жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тілашар мерекесі
«Тілашар» мерекесі
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.
Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген
сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.
Сахна мәдениетіне
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат,
слайд, фото-шоу
Барысы:
Ұлданай: Армысыздар қымбатты
балалар
Нуржан:Ардақты ата-аналар және қадірлі
ұстаздар!
Мұғалім:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата аналар,ұстаздар.Ата ананың
мейірімі мен аялы алақанының жылуында өсіп,жыл өткен сайын
есейіп,бәрін білгісі,көргісі кеп жүрген бүлдіршіндеріміздімектеп
бесігі қарсы алды.Содан бері аз ғана уақыт өтседе,оқушылардың
білімге деген талпынысы мен тіл байлықтары толысып,дамып
келеді.Міне,қыркүйек айынан бері 3 ай өткелі отыр.Содан бері біздің
оқушыларымыз көптеген нәрсені үйреніп,мектептен өздерінің
деңгейіндегі білім мен тәрбиені алып жатыр.Бүгін біздің алғашқы
тілашар мерекемізге хош келдіңіздер
Ұлданай:Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет
қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып,
«Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар
Нуржан: Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған
қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мереке иелерін
ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:
Ұлданай:Олай болса 1 «К» сынып оқушыларының дайындап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Руслан:Мектеп қамқор анашым
Оқып білім аламын
Өнерпаз боп өсетін
Мен оқушы боламын
Абзал:Міне сынып мектебім
Құралдарым бар менің
Партаға тұнгыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарға толтырдым
Нурлан:Қатарыңа қарасаң
Өзінді өзін танисын
Өзіңді өзің танысаң
Жақсылыққа
жарайсың
Әдемай:Біз бақытты баламыз
Қағаз қалам аламыз
Ұстазымыз үйреткен
Әріптерді саламыз
Ержігіт:Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз
Рамазан:Алты жасқа жеткенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап
Мектебіме беттедім
Ислам: Еркеңіздің мойнына,
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма,
Тойымның аты – тілашар.
Султанбек: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.
Абдолхаким: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Мерейім: Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім
Нұржан:Балалар сендер сықырлаған аяқ дыбысын естіп тұрсындарма?
Хормен :Ия
Ұлданай:Бұл кім болды екен?
Қанекей көрейікші
Сахнаға білім ханшайымы шығады:
Ұлданай:ООо Білім ханшайымы Сәлеметсізбе ,хош келдіңіз.Бүгін бізде мереке өтіп жатыр,сол мерекеде бізге қонақ болыңыз
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме менің достарым.Қуаныштарыңа ортақпын.Мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім.Балалар сұрақтарыма дайынсындар ма?
Оқушылар:Ия
Нұржан:Әрине,Білім ханшайымы,балалар сұрақтарынызға дайын.Оны өзіңіз тексеріп көріңіз.
Білім ханшайымы:Жақсы ендеше менің сұрақтарыма мұқият және дұрыс жауап беріңіздер.
-Балалар мектеп дегеніміз не?
-Мектеп білім ордасы
-Балалар мектеп бізге не береді?
-Мектеп бізге білім береді
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Біз Қазақстанда тұрамыз
-Мемлекеттік тіліміз кай тіл?
-Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі
-Тәуелсіздікке неше жыл болды?
-Тәуелсіздігімізге 26 жыл болады?
Сауат ашудан білімдерімізді байқап көрейік
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дыбыстар 2 ге бөлінеді
-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар 2ге бөлінеді,жуан және жіңішке
-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауыссыз дыбыстар 3 ке бөлінеді
-Қатаң ұяң үнді
-Кеңістік фигураларды атап берейікші
-Шар целиндр пирамида конус текше
-Жазық фигураларды кім айтады?
-Үшбұрыш төртбұрыш шаршы дөңгелек
-Қосудың компоненттерін кім атайды?
-Қосылғыш қосылғыш қосындының мәні
-Азайтудың компоненттерін кім айтады?
-Азайгыш азайтқышайырманың мәні
-Ендеше балалар уш тілде тақпақ білеміз ба ?
Нұржан:Білім ханшайымы бүгінгі балалардың мерекеге дайындаған әні мен билерін бирге тамашалаңыз
Ұлданай :
Хор: «Біз тәртіпті баламыз» әні.
Нұржан:Көрініс «Оқушының достары»
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі
Автор-Ұлданай: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Қалам-Нурдәулет: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-Сұңқар : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-Нурдәулет: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы- Сұңқар: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Нурдәулет: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
Автор-Ұлданай: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Оқушы-Нурдәулет: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
Дәптер-Диас: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Сулухан: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
Әліппе-Аяулым: Ал мен болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-Сәулет: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-Нурдәулет: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-Сұңқар: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-Ұлданай: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Нұржан:Ұлдар биі «Флешмоб»
Ұлданай:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырамын
Мың бұралған биімен
Би «Айгөлек »
Нұржан:Барына риза болсын көрермендер
Байқадық білгенді де білмегенді
Осымен тілашарды тамамдасақ
Тағыда үйренеміз аман болсақ
Ұлданай :Осымен мерекемізді аяқтаймыз хош сау болыңыздар.Сөз кезегін ата аналарға берсек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген