400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Тіл-татулықтың тірегі» Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
















«Тіл-татулықтың тірегі»

Тәрбие сағаты
























Қостанай 2020ж


Жүргізуші: . Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Жидек» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнұранға берейік.

1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

1-бала

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Балалардың назарын тақтаға аудару. Слайдпен жұмыс.

-Балалар қай мемлекетте тұрасындар?

--Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің ең алғашқы президентіміз, ел басшымыз .

Қазақстан Республикамыздың екінші және қазіргі президенті Қасым Жомарт Тоқаев.

-ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?

Балаларға бейне таспа көрсету.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2-бала

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

3 бала

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Қимылды ойын: «Желбіреген жалаушалар!»

Жүргізуші:

Ана тілім- өзгелерден бөлексің,

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңдесемде жарасар,

Ана тілім –баға жетпес өнерсің.

4-бала.

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Жүргізуші:

Тілмен ғана қызық менің тірлігім

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.

2-жүргізуші:

Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау

Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау

Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.

Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.02.2021
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі