Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Тілдер апталығының қорытындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытындысы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ










Қазақ тілі мен әдебиетінің қорытындысы: «Ғажайыптар алаңы»




























Узембаева Жанар Мамыржановна

2017-18 оқу жылы

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз

Тілдер онкүндігінің сайысы

«Ғажайыптар алаңын» бастаймыз!!!

Қайырлы күн құрметті қонақтар. Бүгінгі күн барлықтарыңызға белгілі, тілдер онкүндігі аясында өткізіліп жатқан шараларға куә болудасыздар. Осындай шараны өткізу үлесі бүгін 6,10,11-сынып оқушыларына тиіпті. Ендеше, танымдық, логикалық, зеректік, шығармашылық қабілеттеріңізді шыңдау мақсатындағы ұйымдастырылған «Ғажайыптар алаңы - 2018» шарасына қош келдіңіздер. Шарамызды бастамас бұрын қатысушылардың ұпай санын есептеп отыратын екі әділ қазы сайлайық. Олар: Айнұр Давлетжановна, Азамат Болатбекұлы.

Қазір ең алдымен іріктеу сұрақтары арқылы бірінші кезең ойыншыларын таңдаймыз. 6-сынып- Ә.Тәжібаевтің ерлік туралы аңызы қалай аталады?

10-сынып – «Ер Төстік» ертегісіндегі перінің қызының аты кім?

11-сынып – Егіз қыздарға ежелден қойылатын есімдер

Ендеше ойынымыздың І кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер!

1-кезең тапсырмасы:

Ол 1835 —1865 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,  шығыстанушы тарихшы фольклоршы этнограф,  географ ағартушы. Ол Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Кім туралы айтылып жатыр? (Мұхаммедханафия)
Ойынның ІІ кезеңінің іріктеу сұрақтары:

6-сынып - . Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

10-сынып - Ең үлкен қазанға не сыймайды? (өзінің қақпағы)

11-сынып - . Жеуге болмайды, бірақ күнде дайындалады? (сабақ)

2- кезең тапсырмасы:

«Асыл сөзді іздесең-

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге!» кімнің өлеңі? (Торайғыров)

3-кезеңінің іріктеу сұрақтары:

6-сынып - . Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

10-сынып -
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

11-сынып – Абайдың поэмаларын ата?

3-кезең тапсырмасы:
1.
Халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. (Архаизм
Мәре тапсырмасы:

Бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақталып, ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымдарының бір тармағын түсіндіретін атау. (шежіре)

Супер ойын тапсырмасы:

1.Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досы? (Михаэлис)

2.«Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?» Қай ақынның өлеңі? (Қасым)

3.Жуан және жіңішке сөздерге бірдей жалғана беретін жұрнақ? (хана)

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес – жеткізе ме мұратын,

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын, дей келе, осымен сайысымызды аяқтаймыз.


1- сыйлық – грамота немесе 200 т

2- сыйлық – брелок немесе 200т

3-сыйлық – конфет немесе 200 т
4-сыйлық – пробник немесе 200 т

5-сыйлық – алтын сырға немесе 200 т

6-сыйлық – Фаберлик өнімі немесе 200 т

7-сыйлық – пробник немесе 200 т

8-сыйлық – стакан немесе 200 т

9-сыйлық – ысқырық немесе 200 т


СУПЕР ОЙЫНҒА Көлік, алтын білезік, түскі ас, ас үй жиһазы. (ойыншық)








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1928
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12