400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілашар білімге жол ашар"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды сыныптарына тілашар ертеңгілігін өткізу барысында қажет болу мүмкін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы "Тілашар білімге жол ашар"

Мақсаты:  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру. Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу. Сахна мәдениетіне  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фото-шоу,

 Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі даярлық тобының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

І. Кіру сәті - музыкамен кіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мұғалім: Айналайын,балғындар,

Алға бағыт алдыңдар. 

Ертең өсіп  толыңдар 

Елмақтайтын  болыңдар!  

Орындалсын ойларың, 

Құтты болсынтойларың!
Мұғалім: Уа халайық, халайық! Мұнда назар салайық. Бүлдіршіннің ортада  Тілашарын алайық. Қайсы күйші, кім биші, Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр? Таланттарын табайық.

Нұрсезім: Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,


Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем! 

Мұғалім: 

Айналайын балалар,

Алдыңда Мектеп-Ана бар!

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер,даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Нұрсұлтан: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,



Тойымның аты – тілашар.
Т – тәртіпті болайық                      

І – ілімді бойға жинайық               

Л – лашындай биік самғайық      

А – ақылды азамат болайық      

Ш – шыншыл болайық                

А – айбынды болайық                    

Р – рахат өмір сүрейік                     

Әліби: Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт-санасын сақтаймын,

Дала менен қаланың,

Мен мектепке барамын.

Айзере: Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

Нұрайым: Мен оқушы баламын

–Оқып, білім аламын

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

Мерей Мен тәртіпті баламын,

Түгел қағаз, қаламым.

Бір күн қалмай сабақтан,

Кілең «бестік» аламын. 


Санжар: Мектеп — үлкен бағдаршам.

Ұстаз — шырақ ұстаушы. 

Екеуі де аңғарсақ,

 Бағыт жолын нұсқаушы.

Оқушылар: Саған білім жемісін

 Оқулығын береді

Талай адам сол үшін 

Маңдай терін төгеді 

Оқулықты құрметте, 

Күтіп ұста,кірлетпе 

Кішілерге табыс ет 

Дақ түсірмей бір бетке


Вальс: Наш первый вальс

Мұғалім:    Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу.

Балалар, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?  Ендеше тыңдаңдар, мен сұрақтарды оқимын, жауап беруге асығыңдар.

  1. Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

2. Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? 

3. Біздің тұратын жеріміз қалай аталады? 

4. Осындай кең байтақ еліміз бен жерімізді кім басқарып отыр? 

5. Қазақстанның Ел ордасы қай қала? 

6. Еліміздің рәміздерін атаңдар. 

7. Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

 8.Байтерек дегеніміз не?

9.Ол қай жерде орналасқан?

10.Байтерек ертегіні білесізбе?

11.Байтеректің үзындығы қанша метр?

 12.Алтын адам кім?

13.Қай жерден табылған?

14. Бір жылда неше мезгіл бар?

 15. Қазір жылдың қай мезгілі?

 Хор: Біз балдырған баламыз

1-Жамбыл: Көктем әні

2- Еркеназ: Бал бұл жанған гүл шағында Біз Отанның ұланымыз Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз!

Би: 'Алға, Қазақстан!'флешмобы.Видео ролик: 
Халқымыз аналар қауымына жыр шығарған, қанатты сөздерге тірек еткен, ауыздан ауызға тарайтын аналар туралы әсем ән де шығарған. Ең аяғы, «Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» деген мақал аналардың қаншалықты қадірлі адам екенін білдіргендей.Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар!
Ән: Анашым анажаным.

 Би: «Қуыршақ» 
Қорытынды:Өтті сенде қызық шағым,

Балалығым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғадым.


«Балалықпен қоштасу» яғни «Тілашар» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз   біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата – аналарға беріледі.
1- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Ал енді осымен тілашарымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!













































№ 62 мектеп-лицейі



МАД І. ІІ топ

Ертеңгілік



Тақырыбы: "Тілашар білімге жол ашар"









Өткізгендер: Усенбаева Гүлсім

Бисенова Ақгүл













2018жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі