"Тіл-татулық тірегі" танымдық сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тіл-татулық тірегі" танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тіл-татулық тірегі" танымдық сайысы орыс тілді сынып оқушыларына арналған. Тапқырлыққа, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл – татулықтың тірегі (сайыс сабақ)

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу, әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету,ой-өрісін дамыту.

Сайыстың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, музыка, шарлар, көрнекілік, сұрақ – жауап, өз ойын айту, шығармашылық жұмыс, үлестірме дидактиқалық материалдар.

Жүргізуші:

Қуан халқым күшіне енді Тіл заңы,

«Сүйінші» деп ақын тілмен жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге, дәріптеу мақсатында сайысқа түскелі отырған топ мүшелерін ортаға шақырайық. Бірінші топ «Жалын» тобы, екінші тобымыз «Қыран» тобы және үшінші топ _____________ ·

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

«Халық айтса қалып айтпайды»,

Әрқашан да нанымды, -дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1. Сөз тапқанға

2. Сен білесің бе?

3.Кім жылдам?

4. Көрерменнің көмегі

5. Мақал-сөздің мәйегі

Сайыстың шарттарымен таныс болдыңыздар. Енді сайысымызды бастайық.



Қазақ тілі –дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен тіліміздің байлығын көрсетуге арналған

1.Сайысымыздың бірінші кезеңі – «Сөз тапқанға » деп аталады. Бұл сайыстың мақсаты берілген сұраққа жауапты тек өзі алған әріптен бастап жауап беру. Олай болса, сайыскерлерімізді әріп алуға шақырайық. Қане бірінші кезекте Жалын тобы алған әріптеріңізді айтып шықсаңыздар. Келесі Қыран және _________ тобы.

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әділқазылар алқасы бағасыын беріп өтсеңіздер.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, демекші

2. бөлім. Сен білесің бе? деп аталады. Тақтада 6 ұяшық берілген . Сайыскерлер ұяшықты ашып, топпен ақылдасып, сұраққа жауап беруі тиіс.

Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Әділқазылар алқасы бағалап өтсеңіздер.

3. Бөлім. «Кім жылдам?» деп аталады. Сайыстың мақсаты бір сөзден мейлінше көп сөз құрастыру. Ортаға топ мүшелерін үлестірме алуға шақырамын. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі. Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.

4. бөлім. «Көрерменнің көмегі» деп аталады. Ортаға әр топ жанкүйерлерінен 4-5 оқушыдан шақырайық. Сайыстың шарты топ мүшелері кеспе қағаздардағы берілген сөзді атамай, тұспалдап өз жанкүйерлеріне түсіндіре алса ұпай беріледі. Қанекей «Қыран» тобын ортаға шақырайық. Келесі кезекте «Жалын» тобы және де ________ тобы.

5 – кезең. Мақал – сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді табу.

Мақал-мәтелдер оқылады.

Көңілге түрлі ой салар

Әсем ән мен тәтті күй,

Әнді сүйсең, менше сүй деп 7 р сыныбының оқушысы Душанова Даринаны «Ноченька» әнімен ортаға шақырайық. Қошеметтеріңіз.

Керімхан Аяла Көзімнің қарасы әнін орындайды.

Сөз әділ қазылар алқасына беріледі. Сау болыңыздар.



Сөз тапқанға

1-топ

1. Қазақстан жайлы не білесіз?

2. Қазақтар қонақжай халық па?

3.Тауық түс көре ме? (Тауық түсінде тары көреді)

4.Зат есімге мысал келтіріңіз

5.Тотықұсқа қандай сөз үйретер едіңіз?

6. Кітап оқисыз ба?

7. Қорқақ неден қорқады? ( көлеңкесінен)



2-топ

8. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

9. Балықтар неше жыл өмір сүреді?

10. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?

11. Тастың жеңілі бола ма?

12. Сын есімге мысал келтіріңіз

13. Қыздар қандай болу керек?

14.Сүйікті ісіңіз?



3-топ

15. Қазақ тілі қандай тіл?

16.Қандай әндерді тыңдайсыз?

17. Сізге жаңбыр жауған ұнай ма?

18. Мақтаншақсыз ба?

19. Сан есімге мысал келтіріңіз

20. Болашақтағы жоспарыңыз

21.Сүйікті ұстазыңыз























































Мақал-мәтелдерден айтылмай тұрған сөзді табыңыз, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды.

1.Жаман сөз жылатады,

.............. сөз жұбатады.

2. Ең тәтті де тіл, ең ...... да тіл.

3. Жіптің ұзыны, сөздің ....... жақсы.

4. ............ тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

5. Ащы мен тұщыны татқан білер,
Жақын мен ............ жортқан білер.



Мақал-мәтелдерден айтылмай тұрған сөзді табыңыз, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды.

1.Дос жылатып айтады,

................. күлдіріп айтады.

2. Жақсы бала – сүйік,

.............. бала – күйік.

3. Көз қорқақ-қол ............

4. Баланың ұяты – ..........,
Қыздың ұяты – шешеге.

5. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
........ шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Мақал-мәтелдерден айтылмай тұрған сөзді табыңыз, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды.

1. Жақсы адам тауып айтады,
....... адам итше қауіп айтады

2. Көп сөз –күміс

...... сөз алтын

3. Жалқауға жатса да мейрам,

......... да мейрам.

4. Қыс азығын ...... жина.

5. Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің ......... жақсы.

Бағалау парағы

Кезеңдер


«Жалын» тобы


«Қыран» тобы



1. Сөз тапқанға






2. Сен білесің бе?






3.Кім жылдам?






4. Көрерменнің көмегі






5. Мақал-сөздің мәйегі








Жалпы ұпай





































Елтаңбатану















Қанағаттанарлық















Татулықпен

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2022
936
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі