Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тіл туралы
Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты 4 - сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
14 Қараша 2018
769
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
« Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ
«Тіл – ұлттың тірегі»
Тәрбие сағаты
Сынып жетекшісі: Дюсенова Арайлым Марксқызы
2017-2018оқу жыл
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл – ұлттың тірегі»Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.Міндеттері:Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;ой – өрісін кеңейту;Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.Сабақтың барысы: Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.1 – оқушы:Тілім - арым, ол менің мақтанышым,Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.Тіл – адамның қаруы, қазынасы.Туғанбыз соны баста сақтау үшін.Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.2 - оқушы:Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,Сені қалай басқаға басындырам?!«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.Ана тілім – ардағым, жырымбысың,Аспандағы ай менен күнімбісің?!Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,Анам және аяулы тілім үшін.3 - оқушы:Әр сөзінен қазынаны табатын,Менің тілім - бұлақ сынды таза - тынҰлылар мен шешендерім сөзінен,Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!Ұлылықты ұлы тілім танытты,Ұлы тілім ұлықтайды халықты.Халық егер өз тілінен адасса,Өсер елдің тірлігі емес парықты.4 - оқушы: Туған тілКімнен тудым?Нәсілім кім?Ұлтым кім?Әлде мен дір аспаның сұр бұлтымын?Бұлт емеспін.Мен қазақпын,Халықпын,Көне күннен келе жатқан тарихпын!Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар,Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!Туған тілде намысым мен арым дар,Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар!Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,Өз тілінде қиқулайды құстар да,Өз тілінде кісінейді құлыншақ...Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!Туған тілім – анам тілі – өз тілім!Туған тілім – далам тілі – өз тілім!Туған тілім – адам тілі – өз тілім!Туған тілде сыры терең жаным бар,Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.Туған тілде әнім менен сәнім бар!Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,Нанбасаңдар,Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Әбілев)Оқушылар тіл мерекесі аясында сыныбымыздағы Ұлпан есімді оқушымыз өзінің жүрекжарды өлең шумақтарымен бізді қуантпақшы, ендеше кезекті Ұлпанға берейік. Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.Өмірзақова Жұлдыздың орындауында «Анамның тілі»Оқушыларға сұрақтар қою. Сұрақ-жауап.1. А. Байтұрсынов кім?2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)17. ҚР - ның астанасы қай қала?18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)Оқушылар бір сәт қазақ биімен көңіл көтеріп қояйық. «Көзайым» қыздар тобының орындауындағы қазақ биі.Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)2. Бал тамған тілден...(у тамған)3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар). 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)10. Тіл қылыштан... (өткір)11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)12. Тілден артық...(қазына жоқ)13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)16. Өнер алды – ( қызыл тіл)17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)19. Басқа пәле -...(тілден)20. Білім кілті -... (тіл)21. Тілге құрмет –(елге құрмет)Жүргізуші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылады сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)