жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Тілден терең теңіз жоқ" мақал-мәтелдер сайысы
«Тілден терең теңіз жоқ» сайысы
Мақсаты:
Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Барысы:
Кіріспе сөз:
-Құрметті оқушылар, көрермендер, ұстаздар бүгін сіздермен ”Тілден терең теңіз жоқ” деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы,ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны ,ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы. «Сөздің көркі –мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал-мәтелді көп біліп, көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Сыныпты топқа бөлу.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
«Мақал-мәтел бәйгесі»
«Кім жылдам?»
«Жалғасын тап»
«Ойлан тап»
«Полиглот»
«Аудармасын тап»
1 бөлім. ”Мақал-мәтел бәйгесі” .
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн. Сондықтан сөз кезегін сайыскерлерімізге береміз, ал әділ-қазылар алқасы топтардың жауабын бағалап отырсын.
(қай топ ең көп мақал біледі екен)
Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
Тіл ақылдың - өлшемі.
Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
Ми ойлағанды тіл тындырады.
Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
Бас
кеспек болса да,Тіл кеспек жоқ.
Қызыл
тіл жанның мияты,Абырой ердің қуаты.
Аш
құлақтан –Тыныш құлақ.
Тіл
– тиексіз.
Сөз
тапқанға қолқа жоқ.
1
–бөлім бойынша қорытынды шығару.
Сонымен
2 - бөлімді бастайық. Ойымызды бұдан да
күштірек жинақтайық.
2 бөлім. «Кім жылдам?»
Туған жердің несі де тәтті? Түтіні
Не тасқа бітеді? қына
Шешеннің несі мерген? сөзі
Не сөздің дәмін келтірер? мақал
Өз білмегеніңді кімнен сұра? кісіден
Неден ұят күшті? өлімнен
Қағазға тіл бітірген не? қалам
Адам деген қандай ат? ардақты
Ақылы көпті не алмайды? дау
Өзін-өзі мақтаған немен тең? өліммен
Ой
керемет!
Бұрынғы
кезде, ата бабалармыз көп мақалдап, ойын
астарлап жеткізіп отырған.
Сонымен
осыншама талаппен ынтамен 3-бөлімді
бастайық.
3-бөлім. «Жалғасын тап» Бұл кезеңде сендер мен айтқан мақалдың жалғасын табуларың қажет.
Көз жетпеген жерге …сөз жетеді
Жарлы болсаң да …арлы бол
Тілмен байланған…қолмен шешілмес
Тілде сүйек жоқ …таста тамыр жоқ
Тіліңменен жүгірме …білімменен жүгір
Тіл буынсыз …ой түпсіз
Бас кеспек болса да …тіл кеспек жоқ
Тілден асқан байлық жоқ ….тілден терең теңіз жоқ
Піл көтермегенді ….тіл көтереді
Ана тілің алпыс …. Тілге татиды
Тіл мәртебесі - …. Ел мәртебесі
Тіл - достықтың …. алтын көпірі
Тілі өлген ел - ….тірі өлген ел
Өнер алды – ….қызыл тіл
Тіл тас жарады ….тас жармаса бас жарады
Шебердің қолы – ортақ ….шешеннің тілі ортақ
Сөз сүйектен өтеді ….таяқ еттен өтеді
Жылы киім – тәнді жылытар …. Жылы сөз – жанды жылытар.
4-бөлім: «Ойлан тап» Бұл жерде суретте бейнеленген мақалды табу керек.
Аз сөз алтын, көп сөз көмір
Жеті рет өлшеп, бір рет кес
Білім инемен құдық қазғандай
Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
5-бөлім. «Полиглот» Асты сызылған сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңдар:
Отан – елдің анасы (мама-mother), Ел – ердің анасы
Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын (золото-gold).
Жақсы дос (друг-friend) үшін жан пида.
Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен (большой-big) жоқ болса, кішіден сұра.
Отанды сүю отбасынан (семья-family) басталады.
Ер елінде, гүл (цветы-flowers) жерінде.
Жақсы (хорошее-good) сөз – жарым ырыс.
Досы көптің жаны семіреді, асы (еда-food) көптің тәні семіреді.
Адам қатесіз болмас, көл (озеро-lake) бақасыз болмас.
Досыңның көзінде (глаза-eyes) болғанша, көңілінде бол.
Су (вода-water) сағасы – бұлақ,Сөз сағасы – құлақ.
Басқа (голова-head) пәле тілден.
6-бөлім. «Аудармасын тап» мақалдың аудармасын табу.
Если будет острым серп, рука не устанет, если родина будет сильна, враг не одолеет.
Если женщина рано встает, на одно дело больше успеет, джигит, если рано встает, на одно счастье больше найдет
Любовь к родине у семейного очага рождается.
Чем другому смерти желать, лучше себе долгих лет пожелать.
Если будет острым серп, рука не устанет, если родина будет сильна, враг не одолеет.
Ученье ничего не стоит, да выучиться трудно.
Лучше родины — нет земли, лучше родного народа нет народа.
Глаза боятся, а руки не знают страха.
Без птиц — озеро пустеет, без людей — земля сиротеет
Тепло родины своей, огня намного горячей.
Отан оттан да ыстық.
Орағын өткір болса, карың талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, Ерте тұрған еркектің ырысы артық
Құсы жоқ болса, көл жетім, елі жоқ болса, жер жетім.
Отанды сүю — отбасынан басталады
Білім арзан, білу қымбат.
Орағын өткір болса, карың талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды.
Көз қорқақ, кол батыр.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
Шығармашылық жұмыс мақал-мәтелге байланысты сурет салу.
Қорытынды:
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі, мұрасы ,ал мақал-сөздің азығы,тәрбие көзі деп сайысымызды аяқтаймыз. Қатысқан оқушылармызға алғысымызды білдіреміз. Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген