400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілашар тобына арналған «Кездесу орны» атты сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін үйреніп жүрген Тілашар, А1 тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі КММ


Мұғалім: Құрманғалиева Гүлнұр Төлеуғазықызы


Мекеме:

Қала тұрғындары

Деңгейі:

Тілашар

Сабақ тақырыбы:

«Кездесу орны»

Сабақтың мақсаты:

  1. Тыңдаушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып қазақ тілінен 72 сағат көлемінде меңгерген білім деңгейлерін көрсету. Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.

  2. Өз ойларын тұжырымдап, сұрақтарға дер кезінде жауап бере білуге, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

  3. Тыңдаушыларды қазақша нақты, ұтымды жауап беруге және қазақ тілін жалғастырып оқуға ынталандыру. Қазақ тіліне деген ынта, тілектерін арттыру.

Типі:

Қорытынды-нәтиже сабақ

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, презентация.

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікір алысу.

Сабақ барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар. «Кездесу орны» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің бағдарламамыздың мақсаты – біздің жігітімізді бойжеткенмен табыстыру. Бағдарламаны жүргізетін мен – Гүлнұр және кейіпкерлерімізге ақыл айтып, пікірлесетін жеңгетай - Татьяна, астролог Татьяна. Олай болса сіздерді басты кейіпкерімізбен таныстырайын. Экранға назар аударайық.

Экраннан көреміз: Марат – 35 жаста, Өскемен қаласында туды. Үйленбеген. Балаларды өте жақсы көреді.(презентация)

Жүргізуші: Олай болса, Маратты қошеметпен студияға шақырайық. Марат кіреді, амандасады және өз орнына отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Марат, көңіл-күйіңіз қалай?

Марат: Тамаша!!!

Жүргізуші: Бүгін кіммен келдіңіз?

Марат: Бүгін менімен менің әріптесім Ирина келді.

Жүргізуші жеңгетайға қарап: Сіз біздің күйеу жігітіміз туралы не айтасыз?

Жеңгетай: Біздің бүгінгі күйеу жігітіміз үйленбеген. Марат үйленгіңіз келе ме?

Марат: Иә, үйленгім келеді.

Жеңгетай: Онда менің кеңесімді тыңдаңыз. Болашақ жарыңызды жүрекпен емес, ақылмен таңдаңыз.

Жүргізуші: Ал біздің астролог бізге не айтады екен?

Астролог: Мараттың жұлдызы Марс, осы белгінің қорғау аясында туды. Оның мінезі шыдамды, аңқау, көңілді жігіт. Әйелінің бәрін өз жасағанын жақсы көреді.

Жүргізуші: Сіздің болашақ жарыңыз қандай болу керек?

Марат: Менің болашақ жарым ақылды, әдемі, қарапайым, пысық әйел болу керек.

Жүргізуші: Ендеше біздің бірінші кейіпкерімізбен танысайық. Экранға назар аударайық.

Оксана, 30 жаста, балаларды жақсы көреді. Үй шаруасымен айналысқанды жақсы көреді. 20 жасында тұрмысқа шыққысы келді, бірақ күйеу жігітінің қорылмен ұйықтайтынын білгенде оны тастап кетті. Естелігі ретінде оған жақсы көретін өзінің күшігін тастап кетті.

Марат шығып, Оксананы қарсы алады.

Оксана: Сәлеметсізбе, Марат! Менің атым Оксана. Сізбен танысқаныма қуаныштымын.

Марат Оксананы орнына жеткізіп, өз орнына барады.

Жүргізуші: Оксана бүгін кіммен келіп отырсыз?

Оксана: Бүгін менімен анам Лариса келіп отыр.

Жүргізуші: Сіз бұрынғы жігітіңізбен неше жыл кездестіңіз?

Татьяна: 1 жыл.

Жүргізуші: Өз күшігіңізді сыйлағанда аядыңыз ба?

Оксана: Бұл күшікті аядым, бірақ жігітіме сыйлыққа қалдырдым.

Жүргізуші: Жаныңызда қандай жігітті көргіңіз келеді?

Оксана: Ақжарқын, мейірімді және мені шын сүйетін жігітті көргім келеді.

Астролог: Сіз жақында ондай жігітпен кездесесіз. Бірақ ол жігіт Марат емес. Жұлдыздардың айтуынша, сіздің мінездеріңіз бөлек.

Жүргізуші: Ал Оксананың анасы қызы туралы бізге не айтады?

Лариса: Оксана өз жұмысын жақсы көреді. Достарына үнемі көмектеседі. Жігітінен ешқашан ақша сұрамайды. Қызымды жалғыз тәрбиеледім, мен оған көмектесемін.

Жүргізуші: Тамаша. Оксананың Маратқа жасаған тосын сыйы бар екен.

Оксана: Мен Маратқа ........................................................

Жүргізуші: Рахмет, Оксана. Өз бөлмеңізге барыңыз.

Жүргізуші: Мараттың әріптесі Ирина бізге не айтасыз?

Ирина: Маған Оксана ұнады. Ол жақсы әйел бола алады. Бірақ Маратқа келмейтін сияқты.

Жүргізуші: Олай болса, келесі кейіпкерімізбен танысайық.

Анастасия, 21 жаста, қорғаушы болып жұмыс істейді. (Өзі туралы айтады).

Жүргізуші: Анастасия, сәлеметсізбе! Сіз бағдарламаға кіммен келіп тұрсыз.

Анастасия: Мен анам Тамарамен келдім.

Жүргізуші: Анасы бізге Анастасия туралы не айтып береді.

Анасы: Қызым ақылды, қарапайым. Алдына қойған мақсаты бар. Мен оған жақсы тәрбие бердім. Сондықтан әлі тұрмыста емес.

Марат: Мен демалыс күндері парашютпен ұшамын. Сен осыған қалай қарайсың?

Анастасия: Ооо, маған да өте ұнайды, ұшқым келеді.

Жүргізуші: Настия, сіз бізге не дайындап әкелдіңіз?

Анастасия: Мен Маратқа ............. пісіріп әкелдім.

Жүргізуші: Анастасия, рахмет сізге. Бөлмеңізге барыңыз. Ирина, сіз Анастасия туралы не айтасыз.

Ирина: Анастасия жақсы қыз, бірақ момын сияқты. Ал Маратқа пысық әйел керек.

Жүргізуші: Ал біздің жеңгетайымыз не айтады?

Жеңгетай: Маған Анастасия ұнады. Марат, сізге сұрағым бар. Сізге сонда қандай әйел керек?

Марат: Маған әдемі, ақылды, білімді әйел керек.

Астролог: Қалындық Маратқа лайық емес. Өйткені, олардың жұлдыздары бір-біріне сай емес.

Жүргізуші: Анастасия, сізге рахмет. Ал біз экранға назар аударайық.

Олеся, 27 жаста, бала кезінен билегенді ұнатады. Кейін осы қызығушылығы оның сүйікті ісіне айналды. Сондықтан жігіттерге де уақыты болмады. Марат оны түсінінетініне сенеді.

Олеся: Сәлеметсіз бе, Марат!

Марат: Сәлеметсізбе, Олеся!

Жүргізуші: Сіз кіммен келдіңіз.

Олеся: Менімен құрбым Настя келу керек еді.Келе алмады.

Жүргізуші: Олеся, өзіңіз туралы қысқаша айтып беріңізші.

Олеся: Жасым 27-де, әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Биді бала кезінен ұнатамын. Ол менің сүйікті ісім.

Жеңгетай: Марат, егерде Еленаны тойға билеуге шақырса, сіз оған қалай қарайсыз?

Марат: Мен оған қарсымын. Әйелге билеуге болмайды.

Жеңгетай: Олеся, егер Марат Сізді таңдаса,сіз онымен бірге шығасыз ба?

Олеся: Ия, шығамын.

Жүргізуші: Олеся, сіздің Маратқа қандай тосынсыйыңыз бар?

Олеся: Мен Маратқа .........................

Марат: Рахмет Олеся, тамаша!

Жеңгетай: Олеся – дарынды қыз. Біздің жігітімізге осындай қыз лайық. Жақсы әйел, жақсы ана болады.

Астролог: Олеся мен Марат жұлдыздары бір-біріне келеді. Бірақ Марат қызғаншақ, оны ұмытпау керек.

Жүргізуші: Татьяна, Сіз бүгінгі аруларымыз туралы не айта аласыз. Маратқа қандай кеңес бересіз?

Жеңгетай: Қыздардың барлығы жақсы. Бәрі әдемі, ақылды. Біздің жігітіміз да жақсы. Маратқа Оксана лайық деп айтар едім. Оксана сүйкімді, ақылды, нәзік бикеш. Өз мақсатына жетеді.

Жүргізуші: Ал Мараттың әріптесі Ирина не дейді екен?

Ирина: Маған 3 қыз да ұнады. Бірақ мен Маратқа Анастасияны таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Ол тартымды, ақылды. Олар бақытты болады.

Жүргізуші: Марат, таңдайтын уақыт келді. Сәттілік тілейміз. Біз сізді қандай таңдау жасасаңыз да, қолдаймыз.

Марат барып қалындықты таңдайды да залдың ортасына шығады. Тыңдаушылар «Той жыры» әнін айтады.

Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің бағдарламаның арқасында басты кейіпкеріміз Марат өзінің жүрегінің жартысын да тапты. Біздің мекенжайымыз Қ.Қайсенов көшесі, 121. Келіңіздер, күтеміз. Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!


Салтанатты түрде алғыс хаттар мен куәліктер табысталады.




















Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы






БЕКІТЕМІН

ШҚ лингвистикалық

орталығының аға әдіскері _________ Акласова С.И.

« » сәуір 2017 жыл








Қазақ тілінің 72 сағаттық «Тілашар» курсы бойынша

қарапайым деңгейге арналған сабақ үлгісі


ТАҚЫРЫБЫ: «КЕЗДЕСУ ОРНЫ»

Өткізілу күні: 10.04.2017ж.













Оқытушы: Құрманғалиева Г.Т.








Өскемен,2017


«Кездесу орны» бағдарламасының сценарийі


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар. «Кездесу орны» бағдарламасына қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің бағдарламамыздың мақсаты – біздің жігітімізді бойжеткенмен табыстыру. Бағдарламаны жүргізетін мен – Гүлнұр және кейіпкерлерімізге ақыл айтып, пікірлесетін жеңгетай - Танья, астролог Татьяна. Олай болса сіздерді басты кейіпкерімізбен таныстырайын. Экранға назар аударайық.

Экраннан көреміз: Марат – 35 жаста, Өскемен қаласында туды. Үйленбеген. Балаларды өте жақсы көреді.(ролик)

Жүргізуші: Олай болса, Маратты қошеметпен студияға шақырайық. Марат кіреді, амандасады және өз орнына отырады.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Марат, көңіл-күйіңіз қалай?

Марат: Тамаша!!!

Жүргізуші: Бүгін кіммен келдіңіз?

Марат: Бүгін менімен менің әріптесім Ирина келді.

Жүргізуші жеңгетайға қарап: Сіз біздің күйеу жігітіміз туралы не айтасыз?

Жеңгетай: Біздің бүгінгі күйеу жігітіміз үйленбеген. Марат үйленгіңіз келе ме?

Марат: Иә, үйленгім келеді.

Жеңгетай: Онда менің кеңесімді тыңдаңыз. Болашақ жарыңызды жүрекпен емес, ақылмен таңдаңыз.

Жүргізуші: Ал біздің астролог бізге не айтады екен?

Астролог: Мараттың жұлдызы ........, Марс белгісінің қорғау аясында туды. Оның мінезі шыдамды, аңқау. Әйелінің бәрін өз қолына алғандығын жақсы көреді.

Жүргізуші: Сіздің болашақ жарыңыз қандай болу керек?

Дмитрий: Менің болашақ жарым ақылды, әдемі, қарапайым, пысық әйел болу керек.

Жүргізуші: Ендеше біздің бірінші кейіпкерімізбен танысайық. Экранға назар аударайық.

Оксана, 34 жаста, ........, балаларды жақсы көреді. Үй шаруасымен айналысқанды жақсы көреді. 20 жасында тұрмысқа шыққысы келді, бірақ күйеу жігітінің қорылмен ұйықтайтынын білгенде оны тастап кетті. Естелігі ретінде оған жақсы көретін өзінің күшігін тастап кетті.

Марат шығып, Оксананы қарсы алады.

Оксана: Сәлеметсізбе, Марат! Менің атым Оксана. Сізбен танысқаныма қуаныштымын.

Марат Оксананы орнына жеткізіп, өз орнына барады.

Жүргізуші: Оксана бүгін кіммен келіп отырсыз?

Оксана: Бүгін менімен менің анам Лариса келіп отыр.

Жүргізуші: Сіз бұрынғы жігітіңізбен неше жыл кездестіңіз?

Татьяна: 1 жыл.

Жүргізуші: Өз күшігіңізді қалдырғанда, жүрегіңіз ауырған жоқ па?

Оксана: Бұл күшікті мен өзім сатып алғанмын. Сондықтан жігітіме сыйлық ретінде қалдырдым.

Жүргізуші: Жаныңызда қандай жігітті көргіңіз келеді?

Оксана: Ақжарқын, мейірімді және мені шын сүйетін жігітті көргім келеді.

Астролог: Сіз жақында ондай жігітпен кездесесіз. Бірақ ол жігіт Марат емес. Жұлдыздардың айтуынша, сіздің мінездеріңіз бөлек.

Жүргізуші: Ал Оксананың анасы қызы туралы бізге не айтады?

Лариса: Оксана өз жұмысын жақсы көреді. Достарына үнемі көмектеседі. Жігітінен ешқашан ақша сұрамайды. Қызымды жалғыз тәрбиеледім, мен оған көмектесемін.

Жүргізуші: Тамаша. Оксананың Маратқа жасаған тосын сыйы бар екен.

Оксана: Мен Маратқа ........................................................

Жүргізуші: Рахмет, Оксана. Өз бөлмеңізге барыңыз.

Жүргізуші: Мараттың әріптесі бізге не айта алады.

Ирина: Маған Оксана ұнады. Ол жақсы әйел бола алады. Бірақ Маратқа келмейтін сияқты.

Жүргізуші: Олай болса, келесі кейіпкерімізбен танысайық.

Анастасия, 21 жаста, қорғаушы болып жұмыс істейді. Бос уақытында шахмат ойнауды ұнатады, волейбол ойынын ойнайды. Бірнеше тілді біледі.

Жүргізуші: Анастасия, сәлеметсізбе! Сіз бағдарламаға кіммен келіп тұрсыз.

Анастасия: Мен анам Тамарамен келдім.

Жүргізуші: Анасы бізге Анастасия туралы не айтып береді.

Анасы: Қызым ақылды, қарапайым. Алдына қойған мақсаты бар. Мен оған жақсы тәрбие бердім. Сондықтан әлі тұрмыста емес.

Марат: Мен демалыс күндері парашютпен ұшамын. Сен осыған қалай қарайсың?

Анастасия: Не айтарымды білмеймін. Мен биіктіктен қорқамын.

Жүргізуші: Алена, сіз бізге не дайындап әкелдіңіз?

Анастасия: Мен Маратқа ............. пісіріп әкелдім.

Жүргізуші: Анастасия, рахмет сізге. Бөлмеңізге барыңыз. Ирина, сіз Анастасия туралы не айтасыз.

Ирина: Анастасия жақсы қыз, бірақ момын сияқты. Ал Маратқа пысық әйел керек.

Жүргізуші: Ал біздің жеңгетайымыз не айтады?

Жеңгетай: Маған Анастасия ұнады. Марат, сізге сұрағым бар. Сізге сонда қандай әйел керек?

Марат: Маған әдемі, ақылды, білімді әйел керек.

Астролог: Қалындық Маратқа лайық емес. Өйткені, олардың жұлдыздары бір-біріне сай емес.

Жүргізуші: Анастасия, сізге рахмет. Ал біз экранға назар аударайық.

Олеся, 27 жаста, бала кезінен билегенді ұнатады. Кейін осы қызығушылығы оның сүйікті ісіне айналды. Сондықтан жігіттерге де уақыты болмады. Марат оны түсінінетініне сенеді.

Олеся: Сәлеметсіз бе, Марат!

Марат: Сәлеметсізбе, Олеся!

Жүргізуші: Сіз кіммен келдіңіз.

Олеся: Менімен құрбым Настя келу керек еді.Келе алмады.

Жүргізуші: Олеся, өзіңіз туралы қысқаша айтып беріңізші.

Олеся: Жасым 27-де, әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеймін. Биді бала кезінен ұнатамын. Ол менің сүйікті ісім.

Жеңгетай: Марат, егерде Еленаны тойға билеуге шақырса, сіз оған қалай қарайсыз?

Марат: Мен оған қарсымын. Әйелге билеуге болмайды.

Жеңгетай: Олеся, егер Марат Сізді таңдаса,сіз онымен бірге шығасыз ба?

Елена: Ия, шығамын.

Жүргізуші: Олеся, сіздің Маратқа қандай тосынсыйыңыз бар?

Олеся: .......................................

Дмитрий: Рахмет Олеся, тамаша!

Жеңгетай: Олеся – дарынды қыз. Біздің жігітімізге осындай қыз лайық. Жақсы әйел, жақсы ана болады.

Астролог: Олеся мен Марат жұлдыздары бір-біріне келеді. Бірақ Марат қызғаншақ, оны ұмытпау керек.

Жүргізуші: Татьяна, Сіз бүгінгі аруларымыз туралы не айта аласыз. Маратқа қандай кеңес бересіз?

Жеңгетай: Қыздардың барлығы жақсы. Бәрі әдемі, ақылды. Біздің жігітіміз да жақсы. Маратқа Оксана лайық деп айтар едім. Оксана сүйкімді, ақылды, нәзік бикеш. Өз мақсатына жетеді.

Жүргізуші: Ал Мараттың әріптесі Ирина не дейді екен?

Ирина: Маған 4 қыз ұнады. Бірақ мен Маратқа Анастасияны таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Ол тартымды, ақылды. Олар бақытты болады.

Жүргізуші: Марат, таңдайтын уақыт келді. Сәттілік тілейміз. Біз сізді қандай таңдау жасасаңыз да, қолдаймыз.

Марат барып қалындықты таңдайды да залдың ортасына шығады. Тыңдаушылар «Кездесу» өлеңін айтады.

Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің бағдарламаның арқасында басты кейіпкеріміз Марат өзінің жүрегінің жартысын да тапты. Біздің мекенжайымыз Қ.Қайсенов көшесі, 121. Келіңіздер, күтеміз. Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 желтоқсан
668
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі