400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тіл-ұлт рухы» атты Тілдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге Тілдер күні мерекесіне арналған сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бөбекжайымыздағы «Тілдер күні» мейрамы»

№13 «Золотой ключик» бөбекжайында 2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Тіл-ұлт рухы» атты Тілдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Іс-шараның мақсаты: Бөбекжайдағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Ертеңгілікті дайындап, ұйымдастырған бөбекжайдың қазақ тілі мұғалімі Г.Б.Саменова, орыс тілі мұғалімі А.С.Жумашева, ағылшын тілі мұғалімі А.Қ.Қайбалиева және музыка жетекшісі В.Ж.Адилова.

Ертеңгілікке «Құмырсқалар», «Гүлдер», «Түймедақ», «Сұңқар» топтарының балалары қатысты. Ең алдымен залға жиналған барлық қонақтар, тәрбиешілер мен балалар «Ұлттың қуаты-тілінде» атты бейнероликті тамашаланады. Кейін «Сұңқар» ІІ кіші қазақ тобы бүлдіршіндері келген қонақтармен, балалармен қазақ, орыс, ағылшын, татар, өзбек, әзірбайжан, неміс, белорус, поляк, армян, грузин, украин, шешен, латыш тілдерінде амандасты. «Түймедақ» ересек орыс тобының Паша, Остап деген тәрбиеленушілері қазақ тілінде, «Құмырсқалар» ортаңғы орыс тобының балалары Милана, Даша, Айша ағылшын тілінде, ал «Гүлдер» ортаңғы қазақ тобының балалары Тамерлан, Ақгүл орыс тілінде дайындаған өлеңдерін айтты. Ертеңгілікке Жалқаубек деген қонағымыз келіп, балалармен бірге тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, ойын ойнады. Бүлдіршіндер «Түстерді ата» және «Полиглот-аудармашы» атты ойындарды ойнап, өздерінің қаншалықты үш тілді меңгергендерін сынап білді. Барлық топтардың балалары үш тілде бірнеше әндер шырқап, «Қазақтың оюлары», «Орыс халқы биі»,«Жігіттер», «Достық» билерін биледі.

Ертеңгілікті өте жақсы деңгейде ұйымдастыруға көмектескен бөбекжайымыздың ұжымына ,ата-аналарға және бөбекжай тәрбиеленушілеріне алғысымды білдіремін!


Мақала авторы:

Қазақ тілі мұғалімі

Саменова Гүлжан Болатқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі