жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тіл ұстарту
Cабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: шығармашылық іске жұмылдыра отырып, ой ұшқырлықтарын, тапқырлықтарын, көркем тілдерін дамыту, өз беттерімен ойлау еңбегіне іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: оқушылардың сөздік қорын байыту, сатылай кешенді талдауға жаттықтыру.
2.Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізіп, сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту.
3.Тәрбиелік: ізденімпаздық,шапшаңдық қасиеттерге жетелеп, адал достық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: білім,білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап, тіл дамыту, әдістемелік ойындар,тілдік талдау.
Пәнаралық байланыс: халық ауыз әдебиеті.
Сабақтың көрнектілігі: қанатты сөз жазылған плакат, сызба.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп,назарларын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
“Екі дос” мәтінін оқу.
Мәтіндегі негізгі ой анықтату.
Мәтіндегі тірек сөздерді белгілету.
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу.
Алдарында жатқан кесте- сызбаны толтыру.
Мәтін
Екі дос.
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болды.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты.Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті.Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті.Әлгі екі досьың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан,өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қол басыларына апаруды өтінеді.Алып келген соң ол жаудың қол басына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жаугерге құн төлеп, сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін.Ол-өзімнің өмірім.Досымды босатыңдар,ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,- дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болды да:
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлігін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
-Маған сенің көздерін керек,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын.
-Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді.
Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: “Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста қиынға соғады”,-деп түйеді.Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Мәтіннен үзінділер, ой-тұжырым
Мазмұнға сәйкес түйін жасау
7.Өткен тақырыпқа шолу жасау бөлімі.(мәтіндегі үш сөйлемге сатылай кешенді талдау жүргізу.)
8.“Есіңе сақта ел сөзін”атты ойын мен “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”атты әдістемелік ойын жүргізіледі.Мұғалім оқыған мақалдардың есіңде қалған біреуіне арнап ситуациялық жағдайды шағын әңгіме түрінде құрау. Әңгіменің түйінің бір ғана мақал ашу керек.
Адал достық алтыннан қымбат
Достан сырынды жасырма,
Дұшпанды басыңнан асырма,
Досың мың болса да- аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп.
Көп ақшан болғанша,
Бір досың болсын.
Доссыз адам, тұссыз тағам.
9. “Ой жалға”атты шығармашылық жұмыс.
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.
3.Сабақтың қорытындысы.
Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида,рухани өсиет- достыққа адалдық.Ж.Ж.Руссо, Ш.Руставели сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: “Тұрақсыз достан да дос болмаған жақсы, тіпті ашық дұшпанның өзі артық”дейді.Ұлы ақын әрі ойшыл Абай:
Жаман дос көлеңке:
басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың,-деп жалған
достың кейін тастап кететіні жайында айтқан.Ендеше, осы даналық сөздерді үнемі есте сақтап, бір-бірімізге деген достық, жолдастық, сыйластық сезімдерімізді көздің қарашығандай сақтай білейік.
4.Үйге тапсырма.
“Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады.”сыр толғау.
5.Бағалау
Сабақтың
мақсаты:
А/ Білімділік: І.
Есенберлиннің
өмірі
мен шығармашылығы
жөнінде
мағлұмат
беру, трилогияның
мазмұны
мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ-ХІХ
ғасырлардағы
қазақ
халқының
тарихи шежіресін түсіндіру.
Б/ Дамытушылық:
Әдеби
теориялық
білімдерін
арттыру, өз
пікірлерін айтуға
дағдыландыру.
Ойлау, жүйелі
салыстыру қабілеттерін
жетілдіру.
Ә/Тәрбиелік:
тарихи көркем
шығармадағы
ұлттық
рухты негіздеп, ұлттық
сананы қалыптастыру,
адамгершілікке. адамдық
сүйіспеншілік
өсиеттерге.
баулу, азаматтық,
гуманистік
қасиеттерді
дарыту, еліне,халқына
адал қызмет
етуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлин шығармалары, электронды оқулық, слайд, кестелер, кинодискет, телевизор
Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың
барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың
назарын сабаққа
аударып, оқу-құралдарын
түгендеу.
Б/ Үй
тапсырмасын сұрау
Хамза
Есенжанов
«Ақ
Жайық»
романы
В/ Жаңа
сабақ
1.
Өмір
жолына шолу жасау
1915 жылы
Ақмола
облысындағы
Атбасар қаласында
туған.
1940
жылы Тау-кен институтын
бітірген. Ұлы
Отан соғысына
қатысқан.
1947-67
жылдары Қазақ
мемлекеттік филармониясының
директоры, Қазақ
мемлекеттік көркем
әдебиет
баспасының
редакторы , «Қазақфильм»
киностудиясында сценарий редколлегиясының
мүшесі.
1967-71
жылдары “Жазушы” баспасының
директоры
1971 жылдан бастап
Қазақстан
Жазушылар одағының
екінші секретары
1983 жылы
Алматыда 68 жасында қайтыс
болды.
І.Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия
Шығармаларының
жарық
көруі
1940
жыл Алғашқы
өлеңдері
жарық
көрді.
Алғашқы
он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары
жарық
көрді.
1945
жылы “Айша”, “Сұлтан”
поэмалары жарық
көрді.
1949
жылы “Адамгершілік туралы
жыр» өлеңдер
жинағы
жарық
көрді.
1959
жылы «Біржан сал трагедиясы»
дастаны жазды
“Адам туралы жыр”
повесі жарық
көрді.
1960
жылы «Өзен
жағасында»
повесі жарық
көрді.
1965
жылы “Толқиды
Есіл” повесі жарық
көрді.
1966
жылы “Айқас”
романы жарық
көрді.
“Айқас”
романы үшін
І.Есенберлинге Абай атындағы
мемлекеттік сыйлықтың
иегері деген атақ
берілді.
1968 жылы «Айқас»
романына Қазақ
КСР Мемлекеттік сыйлығы
берілді.
1967
жылы «Қатерлі
өткел»
прозасы
1968 жылы “Ғашықтар”
романы
1969 жылы «Қаһар»
1971
жылы «Алмас қылыш»
1972
жылы “Алтын құс”
романы
1973 жылы «Жанталас»
1974
жылы “Көлеңкеңмен
қорғай
жүр”
1978
жылы “Маңғыстау
майданы”, “Аманат”
романдары жарық
көрді
І.Есенберлиннің1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы1958 жылы қытай тілінеғ «Ғашықтар романы өзбек тіліне аударылды.Көптеген шығармалры орыс тіліне аударылды.
«Көшпенділер» тарихи роман
1.
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп - өткен
тарихтың
маңызды
оқиғаларын
қайта
жаңғыртып,
оларды көркем
түрде
баяндайтын романдарды айтады
І.Есенберлин
өзінің
тарихи трилогиясында қазақ
елінің
ХУ-ХІХ ғғ.
Тәуелсіздік
үшін
табанды күрестерін
көркем
суреттейді.
Осы жолдардағы
қиындықтардыішкі
қайшылықтарды,
адам қатынастарын,
олардың
әрекеті
мен мінез-құлықтарын,
сырт жаулармен шайқаста
шыныққан
бірлікті, дәстүрді,салт-сананы
көрсетеді.Тарихи
жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына
, аңыз
әңгімелерге
сүйене
отырып, қазақ
халқының
тарихынынң
аса маңызды
тұстарын
ашып, көптеген
тарихи қайраткерлердің
көркем
тұлғасын
жасайды.
«Көшпенділер»
трилогиясы үш
романнан тұрады.
Кестемен
жұмыс
Трилогияның
қамтитын
уақыты
Трилогияның
романдары Трилогиядағы
тарихи
тұлғалар
ХУ
– ХІ ғасырлар
“Алмас қылыш”
Әбілқайыр
хан
ХІІ – ХУІІІ ғасырлар
“Жанталас” Жәнібек
хан, Керей хан
ХІХ ғасыр
“Қаһар”
Асан қайғы,
Қазтуған,Абылай
хан,Бұқар
жырау, Кенесары хан, Ағыбай
батыр
Тарихи
оқиғалардың
трилогияда бейнеленуі
1)
“Алмас қылыш”
романында ХУ –ХУІ ғасырларда
Қазақ
хандығының
құрылуы
Әбілқайыр,
Жәнібек,
Керей хандардың
тақ
үшін
таласы, қазақ
руларының
бірлесу идеясының
басым суреттелуі
2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері
3)
“Қаһар”
романында ХУІІІ ғасырда
Абылай хан бастаған
қазақ
халқының
қалмақ
басқыншыларын
біржолата талқан
етуі. Абылайдың
қазақ
елін дербес Қазақ
хандығына
біріктіру әрекеттері.
Абылай хан мен оның
батырларының
ел тәуелсіздігі
үшін
күрестегі
ерлік , даналық
істері.
Абылай ханның
қазақ
елін біріктіру жолындағы
жанталас күйзелістері
«Көшпенділер»
киносынан үзінді
көрсету.
«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.
Кейіпкерлерін талдау
Әбілқайыр
1
2
Айлакер, ақылды,
айбарлы ел басшысы өз
мақсаты
жолында ешбір арамдық,
азғындықтан
тайынбайтын мейірімсіз, қанды
қол
Романнан
үзінділер
оқып
танысу.
1. Шыңғысханның
балаларына өсиеті
2.Абылай
мен Бұқар
жырау
4. Уали сұлтанның
баласы Абылай
3. Батыр Баян мен Ноян
4.
Абылайдың
ақ
бурасы
5. Абылайдың
түсі
6.
Абылайдың
өлер
алдындағы
өкініші
7.
Абылай хан мен сұрша
қыз
хикаясы
Венн
диаграммасы
Сұрақтар
мен тапсырмалар:
1. І.Есенберлиннің
шығармашылық
жолы қалай
басталды?
2.
Жазушының
қандай
кітаптары бар?
3. «Көшпенділер»
трилогиясының
идеялық
мазмұны,
үш
кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің
іс-әрекеттері
мен көздеген
мақсаттары
4.
Қай
шығармасы
үшін
жазушы Абай атындағы
мемлекеттік сыйлықты
алды?
Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.
Үйге . «Көшпенділер» трилогиясыннан үзінділер оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ойталқы
Сабақтың мақсаты: Ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтететін сөз жарысы екендігі туралы түсінік беру
Міндеттері: Бағалау барысында бір бірін, өз өздерін бағалауды үйренеді, топтаса отырып,ынтымақтастыққа дағдыландыру. Көшбасшы сабақ барысында сыни ойлану арқылы өз ойын анық, еркін жеткізуге қалыптастыру. Кері байланысты үйрету
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, ОүБ және ОБ.
Стратегиялық іс әрекет: «Интервью» әдісі, «Джигсо» әдісі, «Венн диаграммасы» «Рөлдік ойын»
Уақыт өлшемі
Жоспар мазмұны
Мұғалім іс әрекеті
Оқушылардың іс әрекеті
ресурстар
3 мин
І. Кіріспе
Ұйымдас тыру кезеңі
Сәлемде су.
Оқушы ларды психоло гиялық дайындау.
Өзін -өзі реттеу.
Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.
Ыстық алақан тренингі арқылы (алақан арқылы оқушылар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіру) ұйымдастыру.
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Ортада шеңбер құрып бір-бірінің алақанын ұстап жылы лебіздерін білдіреді
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
3 мин
Сынып оқушыла рын шағын топтарға бөлу.
Шеңбер құрып санау 1,2,3 арқыла 3 шағын топтарға бөлу.
І топ: «1»
ІІ топ: «2»
ІІІ топ: «3»
Оқушылар өздерінің сандары бойынша, шағын топтарға бөлінеді
Сандар жазылған қағаздар
5 мин
Үй тапсыр масы
Интер вью әдісі
90- беттегі 84-жаттығу
«интервью» әдісі арқылы сұрау
Оқушылар мұғалімнің берген сауалдарына ұтымды жауап беру.
1.Өлеңдерде пікір қайшылықтары бар ма? 2.Олар қандай жолдармен берілген?
3. Ақын қарама-қарсы ұғымдарды қандай тәсілмен берген?
Дәптер, қалам,оқулық
13 мин
Негізгі бөлім (жаңа сабақ) Ойталқы
Пікірталастың бір түрі Ойталқы туралы түсінік беру.
Джигсо әдісін қолдану арқылы
85-жаттығуды орындату.
Оқушылар 85-жаттығуда Ойталқыда қандай мәселелер көтерілгенін анықтайды .
І топ: «1» Қимыл әрекеттер
ІІ топ: «2» Түсініктері
ІІІ топ: «3» Айырмашылықтарын ажырату
Оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер
5 мин
Рөлдік ойын
Әр топ Абай мен Михайлов сөздерін бейнелеп,олардың ойларының тоғысқан тұсын өз пікірі бойынша жеткізеді
Оқушылар топта Абай мен Михайлов рөлін сомдай отырып ойнап шығады.
7мин
Сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту үшін
«Венн диаграммасы» әдісін пайдалана отырып, Пікірсайыс пен Ойталқыны
салыстырып ортақ және айырма ерекшеліктерін көрсетуіне тапсырма беремін
Пікірсайыс пен Ойталқыны салыстырып ортақ және айырма ерекшеліктерін көрсетеді.
маркерлер
3 мин
Бағалау.
Топтың әр мүшесі өзін-өзі алдын-ала берген бағалау парақшаларына толтыра отырып бағалатады.
Топтың әр мүшесі өзін-өзі алдын-ала берген бағалау парақшаларына толтыра отырып бағалайды.
Бағалау парақшалары.
2 мин
Үйге тапсыр ма
93 беттегі 88-жаттығу
88-жаттығудағы берілген мәтіннен пікірталастың қай түрі орын алғанын анықтайды.
Оқулық, дәптер, күнделік калам
4 мин
Рефлек сия.
«Смайликтерді» пайдаланып, бүгінгі өтілген сабаққа кері байланыс жасатамын.
Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша
- Бүгінгі сабақты толық түсіндім
- Бүгінгі сабақта ешнәрсе түсінбедім
- Бүгінгі сабақта түсінбеген сұрақтарым болды деген мәліметтер төңірегінде алған әсерлерін жазады
Түрлі-түсті стикерлер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген