Материалдар / "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
6-шы сыныптарға арналған интеллектуалдық ойын. Пәні: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2022
588
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жастықбаева Гулзия Талғатқызы

«Батан ауылындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

тел номері: 87080950851 эл.поч:embergenova63@mail.ru


Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

 Интеллектуалдық ойын


Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

                        шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен

                        басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде

                        пайдалануға үйрету.

                     2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.  

                         Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

                     3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда. Дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. 

  1. Ойынға қатысушылармен танысу.

-          Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің тіл мерекесіне қош келдіңіздер! Соған орай біз қазақ тілі пәнінен ____6 сынып___  оқушылардың арасында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» деген интеллектуалдық ойынды өткіземіз.

-          Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1-ші қатысушы -Шаймурунова Айгерим

2-ші қатысушы -Зейнулла Іңкар

3-ші қатысушы -Жүсіп Ахмет

4-ші қатысушы -Бекет Бекзат

5-ші қатысушы -Жақсылық Бекболат

6-шы қатысушы -Самат Мерей

7-ші қатысушы -Сағат Жібек

8-ші қатысушы-Махмұтхан Аяулым


- Әділқазылар алқасымен таныстыру._____________________________________________________

 2. Кіріспе сөз.

- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

    - Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:

I асу – «Тездет, бірақ қателеспе!»

II асу – «Сөз мәйегі-мақал»

III асу – «Ойлы болсаң, озып көр»

IV асу – «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

V асу - «Ойлан да тап!».»

3. Ойынның барысы:

 I асу – «Тездет, бірақ қателеспе!»

                   Әр ойыншының қолыңда 1-8 нөмірленген карточка. Қай     

     ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 1

     ұпай.

                   Қазақ халқы 7 санын киелі деп санайды, сондықтан ең коп ұпай

      жинаған 7 катысушы қалады.

Сұрақтар:

  1. «Независимость» сөзінің қазақша баламасы (тәуелсіздік)

  2. Киіз үйдің негізгі бөліктері (кереге, шаңырақ, уық)

  3. Қыс айлары (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

  4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?(42)

  5. Буынның неше түрі бар? Оларды ата (3-ашық, тұйық, бітеу).

  6. Көнерген сөз дегеніміз не?

  7. Алфавиттегі алтыншы әріпті ата.(ғ)

  8. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер қалай аталады? (омоним)

  9. ҚР Консититуция күні (30 тамыз)

  10. Неге бәйтеректің биіктігі 97 метр? (год переноса столицы из Алматы в Акмолу)

  11. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

  12. Қазақ тіліне тән дыбыстар? (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ)

  13. «Шынықтырады» сөзінде неше буын бар? (5)

  14. Есімдік дегеніз не?

  15. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай жіктеледі? (жуан, жіңішке)

     Музыкалық үзіліс.

II асу – «Сөз мәйегі-мақал»

Ең коп ұпай жинаған 5 катысушы қалады. Мыстан кемпірдің орамалы

     Тиісті  сөздің  үш тілде аудармасын айту.

 

1.... – отбасынан басталады (отан – родина- motherland )

2. ... алды – қызыл тіл (өнер- искусство- art )

3. ... кеме, білім – теңіз. (мектеп-школа- school)

4. жақсы ... – жарым ырыс. (сөз-слово- word)

5. Ана сүті бой өсіреді, ана ... ой өсіреді. (тіл-язык- language )

6.Көп сөз күміс, аз сөз - ...(алтын – золото- gold)

7. Көз қорқақ, ... батыр. (қол-рука- hand)

8. Отансыз ..., ормансыз бұлбұл. (адам-человек- man)

9. ... – білім бұлағы. (оқу-учеба- studies)

10. ... жауса, жер ырысы,

Батыр туса, ел ырысы. (жаңбыр-дождь- rain)

11. ..... талантты болса,
Шәкірті талапты болады (ұстаз-учитель-teacher)

12. Жақсы ..... - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз. (қыз-девушка-girl)

13. .... үреді, керуен көшеді. (ит-собака-dog)

14.  ......— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы. (нан-хлеб-bread)

- Қорытынды жасаймыз.

   Сөз әділқазы алқасына беріледі.

    III асу – «Ойлы болсаң, озып көр»

  • Жұмбақ шешу – ермегіміз жалықпас.

Ең коп ұпай жинаған 4 катысушы қалады. Сиқырлы қалам


1. Екі желі –
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі. Домбыра

  1. Таңдайы тақ, тақ,
    Талмайтын неткен жақ!
    Бір өзінде екі тіл,
    Сөйлемейді бірақ. Сағат

  2. Ағайынды жетеуінің
    Жұмысы бар бесеуінің,
    Жұмысы жоқ екеуінің.

Апта

  1. Күмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi?

Ұшқыш

  1. Құс емес,
    Бірақ әндетіп ұшады.
    Өзіңді көрсе,
    Құшақтап қысады.
    Тістеп сүйеді, жаның күйеді.
    Бітпей егесің
    Қанын төгесің. Маса

    IV асу – «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Берілген «рақаттанушылық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге он ұпай беріледі

Ең көп ұпай жинаған 2 катысушы қалады.

«Тұрақты тіркес мағынасын ашу»

1. Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес

2. Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды

3. Арасынан қыл өтпейді – өте тату

4. Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер

 V асу- «Ойлан да тап!».

1-ші оқушы

    1. Сахара-....

    2. Мадагаскар-...

    3. Африка-...

    4. Ертіс-...

    5. Алматы-...

    6. Нептун-...

    7. Қырғыстан-...

    8. Тономерт-...

    9. Қайын-...

    10. Атлант-...

2-ші оқушы

      1. Анаконда-...

      2. Каспий-...

      3. Шолпан-...

      4. Тұсбағар-...

      5. Темір кені-...

      6. Тынық-...

      7. Семей-...

      8. Еуропа-...

      9. Шу-...

      10. Швейцария-...

Мұғалім: 
- Сонымен, балалар, сайысымыз мәресіне жетті. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген оқушыларды марапаттау қағазымен мадақтайды. 
- Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңі тілектеспін! Сау болыңыздар!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!