400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Тілашар той "Бақытты балалық шақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу шеберлігіне үйрету, тілдерін сындыру, жаттықтыру, тіл байлықтарын, сөздік қорын дамыту. в)Зейінділікке, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімге, өнерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бақытты балалық шақ» атты тілашар тойы.

Мақсаты:

а)Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. б)Сөйлеу шеберлігіне үйрету, тілдерін сындыру, жаттықтыру,

тіл байлықтарын, сөздік қорын дамыту.

в)Зейінділікке, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімге, өнерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: шарлар, гүлдер, әріптер, сандар, буклеттер.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ардақты ата – аналар, бақытты балдырғандар және көрермендер! Бүгінгі «Бақытты балалық шақ» атты тілашар тойына қош келдіңіздер!

Қуаныш бүгін – мереке

Шуағын шашып тұр әлем.

«Тілашар» тойы мектепте

Шәкірт, ұстаз, ата-ана

Қуаныш бүгін бәріңде.

Қазақ халқы той бастағанда шашу шашқан. Сол әдетті сақтап бізде -------------------әжесіне осы рәсімді жасатайық.

Қадамдарың құтты болсын! Жақсы, талантты шәкірт болыңдар!

(шашу шашылады)

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Ал ендеше бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!

Мектеп вальсі

Ақерке

Уа халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршінің ортада ,

Тілашарын алайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр?

Таланттарын табайық

Ернияз

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы

Нұрайлым

6 жасқа келгенім

Еркеліктен кеткенім

Кітабымды қолтықтап

Мектебіме жеткенім

С.Айкөркем

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық.

Нұрсейт

Күлім қағып көкте күн

Тал шыбықтай көктедім

Әлдилейді анамдай

Мейірімдей мектебім.

Назгуль

Мектеп қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін

Біз оқушы боламыз

Жангүлім

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойлады

Ән : «Балақан»

Просто,просто.(қыздар)

Нұрхан

Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім

Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім


Алимжан

Әдемі біз баламыз

Әр түрлі қимыл саламыз

Әсем ұл мен қыз болып

Әлемге әйгілі боламыз

Еркебұлан

Мектебің мынау класың

Осында 10 жыл тұрасың

Тарыдай боп кіресің,

Таудай боп шығасың.

Эльмира

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Күнде бестік аламы

Ернур

Завтра в школу я пойду,

Книжки, ручки соберу

В свой портфель красивый,

Я такой счастливый

Ахмедияр

Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!


Дид.ойын: Гүл күлтешелерін құрастыр.

Жаяу әні (Алижанның орындауында)

Жүргізуші :

Өсірді ой мен сананы

Тіл дамыту сабағы

Жаңылмай айтып үйренді

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды

Ал қанеки, кімнің тілі жатық екен, соны сынап көрейік (жаңылтпаш айтқызу)

Ақерке

Аулада көк шөп жатыр,

Көк шөпте көк доп жатыр.

Аяжан

Ақ тайлақ ақ па,

Қара тайлақ ақ па?


Эльмира

Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

Айлана

Қаштым қаптап

Ұшты қалпақ

Бала сатпақ

Аяқ батпақ

Жангүлім

Жағажайды жағалай

Жүгіреді Қамажай.

Ән : «Қошақаным »

Моряктар биі.(ұлдар)

Жүргізуші:

Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болсада,

Шешпей оны қоймайық.

1.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

2.

Жылт – жылт етеді,

Жылғадан өтеді ( су )

3.

Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)

4.

Айдалада ақ отау

Аузы – мұрны жоқ отау (жұмыртқа)

5.

Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама (кітап)


Ойын : «Алмалар жинау»

У оленя дом большой (Сергіту сәті)


Жүргізуші:

Сонымен қатар бүлдіршіндеріміз санамақта айта алады. Ендеше назар қойып тыңдайық.

Ретіменен тізбелі

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ.

Аян

Ал айтайын санамақ.

Аңғар санын санап – ақ,

Бір – білеу.

Екі – егеу.

Үстік – үшеу.

Сабы – бесеу.

Саны – нешеу?

Әбілмансұр

Бір дегенім – білеу

Екі дегенім – егеу

Үш дегенім – үскі

Төрт дегенім – төсек

Бес дегенім – бесік

Алты дегенім – асық

Жеті дегенім – желке

Сегіз дегенім – серке

Тоғыз дегенім – торқа

Он дегенім – оймақ

Он бір қара жұмбақ.

Ернар

Бірім – бір

Екім – екі

Үшім – үш

Төртім – төрт

Бесім – бес

Алтым – алты

Жетім – жеті

Сегізім – сегіз

Тоғызым – тоғыз

Оным – он

Қайталашы. ай күнім.

М.Айкөркем

Бір дегенім – бесік

Шықтым содан өсіп

Екі дегенім – елім

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт.

Үміт артар жігіт

Төрт дегенім – төзім.

Төзе білем өзім

Бес дегенім –бақыт,

Бағалайтын – уақыт.

Алижан

Адамда қанша бауыр бар? 1.

Қанша өкпе бар? 2.

Бір тоқсанда неше ай бар? 3.

Есеп шығаратын амал қанша? 4.

Күнде оқылатын намаз қанша? 5.

Әлемде қанша құрлық бар? 6.

Бір аптада неше күн бар? 7.

Малда қанша жілік бар? 8.

Домбыраның пернесі қанша? 9.

Цифрлар қанша болады? 10.

Міне өстіп жаңалап

Айтып шықтық санамақ.

Еркебұлан

1 – дегенім бөрік.

Кисең бойға көрік.

2 – дегенім етік.

Киер сәнді етіп.

3 – дегенім ішік.

Теріден тігер пішіп.

4 – дегенім тымақ.

Қыста кисең жылы ақ.

5 – дегенім байпақ.

Іші жылы тайпақ.

Ән: «Он саусақ»

Бипыл.(қыздар)

Жүргізуші:

Балалар, сендер мектепке келіп шәкірт болдыңдар. Ендеше мектеп туралы қандай өлеңдер оқып бересіңдер

Мерхан

6 –ға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып

Мектепке барам асыға


Айлана

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

Аяжан

Бар байлықты басқарып

Оқу –білім тұрады

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады

Назгуль

Здравствуй, школа! Снова осень.

Вновь зовёт учебный класс.

Мы учителя попросим

Увести в мир знаний нас.

Сезім

Өнерпазың көп сенің:
Өнер табам деп келдім,
Өз бесігім – мектебім!

Шадияр

Ата – анамнан кейінгі

Жақыным сенсін мектебім

Ер жеткенге дейінгі

Ақылым сенсің мектебім.

Перизат

Я сегодня – первоклассник,

А вчера ходил в детсад.

У меня весёлый праздник,

Пусть игрушки полежат

Алимжан

My cat is black

My cat is fat

I love my cat

My cat is rat

Аяулым

Баламыз біз бәріміз.

     Бір – бір үйдін сәніміз      

Бірге оқып ойнаймыз

Бейбітшілік әніміз



Хормен

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын

Хор ән «Бізге мектеп үйретеді»

Қара жорға(ұлдар)

Ал енді ата- аналармен « Жалғасын тап» ойыны ойнатылады. І.Мақал – мәтелдің жалғасын табу.

  1. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

  2. Ата – бәйтерек , бала жапырақ.

  3. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде.

  4. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  5. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

ІІ. Жұмбақтар.

  1. Кім барлық тілді біледі? (жаңғырық)

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)

  3. Бір бұтақ,

Бір бұтақта

Төрт бұтақ. (айыр)

  1. Екі құлақты ,

Он екі аяқты. (домбыра)

  1. Екі семсер айқасқан,

Оқта –текте шайқасқан. (қайшы)


фиксики (флешмоб)(общий класс)

Жүргізуші:

Ата – ана қуанып бір шаттанасың

Оқып жүр деп балаңды мақтанасың ,

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық мықты мектептен аттанарсың – дей келе «Бақытты балалық шақ » атты тілашар тойымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі