жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Тілашар" балабақшамен қоштасу
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Қызғалдақ» ересектер тобының
«Тілашар»
атты балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған ертеңгілік.
Музыка жетекшісі: Абдикадирова Д.Б.
Көңілді музыка әуенімен екі тәрбиеші ортаға келеді.
Күләш
Түгелбайқызы – Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін міне, салтанатты мерекеге жиналып отырмыз. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасып мектепке қадам басқалы отыр.
Жанна
Қайратқызы – Әрине бірнеше жыл мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектеп табалдырығынан аттап, білім еліне, болашақ өмірге шығарып салғалы отырмыз.
2:- Балабақша,балабақша 1:-Күлімдеп көкте күндерің
Шаңырағы шаттықтың Құлпырып қырда гүлдерің.
Балабақша қорғанышы, Оқуда да,еңбекте де үнемі алға басыңдар
Балғын сәби шаттықтың. Білім қуып,көкке қанат қағыңдар.
Қуанамыз сыйлаймыз, Болашаққа батыл аттап барыңдар!!!
Қуаныштың мың гүлін.
Бөбектерді қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
Күләш
Түгелбайқызы – Олай болса, бүгінгі балабақша түлектерін, балғын балаларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
(Ортаға Елжан, Бекнұр, Ибрагим келеді.)
Қоштасатын сәт келді, Балабақша есігін
Біз мектепке барамыз. Үшке тола ашқанбыз
Ал, бүгінгі қоштасуда, Балапандай өсірді,
«Тілашар» тойын тойлаймыз. Мәпеледі бақшамыз.
Сәби едік кеше біз, Алты жасқа жеттік біз,
Үлкен болып өстік біз, Сәбиліктен асқанбыз.
Көк мұхитты кешеміз, Мектеп бізді шақырады,
Көк әлемін кеземіз. Қош бол, әсем бақшамыз.
Ибрагим-Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Қызғалдақ» ересектер тобының «Тілашар» атты балабақшамен қоштасу мерекесіне хош келдіңіздер!
Елжан- Ия,бізді бірнеше жыл мәпелеп тәрбиелеген балабақшамызғы алғысымыз шексіз.
Бекнұр- Біздің әпке-апайларымыз балабақша ұясынан ұшырып, мектеп табалдырығын аттап,білім еліне шығарып салғалы отыр ғой.
Ибрагим-Олай болса,бүгінгі балабақша түлектерін және достарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
(«Фанфари» музыкасы орындалады ,ортаға балабақша түлектері жұптасып кіреді Тәрбиешілер әр-бір балаға тақпақтарын айтады.)
Жанерке біздің әнші қыз, Аяғы жерге тимейді,
Жанерке біздің биші қыз. Даладай кең көңілі.
Әпкелеріндей өнерде Сыйластықты біледі,
Өскенде болар шоқ жұлдыз Біздің Нұрислам баламыз
Үнемі күліп жүреді.
Жібектей жұмсақ мінезі, Көздері күліп тұрады,
Майысып гүлдей сызылған Ақылды ой-санасы.
Қазағымнан айналдым Алдияр біздің баламыз
Нұрайлымдай қызынан Нағыз қазақ баласы.
Киіктің ерке лағындай, Рамазан жігіт сұлтаны,
Мың бұралып билейді Көркіне сай мінезі.
Билесе біздің Сания Ақылымен әрдайым,
Табаны жерге тимейдай. Топты бастап жүреді.
Болса да бар ақылы, Бақшадан бір қалмайды,
Анасының еркесі. Жымиып күліп алдайды.
Қолқанат біздің Алина Билегенде Ералы,
Әпкелеріне көмекші. Алдына жан салмайды.
Барлық іске ұқыпты, Болсада момын мінезі,
Тиянақты тірлігі Достарына сыйлы еді.
Болады біздің Жанел жан, Мектепке енді барады,
Сыныбының үздігі. Ержетті біздің Асылжан.
Ақылына көркі сай, Айналайын Абдулбаисид,
Осындай қыз бар ма екен, Мектепке енді барасын.
Нағыз қызы қазақтың Жақсы оқып сабақты,
Ибалы біздің Айғаным. Тек бестік баға аларсын.
Өзі зерек ұғымтал, Зерек бала тіл алғыш,
Өзі пысық тіл алғыш. Ақылды бала Нұрасыл.
Еркежанның мектепке, Жақсы оқып сабақты,
Баратыны біз үшін, «5»деген баға алсың.
Өте үлкен қуаныш.
Әңгіме айтып сыбырлап, Қай кезде де үздік боп, Ботадай көзі мөлдіреп,
Отыратын жыбырлап. Ісімен көзге түседі. Жайраң қағып жүреді.
Мектепте қайтер екенсің, Ержетті Бекнұр баламыз Ақылды біздің Елжан,
Ибрагим біздің жыбырлақ. Мектепке енді кетеді. Топты бастай біледі.
Күләш
Түгелбайқызы-Ал, балалар бүгін естен кетпес мерекені тойлағалы отырмыз, көптеген қонақтар мен ата-аналарың келіп, сендерді құттықтап қуаныштарыңа ортақ болып отыр.
Қандай бала болмайық,
Ата-анамызға дәріміз.
Көтерсінші көңілдерін,
Ән салайық бәріміз.- Балалардың орындауында «Тілашар» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Тілашар»
1.Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән салып билеп ойнаймыз.
Бүгін үйде мереке,
Тілашар тойын той-лай-мыз.
Қ-сы: Э-э-эй! Талшыбықтай бойыма
Әдемі көйлек жарасар.
Келіңдер менің тойыма
Тойымның аты "Тілашар". - 2 рет.
2.Қош айтып балабақшаға,
Мектепке енді барамын.
Отырам алғаш партаға
Үлгілі шәкірт бо-ла-мын.
Қ-сы:
3.Ықшамды сөмке аламын
Әліппе, дәптер саламын.
6 - ға толам мен бүгін
Анама еріп ба-ра-мын.
Қ-сы:
(Балалар әнді орындап болғаннан кейін орындарына отырады).
Жанна
Қайратқызы -Біздің балалар көрікті,
«Тілашар» тойына келіпті.
Шапалақтап қолдайық,
Би-билетпей қоймайық.--Бүгінгі мерекемізге арналған «Қоштасу вальс» биін тамашалаңыздар!
Би: «Қоштасу вальсі»
Күләш
Түгелбайқызы- Тәрбиеші, тәрбиеші,
Жәй көрінер айтқанға.
Бағбаным-ау, балапандар,
Сіздерсіз қанат қаққанба?
Тыңдап айтқан ақылдарды,
Жаттап өсті сөздерді.
Мейлі жылжып күндер өтсін,
Ұмытпайды өздеріңді! - Құрметті тәрбиеші апайлар, сіздерге балалар ризашылықтарын білдіріп, тілектерін айтады. Қабыл алыңыздар!
Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы,
Меңгеруші апайға
Ырза ата-анада,
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап дайын.
Қамымызды ойлаған
Гүлжазира Мырзакелдіқызына, мың алғыс.
Біздің Сабира әпкеміз
Маманы оның әдіскер.
Бұл әпкеге қарасақ,
Ақылына көркі сай.
Мақтан етем әр күнде
Аман болшы әрдайым.
Сабира Жүнісбайқызына ,мың алғыс!
Ойыншықта, кеседе,
Шанышқы мен тәрелке,
Орындық, шкаф, төсекте,
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін табатын,
Шаршамайтын күлетін.
Гүлзира әпкеге мың алғыс.
Жалқаулықты тастатып,
Жаттығуды бастатып.
Қимылдатып әр сәтте
Шынықтырған біздерді,
Спортшы Мадина әпкеге мың алғыс.
Ерекше бізде бір апай,
Біз қараймыз таңарқай.
Ағылшын тілін үйреткен
Ешқашан да жалықпай
Жанаркүл апайға, мың алғыс!
Ән салғызып,билетіп,
Ылғи бізбен жүреді,
Тақпақтыда үйретіп
Дина,Айнұр әпкелер
Сіздерге де айтамыз, біз мың алғыс
Бақшадағы күндерді
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші сіңірген
Күләш Түгелбайқызын, Жанна Қайратқызын,
Айгүл әпкелеріміздің,
Еңбектерін ақтаймыз!
Балабақша бесігім,
Қайсысын айта берейік.
Қабыл алшы гүлдерімізді
Сіздерге сыйлап кетейік.
(балалар апай – әпкелерге гүл шоқтарын сыйлайды. Осы кезде тәрбиеші Жанна Қайратқызы қолына ноутбук үстап келеді, төрдегі үстел үстіне қояды.)
Жанна
Қайратқызы – Күләш Түгелбайқызы қараңыз бүгінгі мерекемізге жан-жақтан электронды пошта арқылы құттықтау хаттар келіп жатыр.
Күләш
Түгелбайқызы- О, солайма қанекей оқиықшы.
(екеуі ноутбуктін қасына барып хаттарды оқиды)
Күләш
Түгелбайқызы- Мына жердегі хатта, өткенде аналар мерекесіндегі ертеңгілікте «Балапан» телеарнасынан тілшілер қонаққа келген еді ғой. Міне бізге сол телеарнадан балаларымызға бүгінгі мерекесіне жақсы құттықтау- тілектерін жазып жіберіпті.
Жанна
Қайратқызы – Оқиықшы не деп жазған екен.
-Құрметті «Қызғалдақ» тобы бүгінгі балабақшамын қоштасу мерекесімен құттықтаймыз. Сендерге оқуда озат болуларыңа, биік шыңдардан көріне берулеріңе шын ниетпен тілектеспіз!
«Балапан» телеарнасының ұжымы атынан
Күләш
Түгелбайқызы- О, қандай керемет. Олай болса, «Балапан» телеарнасына рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдіріп балалармен «Біз мектепке барамыз» әнін шырқап берейік. Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін, біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.- -Балалардың орындауында «Біз мектепке барамыз» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: "Біз мектепке барамыз".
(с.ә.А.Меңжанова)
1.Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Қ-сы:
Ән салайық бас қоса
Бақшаменен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен достаса
2.Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз.
Үлкен болып өссек те
Бақшамызды қимаймыз.
3. Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.
Жанна
Қайратқызы – О, бізге тағыда құттықтау хаттар келіп жатыр кімдерден екен оқып көрейін. Балалар бұл сендер сүйіп тыңдайтын, жақсы көретін «Мақта қыз» ертегісіндегі Мақта қыз бен мысық жақсы тілектерін жазып жіберіпті.
Күләш
Түгелбайқызы – Ия, біздің «Қызғалдақ» тобының балалары өткенде қалалық «Қазақ халық ертегілері» атты байқауға қатысқан еді, сол кезде біздің балаларымыз «Мақта қыз» ертегісінің қойлымын көрсеткен еді, әрине ол балаларымыздың жетістігі. Сол үшін Мақта қыз бен мысыққа рахметімізді айтамыз.
(осы кезде ортаға Жалқаубек деген бала келеді. Қолында сөмкесі бар ішінде кітаптар, дәптерлері көрініп тұр. Өзі бір сондай шаршап тұрады)
Жалқаубек- Уф, осы мектеп дегенді кім шығарған екен? Сондай шаршап кеттім, мына сөмкемде ап-ауыр, іші толған кітаптар, дәптерлер, қалам, өшіргіш, сызғыш, қаламсап. Осының бәрін күнде- күнде мектепке көтеріп барамын, көтеріп қайтамын. Сондай шаршадым.
Күләш
Түгелбайқызы- Сәлеметсің бе, Жалқаубек! Неге сонша шаршайсың? Мектеп деген қайта жақсы емеспе? Мектепте білім аласың, көп нәрсені оқып үйренесің. Қарашы мына айналаңдағы балаларға, бүгін олар балабақшамен қоштасып мектепке барғалы жатыр.
Жалқаубек- Ой, мек-теп-ке? Мектепке баруға асықпаңдар, оданда осы балабақшаларыңда қала беріңдер. Қайта балабақшада ойнайсыңдар, тамақ жейсіңдер, уақытында ұйықтайсыңдар бұл деген нағыз рахат өмір емае пе? Ал, мектепте мұндай рахат өмір жоқ, ол жерде әріптерді үйретеді, жазу жазғызады сосын басың аурады, шаршайсыңдар.
Күләш
Түгелбайқызы- Жоқ біздің балалар олай жасамайды, керісінше олар мектепке баруға асығып жүр.Тіптен мектепке баратын сөмкелеріде дайын. Солай емеспе балалар?
Балалар- Ия, біз мектепке баруға асығып жүрміз.
Күләш
Түгелбайқызы- Ал, сенің сөмкең болса іші шашылып, ақтарылып кітаптарың, дәптерлерің көрініп тұр. Біздің балалардың қазір мектепке қандай дайын екенін көресің. Сөмкелерін әдемі етіп жинап көрсетеді.
Ойын: «Мектепке баратын сөмкені жинау»
( Ойынға екі баладан шығып ойнайды. Ойынның соңында Жалқаубекте қызығып ойнайды.)
Жалқаубек- Маған ойындарың өте ұнады. Енді мен сөмкемді әр дайым осылай әдемі етіп жинайтын боламын. Ұқыпты ұстаймын
Күләш
Түгелбайқызы- Жарайсың Жалқаубек, өзіңнің ақылың бар бала екенсің. Енді балалардың орындауында «Жалқаубек» биін тамашала.
Көңілді өскен балалар,
Күлім қағып тұрады.
Тойымызға сән беріп,
Көңілді билеп алады.- Балалардың орындауында «Жалқаубек» биін тамашалаңыздар.
Би: «Жалқаубек»
Жанна
Қайратқызы- Жалқаубек енді сенімен бірге балалар тағыда ойын ойнайды. Бұл ойын саған өте ұнайды деп ойлаймын.
Ойын: «Гүлдерді жинау»
(Жалқаубек ойын кезінде «5» деген баға алып қуанады. Ойын ата-аналармен де ойналады)
Жалқаубек – Балалар енді мен мектепке барғанда өте ұқыпты, ешқашан ерінбейтін, тек «5» деген баға алатын оқушы боламын. Ата-анамды әрдайым қуантатын боламын. Рахмет сендерге достарым. Мен сондай көңілдімін. Енді менің үйге қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар балалар көріскенше!
(Жалқаубек көңілденіп шығып кетеді)
Жанна
Қайратқызы- (осы кезде үстел үстіндегі ноутбук өшіп-жанып тұрады) - Ой, Күләш Түгелбайқызы мына ноутбукке не болды өшіп-жанып, бірде көрсетеді, бірде көрсетпей жатыр.
(Екеуі танқалып қарайды. Осы кезде төбеден жан-жағынан жарқыраған жарықтары бар, ұшқыш тарелка ұшып келеді. Музыка орындалады, бәрі танқалып қарайды. Арғы жақтан біреу сөйлейді)
БҰО- 1-2-3-4-5 ұ-шақ жер-ге қон-ды. Ха-бар-лай-мын 19 ба-ла-бақ-ша-ға кел-дік.
Сә-ле-мет-сің-дер-ме! Ба-ла-лар. Сен-дер-ді бү-гін-гі ме-ре-ке-ле-рің-мен құт-тық-тай-мыз.
Күләш
Түгелбайқызы- Сәлеметсіздер ме, Рахмет сіздерге! Бірақ сіздер кімсіздер?
БҰО- Біз бо-ла-шақ ә-ле-мі-нен, ас-пан-нан ұ-шып кел-ген қо-нақ-тар бо-ла-мыз.
Күләш
Түгелбайқызы- Балалар қараңдаршы мына ұшқыш тарелканың жан-жағынан әдмі жарқыраған жарықтардың жануын. Қандай ғажап.
-Бірақ сіздер қай жерден сөйлеп тұрсыздар. Біз сіздерді көрмей тұрмыз ғой. Аспан әлемі, болашақ елінен дейді ме?
БҰО – Біз-дер «Ро-бот-тар» бо-ла-мыз.
(осы кезде музыка әуені орындалады. «Робот» биін билеп ортаға ұл балалар келеді)
Би: «Роботтар»
Күләш
Түгелбайқызы – Қандай керемет би екен. Сонда бұл «Роботтар» биі болды ғой.
БҰО – Дұ-рыс ай-та-сың-дар бұ-лар Ро-бот-тар. Бо-ла-шақ-та жер-де-де, ас-пан ә-ле-мін-де-де ро-бот-тар жұ-мыс іс-тей- ді.
Күләш
Түгелбайқызы- Керемет қызық екен. Біздер де сол жаққа аспан әлеміне бараламыз ба?
БҰО – Ә-ри-не ба-ра-сың-дар. Мына ба-ла-лар бо-ла-шақ-та мек-теп-те жақ-сы о-қып, са-па-лы бі-лім а-лып бі-ті-ріп, қа-зір-гі да-мып жат-қан ком-пью-тер-лер-ді, тех-ни-ка-лар-ды жақ-сы мең-гер-се бо-ла-шақ ә-ле-мі-не жол а-шық бо-ла-ды.
Жанна
Қайратқызы – Қандай керемет.
БҰО – Ба-ла-лар біз-дер сен-дер- ге түр-лі гео-ме-трия-лық пі-шін-дер-ден тап-сыр-ма-лар ә-кел-дік. Сол пі-шін-дер-ден ға-рыш-қа ұ-ша-тын ұ-шақ-ты құ-рас-ты-ра-сың-дар.
Жанна
Қайратқызы – Әрине біздің балалар мұндай тапсырманы жақсы орындап құрастырады.
Ойын: «Ғарыш ұшағы»
БҰО – Өте дұ-рыс құ-рас-тыр-дың-дар. Бұл ға-рыш ұ-ша-ғы ас-пан-да жо-ға-ры ұ-шып жү-ре-ді. Сен-дер-де о-сын-дай биік-тер-ден кө-рі-ніп, мек-теп-те жақ-сы оқып са-па-лы бі-лім а-лып бо-ла-шақ-та бір-бір ма-ман-дық и-есі бо-лың-дар.
Жанна
Қайратқызы – Рахмет сізге ұшқыш тарелка.
БҰО – Ба-ла-лар бо-ла-шақ-та кез-дес-кен-ше сау бо-лың –дар!
5-4-3-2-1 (ұшқыш тарелка ұшып кетеді)
Жанна
Қайратқызы – Қандай ғажап, қандай керемет күтпеген жерден бізге болашақ әлемінен қонақтар келіп көңілімізді серпілтіп тастады.
Күләш
Түгелбайқызы – Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.
Мектеп-деген білім кені, жыр кені,
Мектеп-деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп-деген тәрбиеші адамға,
Мектеп-деген даналардың мекені.- Құрметті қонақтар, осы мектеп тақырыбында балалардың «Біз мектепке барамыз» атты кішкентай көрінісін тамашалаңыздар.
(Осы кезде ортаға Алдияр келеді )
Авт:- Алдиярда бүгін мереке,
Мектепке алғаш барады.
Барша жұртты қаратып,
Адамдар кетіп барады.
Бірақ Алдияр жалғыз емес,
Соңында кім келеді?
Алдиярдың соңында асығып кележатқан. (Сания анасы болып келеді)
Анасы – Мен ғой анасы (Алдиярдың үсті-басын дұрыстайды)
Авт: - Алдиярдың соңынан тағы кім жүгіріп келеді? (Асылжан әкесі болып келеді)
Әкесі – Мен ғой әкесі (қолында баласының сөмкесі бар)
Авт: - Алдиярдың соңында кім ақсаңдап келеді? (Нұрай әжесі болып келеді)
Әжесі – Мен ғой әжесі.
Авт: - Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді? (Елжан атасы болып келеді)
Атасы – Мен ғой атасы.
Авт: - Айтыңдаршы неліктен Алдиярға тіркесіп алдыңдар? Алдияр сонда сіздерді сүреп жүреді ме?
Анасы – Мектепке барарда көйлегінің ілгегін кім салады?
Әкесі – Сөмкесін кім ұстап жүреді?
Әжесі – Қарны ашса бауырсақты кім жегізеді?
Атасы – Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар – Алдиярдың өзі!!!
Анасы – Ол әлі кішкентай ғой!
Әкесі – Ол әлі әлсіз ғой!
Әжесі – Ол әлі жүдеу ғой!
Атасы – Ол көп аура береді!
Анасы – Менің кішкентай баламды аяңдаршы. (Басынан сипалайды)
Әкесі – Мен әдейі жұмыстан сұранып келдім сөмкесін көтеру үшін.
Әжесі – Немеремнің қарны ашады деп бауырсақ алып жүрмін.
Атасы – Жіберіңдерші бәтеңкесінің бауын байлайын. (бауын байлайды)
( 5-уі қол ұстасып тұрады)
Авт:- Білім деген теңізде,
Желкенді ақ қайықта.
Алдияр біздің мектепке,
Дайындықпен барады.
Қорықпаңдар үлкендер,
Алдияр нық басып өзі барады.
Шақырады асу арманға,
Аппақ асқар сағымдай.
Сол білімнің шыңында,
Толқындайық тынбайық,
Болашағы елімнің,
Ертеңі сен ұл-қыздар.
( осы кезде мектептегі үзіліс кезіндегі қоңыраудың және шулаған балалардың дауыстары естіледі.)
Күләш
Түгелбайқызы - Ой, балалар бұл не болды екен? Бұл дауыстар қайдан шығып жатыр екен?
(Әдемі музыка әуенімен, ортаға Әліппе келеді .)
Әліппе – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Күләш
Түгелбайқызы - Хош келдіңіз Әліппе! Балалар бізге білім елінен қонаққа Әліппе келді.
Әліппе- Балалар бүгінгі «Тілашар» мерекелерің құтты болсын! Ал,сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?
Балалар – Ия, дайынбыз!
Әліппе- Олай болса, мен сендердің балабақшада қалай тәрбие алғандарыңды және білімдеріңді тексеріп көрейін.
Күләш
Түгелбайқызы - Әрине Әліппе, біздің балалар өз білімдерін бұлжытпай орындап береді. Алдымен балалардың көңілді әндерін тамашалайық.
Оқып, білім аласыңдар
Болашақ жолын саласыңдар.
Бақшаменен қоштасып,
Мектепке енді барасыңдар.- Балалардың орындауында «Жүр мектепке баралық» әні шырқалады.
Ән: «Жүр мектепке баралық» әні.
(с.ә. Т.Тайбеков)
1.Жүр мектепке баралық,
1, 2 деп саналық.
Үміт еткен ел-жұртты
Қуантуға жаралық.
Қ-сы: Беу, шіркін балалық,
Есте болсын даналық.
Шыр айналып, би билеп,
Шырғап әнге салайық.
2.Мектеп алтын ұямыз,
Құшағына сиямыз.
Гүл бағынан білімнің
Алуан жеміс жиямы-з.
К-сы:
3.Бақытты ел баласы,
Өскен ақыл данасы.
Биік шыңнан көрінсек,
Оған кімнің таласы.
Қ-сы:
(Әннен кейін Әліппе жерге кубиктерге жазылған әріптерді шашып тастайды. Балаларға ойын ойнауды ұсынады.)
Әліппе – Өте тамаша ән шырқадыңдар, жарайсыңдар. Балалар мен әріптерге өте бай кітаппын, ертең мектепке барғандарыңда ең алғашқы кітаптарың боламын. Менің әріптерімнен түрлі сөздер жазуға болады. Ал, сендер мына әріптерден «АНА», «АТА», «ӘКЕ», «ӘЖЕ» сөздерін құрастырып жазып білесіңдер ме?
Балалар- Әрине құрастыра жазып білеміз.
Ойын: «Әліппемен, әріптерден сөз құрау».
Әліппе- Жарайсыңдар балалар, мектепке баруға дайын екенсіңдер. Мені сондай қуанттыңдар. Олай болса, балалар келіңдер бәріміз би-билеп көңіл көтерейік.
Жалпы би: «Флешмоб»
Балалар:- Үлкен сенім жүктеп алып,
Мектепке кетіп барамыз.
Тәрбиешім өзіңмен
Қоштасу әнін саламыз!!!
Вальс әні: «Қош бол,балабақша!»
(с. С.Қалиев, ә. Р.Төлендиева.)
1.Осында біз өстік, осында, осында
Білімге үйреніп бақшаға келеміз.
Бүгін ән саламыз балабақшамызға
Біз айтып барамыз "Көп рахмет,бақшаға!"
2. Бақшаны сүйеміз, біз өстік осында
Ұмытпаймыз сені бақша ешқашанда
Қоштасу сәлемі саған жол-дай-мыз
Әдемі, әдемі бақшаға сыйлаймыз.
Сау бол, балабақша,сау бол!
Ұмытпаймыз сені бақша ешқашанда!
Қоштасу сәлемі саған жол-дай-мыз
Әдемі, әдемі бақшаға сыйлаймыз.
1 бала:- Қош бол, балабақшамыз,
Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдаймыз,
Балалар:- Сағынармыз әлі-ақ біз!
Жанна Күләш
Қайратқызы Түгелбайқызы
Қуантуға елімді, Елдің атын жазамын,
Қуантуға жерімді, Жердің атын жазамын,
Қуантуға жүректі, Туған тілге тазамын,
Мен мектепке барамын. Батаңды бер қазағым!
– Ал, құрметті қонақтар және ұстаз апайлар балаларыңызға, құттықтау сөз кезегін сіздерге береміз.
(балаларға құттықтау, мақтау сөздер айтылады. Сыйлықтар беріледі. Әліппе балалардың қолдарына бір-бір шарлар беріп далаға өз тілектерін айтып ұшыруды ұсынады.)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген