400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тіл ұлт байлығы"ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№45ЖББМ директоры

___________________

Архабаева Ш.Н








«Тіл- ұлт байлығы» ашық-тәрбие сағаты



























Алматы-2018







Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл-ұлт байлығы»
Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға  үйрету.

2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
                                                 

3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: Сыныптан тыс концерттік бағдарлама


Балғаным:
    - Құрметті ұстаздар, оқушылар және барша жиналған қауым! Бүгінгі біздің тілдер мерекесіне орай арнайы дайындаған «Тіл – ұлт байлығы» атты ашық-тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстан Республикасының жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, Туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16- желтоқсанында Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1989 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Осыдан бастап 22-қыркүйек Тілдер мерекесі күні деп жарияланды.

Дария:

Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Тұманбай Молдағалиев былай деген:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда ашылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Балғаным:

Дария, сен білесің бе, тілдің қасиеті туралы тек өлеңдерде ғана емес аңыз-әңгімелер де жазылған. Соның бірі «Ең қымбат қазына» әңгімесіне тоқталып өтсек.
  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып,қадіріне жет»,депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.



Балғаным:

Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?


Дария: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?

Балғаным: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар, ойдың да көрінісі. «Тілі байдың–ойы бай»деп текке айтылмаса керек.

Дария:

Құрметті қонақтар, сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, оқушыларымыздың өлең жолдарына кезек берсек.


Исмаил: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Осы тілмен мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін




Дарижан: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі – өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
     
Амина: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.


Хафиза: Туған тілім- тілі ата-бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім?
                        Сенсің тілім бойдағы күш-қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.


        Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің

Маргарита:   Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.


Денис: Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.


Айлин: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.



Александра: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Максим: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                        Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
                        Ел бетіне қалай түзу қараймын,
                        Ана тілі егер сені білмесем.

Дария:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп, Абай атамыз айтпақшы 4- сынып оқушысы Дүйсенбиева Айлиннің орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар



Балғаным:«Өнерлі бала сүйкімді» деп дана халқымыз айтып кеткендей, сүйкімді биші қызымыз Рахымжан Дарияны ортаға шақырайық.(қазақша би)



Балғаным: Ал, енді ойымызды сергітіп алу мақсатында «Кім шапшаң?» ойынын ойнасақ

Ойын шарты:

Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.


Дария: Өз тілің бірлік үшін...?

Өзге тілің тірлік үшін


 Ақыл көркі-тіл....?

Тілдің көркі- сөз.
                         
  Өнер алды....?

Қызыл тіл

Ана сүті бой өсіреді.....?

Ана тілі ой өсіреді

Тіл тас жарады....?

Тас жармаса, бас жарады


                       
Дария:

Адамды жұбататын, ақыл беретін, күш-қуат беретін, ой-сана беретінде осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз. Ендігі кезекті

оқушыларымыздың бүгінгі тіл мерекесіне арнайы дайындап келген «Ана тілі-жүрегісің анамның» атты көрінісіне берейік


Балғаным:

О,адамдар!

Ана тілім – жүрегісің анамның,

Жүрек ана біз өзіңізден жаралдық.

Сағат сайын саулығыңды тілейік,

Сенсіз бізге керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсек тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сұрықсақ

Анамызды ұмытқанымыз емес пе,

Ана тілім егер сен болмасаң

Барлық ұлт сыйласыншы ана тілін.

Қадірлесін, аялап туған тілін

Достықпенен теңдікте өмір сүріп,

Өзіміз де, өзгеміз де биік ұстайық көк туын қазақ тілдің.

Флешмоб: «Жаса, жаса, Қазақ тілім!»


Ән хормен: «Мен қазақпын»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі