400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакаттар, слайд Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,ән-күй Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: Барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді. Мұғалім :
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,ән-күй

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

 Барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.

Мұғалім : 

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар:

 -Күніміз жарық болсын.

-Аспанымыз ашық болсын.

-Деніміз сау болсын.

-Еліміз тыныш болсын.

-Досымыз көп болсын.

-Балабақшамыз жайнап тұрсын.

-Нанымыз көп болсын.

Мұғалім : Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Мұғалім : Жарайсыңдар,балалар. Ендеше «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп сынып сағатымызды бастайық. 

Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

 І Ғажайып сәт.

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Нурисламбек:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Даяна:

Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Рамазан:

Ақыл – ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.
Архат:

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

ІІ мұғалім : 

«Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Аружан:

Тіл тас жарады,
Тас
жармаса бас жарады.
Анель:

Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Меруерт:

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Е.Санжар:

Өнер алды — қызыл тіл.
Нұртас:

Жақсы сөз – жарым ырыс.

ІІІ Мұғалім: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан. 

Төле би: Алдияр
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би: Р.Санжар
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би: Назыр
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.

Мұғалім:

ІV Жұмбақ шешу 

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама
(Кітап) Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. 
(Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

 

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма) Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады?  (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады
.(Ағаш) 

V Құрастыру ойыны.

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


«Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы

9 орта мектебі» ММ









«Тіл тірегіміз,

соғып тұрған жүрегіміз!»

Сынып сағаты







Өткізген: Жумагулова Г.Б

















Қостанай қ.

Нурисламбек:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Даяна:

Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Рамазан:

Ақыл – ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.
Архат:

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Аружан:

Тіл тас жарады,
Тас
жармаса бас жарады.
Анель:

Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Меруерт:

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Е.Санжар:

Өнер алды — қызыл тіл.
Нұртас:

Жақсы сөз – жарым ырыс.
Төле би: Алдияр

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би: Р.Санжар
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би: Назыр
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі