400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Тіл тірегіміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге және топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл тірегіміз!»

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге және топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Әдісі: Екі топ арасындағы интеллектуалды сайыс.

Көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, плакат.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділ қазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсаты мен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен танысу.
(1-топ «Тапқырлар», 2-топ «Білімділер».)
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.

Бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Өздеріңнің тіл туралы не білетіңдеріңді, тілдің сендер үшін қаншалықты маңызды екенін, өз білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 9 «Б» сынып арасынан 2 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.

І.Топтың таныстыруы.

ІІ.Сұрақ-жауап. (Тіл дегеніміз не? Тіл не үшін керек?) - Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық. Топта қанша адам жауап берсе әр оқушыға 1 ұпай.

ІІІ. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Оқушылар тіл туралы өздері білетін өлеңдерін айтады.

IV. Ойлан тап. Оқушылардың білімін ашық хаттағы сұрақтар арқылы тексеру (слайд).Тақтада 10 түрлі ұяшық берілген, әр топ кезекпен жауап береді. 1 дұрыс жауап- 1ұпай.

1. Тіл не үшін керек?

2. Қазақстанда тілдер мерекесі қашан? (05.09)

3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (22.09.1989 ж.)

4. Орыс тілін білу қажет пе?

5. Үш ортақ тілді ата?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды? (16.12.1991 ж.)

7. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы латын қаріпіне көшу мәселесі қай жылы жүзеге асады? (2025 жылы).

8. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

9. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989 ж.).

10. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

V. Мақал-сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдер жарысы.Тақтада мақалдардың бас жағы беріледі,қалғанын жалғастырасыңдар. 1 дұрыс жауап- 1ұпай.

1. Өнер алды – қызыл тіл.

2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.

3. Тіл қылыштан да өткір.

4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.

6. Дәлелсіз сөз желмен тең.

7. Ине көзінен сынады, шешен сөзінен сынады.

8. Піл көтермегенді, тіл көтереді.

9. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

10. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл.

11. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

12. Айтылған сөз, атылған оқпен тең.

13. Жақсы сөз жарым ырыс.

14. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.



Рефлексия.

Кроссворд шешу.

Сұрақ:

1.Мемлекеттік тіл? = Қазақ тілі

2. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? =Байтұрсынов

3. Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл? = Отыз

4.2025 жылы қазақ әліпбиі қандай қаріпке көшеді? =Латын

5. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп жырлаған кім? =Қадір

6.Қазақстанда мемлекеттік тілден кейінгі ресми тіл? = Орыс

7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? = Түркі

8.Ең алғаш мектеп ашқан ағартушы? = Ыбырай

9.Үш тұғырлы тіл саясатында қазақ, орыс тілдерінен кейінгі тіл? = Ағылшын

–Қазылар алқасынан ойын қорытындысын шығаруды сұраймыз. Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз.



Қорытынды.

Сүйемін туған тілді анам тілін

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –

деп С. Торайғыров жырлағандай бізге ана тіліміз қымбат. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі