400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыны қазақ тіліне баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Міндеттері:

Оқушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету.

Сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Патриоттық сезімдерін оятып, ана тілдерін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру,
нақыл сөздер.

Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Оқушы: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Мұғалім :Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы тіл екені даусыз. Ана тілі арқылы – әр адам өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры десек те болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11- шілде де Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы » деп жарияланды. Содан бері 22-қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі деп аталып келеді. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтың мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет деп ойлаймын. Қазақстанда 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.


Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

Олай болса ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі – ана тілі. Тілімізді қастерлейік деп осындай тәрбиелік мәні жоғары шараларды көптеп өткізу студент жастарымызға тас бұлақтың тұнығы да, ана сүтінің ұғымы да, райхан гүлдің жұпарлылығы да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахар даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілінде екендігін үйретеміз.


Тілімізді ділімізді қастерлейік!
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Мирас: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Нұрсұлтан: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!


















«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ





Тақырыбы: «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»







Сыныбы: 5 «Б»

Сынып жетекші: Бимурзаева А.Б.









2018-2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.02.2019
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі