400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Тілашар тойы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың мұғалімдерге көмегі зор. Себебі, бүлдіршіндердің алғашқы "Тілашар" тойы аталып өтілмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тілашар мерекесі

Мақсаты: 1.Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.

2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер,банер, зал шарлармен безендірілген.

Барысы: (ҚР гимні)

Мұғалімнің алғы сөзі:

Армысыңдар, қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағын алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1 «Ғ» сынып оқушыларының «Тілашар» мерекесіне жиналып отырсыздар. Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана. Ендеше, құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар барлықтарыңыздарға бақыт пен қуаныш, бүлдіршіндермізге білімді де білікті елдің азаматы болсын дегім келеді.

Мұғалім:

Айналайын, балалар!

Алдыңда Мектеп-Ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер даналар.

Айналайын, балғындар!

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар,

Ел мақтаны болыңдар!

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Шашу,шашу шашайық,

Бұл мереке бұл тойдың

Бастаңғысын бастайық,-деп ортаға ақ тілегімен- әжемізді шақырайық

1-жүргізуші:

Қуаныш – бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр бүгін.

Тілашарға келген қуанып



Екеуі: Қонақтарға мың сәлем!

7 оқушы ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.

1-оқушы:

Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға! (Т әріпін көтереді)

2-оқушы:

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын, түрін де. (І әріпін көтереді)

3-оқушы:

Бар байлықты басқарып,

Оқу – білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады. (Л әріпін көтереді)

4-оқушы:

Бой алдырар селтеңге

Мен емеспін еркең де

оқушы болам зейінді

Өнерге, іске биімді (А әріпін көтереді)

5-оқушы:

Мектеп – қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Үлгілі боп өсетін,

Біз – оқушы боламыз! (Ш әріпін көтереді)

6-оқушы:

Тану үшін бабаңды

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды



Мектеп керек адамға (А әріпін көтереді)

7-оқушы:

Күн нұрындай білімнің

Шуағы мол білімнің

Құтты болсын достарым,

Құтты болсын,тойларың (Р әріпін көтереді)

1-жүргізуші: Туған елім-гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін

Лүпілдеген жүрегім,-деп Бәкір Тәжібаев атамыз айтып өткендей біздің Отанға, туған жерге деген жүрекжарды өлеңдерін тыңдайық.

1-оқушы:

Күн шуақты Қазақстан,

Саған ғана үн қосқан.

Жүрегімнің дүрсілі,

Төгіледі жыр-дастан.

2-оқушы

Ең бірінші бақытым-Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ, алтыннан нарқым менің.

3-оқушы

Ал екінші бақытым-Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.

4-оқушы

Бақытым бар үшінші-Отан деген, Кім құдай деп сұраса, Отан дер ем! Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

1-жүргізуші: Оқушылардың орындауындағы «Вальс» биін тамашалаңыздар!

2-жүргізуші:

Құтты болсың, тойларың

Балғын шақты балдырған,

Ортаға шығып билейді



Кіп-кішкентай балапан. «Тұлпарым» әні

1-жүргізуші:Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын,-ендеше ұстаз,мектеп туралы қандай тақпақ, өлеңдер білеміз. Қане айтып жіберейік.

1: 2:

Мектеп-үлкен бағдаршам, Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,

Ұстаз шырақ ұстаушы. Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Екеуі де аңғарсақ, Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Бағыт жолын нұсқаушы. Түлеп ұшты талай-талай азамат.

3: 4:

Сатпау үшін арынды, Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Сатпау үшін жаныңды Мектеп деген ғылымның бір үлкені.

Өсіруге танымды – Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп керек адамға! Мектеп деген даналардың мекені.

5:

Қосылғыш пен азайтқыш,

Өрнектердің мәндері.

Сызықтар мен сандарды,

Үйрендік біз әзірге.

6: 7:

Болашаққа қол созып, Өнер білім жол қуып,

Үмітпен отты жандырған. Біліммен қамал салдырған.

Ел сенімін ақтайтын, Азаматы ертеңнін

Біз бақытты балдырған. Біз бақытты балдырған!

2-жүргізуші: «Ұстаз-ана» әні

1-жүргізуші: Болашақта рухани жаңғырған, дамыған мемлекетте біздің достарымыз кім болғысы келеді екен, соны тыңдап көрейік.

1-оқушы:

Жаққан білім шырағын,

Мен боламын мұғалім.



2-оқушы:

Тәртіп заңды қоғайды,

Полиция елді қорғайды.

3-оқушы:

Тәуелсіз жаңа заманда,

Сұраныс көп бұл маманға.

Тігін тігу пайдалы,

Мемлекет, қоғам, адамға.

Тігетін киім-кешекті,

Тігінші боламын мен епті.

4-оқушы:

Сыйлайтын саулық-амандық,

Дәрігер жақсы мамандық.

2-жүргізуші: Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі біздің бишілеріміз

Көрінген көштің басынан

Қуыршақ биі. Орындайды: қыздар тобы

1-жүргізуші: Балалар, бәріміз білеміз, біз жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алып жатырмыз. Бізде бүгін қонақта ЖББМ елінің ханшайымы келіп отыр.Қане, қошеметтеп шақырайық!

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгінгі мереке құтты болсын!!!Сіздердің алатын асуларың әлі алда. Ол үшін сіздер білімді, ақылды, сыпайы болуларыңыз керек.Мен сендерге сенемін. Тарту ретінде білім кілтін табыстаймын.

(Мыстан кіріп келеді)

Мыстан: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіз ме Ханшайым! Білім кілтін сендерге оп-оңай бере салмаймыні сендердің білімдеріңді тексеріп көремін.Сендердің үш тілде қалай меңгеріп жатқандарыңды тексеріп көремін. Маған үш тілде тақпақ айтып бересіңдер.

1:Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

2:

В школе многое узнаем



О своем любимом крае,

О горах и океанах,

О материках и странах.

3:

School is something,

We must all embrace.

Knowledge we need,

To seek out and chase.

Мақал-мәтел.

  1. Адам басшысы-ақыл..........(ум,intelligence)

  2. Өнер алды-қызыл......(тіл,язык,language)

Жұмбақ

  1. Жазда жайнайды, күзде жайрайды. (жапырақ,листья,lebes)

  2. Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы.(аққу,лебедь,swan)

Мыстан: Балалар, сендер шынымен өте ақылды, білімді екенсіңдер. Білім кілтін алуға әдбен лайықтысыңдар!

1-жүргізуші: Сау болыңыз, Ханшайым, Мыстан Әже!!!

Хор: «Жаса Қазақстан»

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен қымбатты ата-аналар!Біз тәуелсіз елдің ұландары болашақта жақсы оқуға, рухани жаңғырған ұлтымыздың үмітін ақтауға уәде береміз!!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі