400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Тіл-татулық тірегі (сыныптан тыс іс-шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексеремін:

№8Мойынқұм колледжінің

директоры:

..................Наушабекова.А.А

«.....»..................2020 ж



5-қыркүйек «ҚР халықтары тілдері» күніне байланысты өткізілетін «Тіл-татулық тірегі» атты іс-шара

Мақсаты: Еліміздің рухани ұстанымын нығайтып,азаматтарды татулық пен бірлік идеялары төңірегінде топтастыруға ,өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм мен жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеу;

Қазақстанда тұратын барша ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсету,дамытуына қолдау жасау.

Көрнекіліктер:қанатты сөздер,шарлар,суреттер,бүктемелер

Қатысушылар:ТМ-11,ЭМ-22,ОП-23,ОП-33,ТМ-21,ЭГД-32

Қанатты сөздер:

Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.

М.Әуезов.

Бізге Ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ.Ендеше оны

Жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз жоқ.

Н.Ә.Назарбаев.

Жүргізуші: Құрметті колледж әкімшілігі,ұжымы және білімгерлер!

Сіздерді ҚР халықтарының тілдері мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Осы мерекеге байланысты өткізгелі отырған «Тіл-татулық тірегі» атты тілге байланысты өлең-шумақтарын мәнерлеп жаттау іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Сіздерге зор денсаулық ,ұзақ өмір,шығарамашылық

табыс, отбастарыңызға амандық тілейміз.

Әділқазылар алқасын таныстырайық:

1.

2.

3.

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,- деп талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай өз тілімізді ,дінімізді құрметтеп,сақтай білейік.

Айта берсек тіл құдыреті өте күшті. Тіл киелі,қасиетті. Сондықтан ана тілімізді қадірлеп,сүюіміз керек.

Қазақ тілі-қасиетті бабамның,

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның- деп ортаға мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болғандықтан ортағатілге жанашыр колледж білімгерлерін шақырамыз.

Болсада ұлтым басқа тілегім бір,

Қазақстан деп соққан жүрегім кіл.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаңда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Жүргізуші:

Ең бірінші бақытым- халқым менің,

Оған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің!

Жүргізуші:

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім .

Кей – кейде дүниеден түңілгенде,

Қасиеті тілімнен түңілмедім.

Қазақ тілі түркі тіліне жататын көне тіл .

Ана тілім әке тілі баба тілі,

Бесікте уілдеген бала тілі.

Қазағым үйін тігіп ірге тұтқан ,

Мынау жатқан тау тілі дала тілі .

Қазақ тілі жол ашты,

Халықты танып білуге.

Достарды жаңа танытты,

Қол созатын білімге .



Ана тіліде ата – баба сыры бар,

Аудармадан түп нұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсеңде,

Ана тілсіз оның қандай құны бар.

Ақ сүтінен ананың ауыздандық,

Ана тілде өренім білім алдық.

Орыс тілі әлемге кең тараған,

Артық болмас бұл тілдіде біліп алған –

Халқын сүйген, салтын сүйер дегендей тіл мерекесі халықтың ұлттық байлығы. Жас ұрпақтар қастерлей білсе басқалары да мойындағаны хақ. Сондықтан білімгерлердің өз ұлт өкілдерінің биін көрсетуін сұраймыз.

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері түп қазығы, айдыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы, тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі – деп ұлт өкілдерінің киім үлгісіне кезек береміз.

Қорытынды:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің анам тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар – деп тіл меркесіне арналған

«Тіл - татулық тірегі» атты іс-шараны аяқтай отырып қазақ жерінде барлық ұлттың басын біріктіріп ашық аспан аясында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдеріне бейбітшілік тілейміз. Тыңдағандарыңызға рахмет!















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі