Тіл
–ұлттың қазынасы
Жалтақтамай
өзге тілді ұлысқа,
Ең
алдымен өз тіліңді дұрыста.
Уа,
құдіреті күшті қызыл тіл! Алып күштің
ала алмаған асуын, аузы құлып сандықты
аша алмаған батырдың, көз көрмеген жерге
сөз болып жетер қызыл тіл. Уақыт сырғып
, ғасырдан - ғасырға өтіп, түрлі дамыған
технологиялар заманында өмір сүре
отырып, өз тіліңді жоғалту қияметтің
қайымы болар, сірә... Ғасырдан аса уақытта
езгі астында болған ана тіліміздің
бүгінгі күнге жетіп, қолданылып жатқанына
шүкір демеске болмас, дегенмен тілді
сақтап қалған соң, мәңгүрттік қаупінен
арылған соң , тілімізді қадірлеп,қастерлеп
өту –міндетіміз.
Тіл
–елдігіміздің іргетасы. Тәуелсіздік
алған күннен-ақ ана тіліміз бар қауіптен
арылды.Әрине, орыс өкіметі тілімізді
де, дінімізді де түп - тамырымен жұлып
алуды мақсат етті. Бірақ бірлік пен
ынтымақтың арқасында тілімізді аман
алып қалдық.
Дүние
есігін ашқан күннен , құлағымызға
жатталып, жөргегімізге сіңіп қалған
тіліміз –қазақ тілі.Әлемдегі ауыр
тілдердің қатарында болғанымен, әрбір
азаматқа білу керек тіл.Тек қазақ емес,
сонымен қатар әрбір ұлт өкілінің өз ана
тілін біліп, құрметтеп дәріптеуі шарт.
Менің ойымша, қазіргі таңда өз ана тілін
білмейтін адам –қазіргінің мәңгүрті.
Ана тілін баланың бойына сіңіру –ең
алдымен ананың , екінші ұстаздың міндеті.
Ана тілі –атадан балаға мирас болып
қалып отыратын баға жетпес мұра.
«Ана
тілі –халық боп жасағаннан бері жан
дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,
- деп Ж.Аймауытов айтқандай елін, жерін
сүйген әрбір азаматтың жүрегінде ана
тіліне деген ыстық сезім болуы керек.
Ұлт болашағы –ана тілі. Тіл халықпен
бірге өсіп, дамиды,әр ұлттың тілі –оның
тірегі мен бетке ұстары. Тілсіз қоғам
дамымайды. Қоғамның алға жылжып, өсуі
үшін алдымен тілге көңіл бөлсе, еткен
еңбек зая кетпес.
Тіліміз
өзіміздің даламыздай бай. Қазақ сөзі
қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап,
еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті
қара домбырасының үнімен үндесіп жатады.
Қазақ халқы өз кезегінде әлемге
қонақжайлығымен танымал. Бұл
қонақжайлылығымен қазақ дәстүрін, қазақ
тілін де айрықша дәріптейді.қазақ
тілінің кейбір тілдерге қарағанда
құлаққа жағымды, әдемі естілетіні мәлім.
Бұл көңілге мақтаныш ұялатады.
Тілді
қастерлеп күзететін –халық . Тіл
–ғасырлық қазына. Сол себепті қасиетті
тілімізді құрметтеп, сыйлай білейік!