Материалдар / Тіл ұлт қазынасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл ұлт қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең бірінші бақытым — Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым — Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей — кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші — Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! … Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай — ақ кел — дағы от ал менен. Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
303
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мемлекеттік тіл - менің тілім.

(ҚР халықтарының Тілдер мерекесіне арналған апталық)

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл - менің тілім.

Максаты:өз еліне, отанына деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ана тіліне деген құрметін арттыру,тіл мәртебесін көтеру,таза сөйлеуге уйрету.Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Көрнекілігі: плакаттар, кітаптар, қосымша суреттер, нақыл сөздер,шарлар мен гулдер.

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі тілдер мерекесімен барша қауымды құттықтаймыз!Тілдер мерекесіне арналған апталығымызды ашық деп жариялаймыз!

«Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатканымда-ак берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

2-жүргізуші:Орыс тілінде: Здравствуйте, уважаемые жители необьятного Казахстана! Мы все родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И все потому что Казахстан многонациональное государство. Сегодня мы празднуем день языков.

3-жүргізуші:Ағылшын тілінде: ......

1- жүргізуші: Жыл сайын 22 қыркүйек күні Қазақстанда тілдер күні атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

2- жүргізуші: День языков народов –государственный праздник Республики Казахстан. Этот день был объявлен Указом Президента республики Казахстан Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым от 20 января 1998 года и стал общим праздником всех казахстанцев.

Начиная с 26 сентября 2001 года, отмечается Европейский день языков. В нашей республике государственным языком является казахский, языком межнационального общения-русский, а международным-английский.

Көркем сөз, мәнерлеп оқу: (Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарымен ортаға Индираны шакырамыз.

Қазақ тілі.

Күш кеміді, айбынды ту кұлады.

Кеше батыр-бүгін қорқақ,бұғады

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісеңде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанатты қырқылды

Күндей күшті күркіреген ел тынды

Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,

Батыр,хандар –асқан жандар ұмтылды!

Ерлік, елдік,бірлік,кайрат,бақ,ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз,бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім!

Таза,терең,өткір,күшті,кең тілім,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен,тілім!

3жүргізуші:София. Dear teachers and students Today in this hall we are going to hold the final fistive event of the decade let the Kazakh name known to the world three pillars of language Kazakh Russian English From September 22

Welcome Language is a tradition of our cancestors This diplomatic tool is a great art that demonstrates the wisdom height and depth of the whole consciousness of the people Language is a sacred means of communication between people There is no society without language These two things do not exist without each other


The common address of the glob

There is a sky above us

Children of all nations

Out friendship is good

On January 20 1998 by the Decreeof the President of the country September 22 was declared the holiday of language is a means of communicate with each other trough language

Nowadays muitilingualism is life English French Russian Spanish Arabic and Chinese are official working language of the United Nations

2-жүргізуші:Чтение стихов.

Язык отцов- наследие святое,

Глубокий, острый, сильный, словно клык.

Своих детей заботливой рукою

Себе притягивает мой родной язык!

Мы дружной семьей живем в Казахстане

Татары, уйгуры и русские с нами

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов.

1-жүргізуші: Қазақ тіліне байланысты викториналық сұрақ-жауаптар:

1.Қазақ әліпбиінің негізін салушы ағартушы –педагог ғалымды атаңыз?

  1. Сәкен Сейфуллин

  2. Бейімбет Майлин

  3. Шоқан Уәлиханов

  4. Ахмет Байтұрсынов

  5. Шәкәрім Құдайбердіұлы

2.Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз.25-қазан........

  1. Ынтымақ күні

  2. Тәуелсіздік күні

  3. Жеңіс күні

  4. Конститутция күні

  5. Республика күні

3. –дар,-дер,-тар,-тер,-лар,-лер жалғаулардың қай түріне жатады?

  1. Септік

  2. Жіктік

  3. Көптік

  4. Тәуелдік

  5. Есімдік

4. «Сұлу»сөзінің синонимін табыңыз?

  1. Әдепті

  2. Сыпайы

  3. Салмақты

  4. Мықты

  5. Әдемі

5.Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз?

  1. Әлсіз

  2. Күшті

  3. Қорқақ

  4. Салмақты

  5. Батыр

6.Сөйлемдегі баяндауышты табыңыз?

Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

  1. Жылы

  2. Жыл құстары

  3. Жаққа

  4. Ұшып кетеді

  5. Күзде

7.Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз:

  1. Шахмат

  2. Баскетбол

  3. Дойбы

  4. Тоғызқұмалақ

  5. Лото

8.Синонимдік қатарды көрсетіңіз:

  1. Іс,сапар

  2. Апару,әкелу

  3. Жұмысшы,оқушы

  4. Кінәлі,айыпты

  5. Мәртебелі,сыйсыз

9. Тыныс белгілері туралы ережелер қалай аталады?

  1. Лексикология

  2. Морфология

  3. Синтаксис

  4. Пунктуация

  5. Стилистика

10.Антоним сөзі бар мақал-мәтелдерді тап:

  1. Ақылың аз,ашуың көп болса-қор боласың.

  2. Татулық –табылмас бақыт.

  3. Адал достық алтыннан да қымбат.

  4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  5. Ашуың келсе,қолың тарт.

1- жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Осымен тіл мерекесіне арналған мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Сіздерге көптен көп рахмет!!!








































21қыркүйек. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» такырыбында диктант жазу.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды есте сақтау қабілетін дамыту,мұқият, таза жазуға уйрету.

Тәрбиелілігі: Отан сүйгіш, патриоттық қабілеттерін арттыру, қазақ тілінің мәдениетін, тілін уйрету,туған жер тарихына патриоттық сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: баяндау,мәнерлеп оқу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,сәлемдесу.Сабақтағы оқушыларды түгендеу,кезекшімен сұхбаттасу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Жаңа сабақты түсіндіру: Тақтаға бүгінгі күн мен диктантың тақырыбы жазылады.

Мұғалім: Диктант тақырыбымен оқушыларды таныстырып, мәнерлеп, толық оқып шығады, қиын,таныс емес сөздерді тақтаға жазады,түсіндіреді.

Тіл-халықтың алтын діңгегі.Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мактан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл-қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым.Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл –халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін –ана тілі.Әр халықтың,ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім-қасиетті қазақ тілі.Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін,қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына»,-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай,жерін,елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп,ана тілінде білім алып,жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық,мәдениеттілік,тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл-ұлттың жаны.Ал ұлттың болашағы-оның ана тілі.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі –оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес,сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Ана тілі-алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Жазылып болғаннан кейін, тағы бір рет оқылып шығып,тыныс белгілерін қояды.

Талдау жұмытары: «Қазақстан» деген сөзге фонетикалық талдау жасаймыз.

Қ-дауыссыз,қатаң;

а-дауысты, жуан;

з-дауыссыз,ұяң

а-дауысты,жуан

қ-дауыссыз, қатаң

с-дауыссыз,қатаң

т-дауыссыз,қатаң

а-дауыссыз, жуан

н-дауыссыз.қысаң

Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап,қайталап келуге беремін.









Қорытындысы:

Топтары

ДТжС

ДТжС

БББ(ағыл)

БББ(инф)

БББ

курстары

4курс

3курс

4курс

3курс

2курс

бағалары

«5»

«4»

«3»


«5» -0

«4» -1

«3» -1


«5» -0

«4» -2

«3» -2


«5» -0

«4» -3

«3» -0

«5» -1

«4» -0

«3» -0

«5» -1

«4» -5

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!