бірінде.Міне, осыдан сақ болсақ екен.
Өз тліңді көзіңнің қарашығындай сақтай жүріп, өзге тілді игеру міне, бүгінгі мақсат – осы.
«Адам түсініскенше» дейді қазақ.Тіл білмесең, қалай түсінісесің? «Қай елде тұрсаң, сол елдің тілінде сөйле» деп, сұңғыла Қадыр тектен-тек айтып кетпеген болар.
Өнер-білім бар жұрттар...
...
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені
кезді жалықпай,
Білгендерге
осылар
Бәрі-дағы
анықтай,
Білмегенде
танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға
таныспай;
Ат
өнері білінбес
Бәйгеге
түсіп жарыспай;
Желкілдеп
шыққан көк шөптей
Жаңа
өспірім достарым,
Қатарың
кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз,
қалыспай.
Біз
надан боп өсірдік
Иектегі
сақалды.
Өнер
– жігіт көркі деп
Ескермедік
мақалды...
Біз
болмасақ сіз барсыз,
Үміт
еткен достарым,
Сіздерге
бердім батамды- деп өсиет еткен Ыбырай
Алтынсарин бабамыз не еткен көреген
еді.
Біз де бүгін желкілдеп өсіп келе жатырған жаңа өспірім жастарға батамызды беріп,жаһандану заманында қаймықпай қатарда өмір сүру үшін білім мұхитына батыл құлаш ұруға нұсқамақпыз.Бұл ең алдымен ер қамы емес, ел қамы деуге болады.Тіл майданында жеңіске жетудің жалғыз құралы – білім.Татулық пен бірлікті, достықты нығайтудың да жалғыз құралы – тіл.Ендеше, тілдің туы тек қана биіктен желбірегей.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген