400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдер мерекесіне арналған "Әй, жарайсың!" сайысының сценарии.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақтан тыс шараны өткізу материалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілдер мерекесіне арналған «Әй, жарайсың!» сайысының сценарии.

Жасаған: Кожахметова М.А.

Павлодар қаласының № 29 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі.



I. Сәлемдесу кезеңі .

1-оқушы.

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

Сіздерге шын жүректен

Сәлемімізді сыйлайық!

Қабыл ал,құрметті халайық.

2-оқушы.

Шығыппыз сайысқа,

жетеміз бүгін табысқа!

Өзімнің күшімді аямай,

Қазақтың өнерін зерделеген

Алдарыңызға ..... келген.

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,

Сахнаның төрінде ән салайын! 


(Ән айтылады)

II. Таныстыру кезеңі.

1-оқушы.

Ал,енді « Бес жұлдыз, бір құндыз » тобымен танысайық!

Астыма мінген атым генадушка,

Шабамын көңіл ашып немношка.

Не керек бұл дүниеде жить етуге,

Азырақ ойнап-күлмей, подрушка.


Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,

Қатира-ай, Сағира-ай,

Күлзира-ай, Назира-ай,

Нағима-ай, Батима-ай!

Әшекей қыз Айжан-ай,

Бәлекей қыз Балжан-ай,

Толықсынған Маруся-ай,

Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!

Қайда кетті Раиса-ай?

Я люблю тебя, « Әй, жарайсың!» «16 қыз» ( Дос Мұқасан)

2-оқушы

Топ басшысы мен боламын.

Балақшадан сайыстарға қатысамын.
Ата-анам үшін аспандағы асылымын,

Достар үшін дариямын.

Дизайнер болуды армандаймын,

Сіздерге киімімді ұсынамын.

«Әй, жарайсын!» сайысына әдейі жасағанмын.

Көйлектің түсі – ту мен елтаңбамызбен түстес.

Ұлттық ою мен шашбау –

рухани жаңғыруға бет бұрдым дегенім.

«Киіміңе қарап, қарсы алады.

Ақылыңа қарап, шығарып салады» деген сөз бар емес пе.

Ендеше әлі көштаспаймыз,

Ақылымыз бойымызға сай деп ойлаймыз!



3-оқушы

Менің атым ........,

7-ші сынып оқушысымын.

Еңбекқор отбасында туып-өсіп келемін.

Абайдың «Еңбек етсең ерінбей,

тояды қарның тіленбей» сөзін

кішкентай кезінен білемін.

Ешқашан бос отырмаймын,

Бос уақытымда ән салуды, би билеуді ұнатамын.



4-оқушы

Павлодар қаласы – туған жерім.

Туған жерімнен нәр алып бойжетемін.

Қазір жетінші сыныпта оқып жүрмін.

Мектептегі іс-шараларға белсенді қатысып жүрмін.

Сурет салуды ұнатамын,

Болашақта Айша Ғалымбаева сияқты боламын!

5-оқушы

Мен өте бақытты адаммын.

Себебі сүйікті отбасым,

Сенімді достарым,

Тәуелсіз Отаным,

Мақтан тұтатын бабаларым бар.

Келешекке үмітпен қараймын,

Талай-талай жерлерді шарлаймын,

Саяхатшы болуды армандаймын.

Жюль Верн шығармасының кейіпкері сияқты

80 күн ішінде әлемді шарлап келгім келеді.



6-оқушы

Тәлім алдым қара шаңырақ ұясында,

Орныменен серуендеймін достарыммен,

Қыз баланың сұлулығы мейірінде,

Арам ойым жоқ пейілімде.

Қыз баланың сұлулығы білімінде,

Ұлағатты ұстаздардың арқасында,

Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Сабырлы, кішіпейіл, қарапайым баламын.



II. Музыкалық кезең. (Танымал өлеңдердің сөздері өзгертілді.)

  1. Жас өмірімді, мәз өмірімді қысқартып,

Келіп едім мектепке оқу қуып.
Зымырайды менің бала кезім де,
Бір жалт етіп, өте шыққан, өте шыққан сезімдей. ( «Құстар қайтып барады»)



  1. Бәріміз бір сыныптың жастары едік,

Бәріміз бір жылы оқу бастап едік.

Бастауыш мұғалімнің жазылмаған дастаны едік,

Армандастар, құрдастар!

Бәріміз бір сыныптың жастары едік,

Бәріміз бір жылы оқу бастап едік,

Армандастар, қайда?

Абзал достар, қайда?

Көрермендер, шапалақтар қайда екен?

(«Армандастар, құрдастар»)

  1. Балауса қыз едім бір кезде,

Шашыма ақ бантик байлаған.

Өзгеріп кетіппін бұл күнде

Көркіме көз тастап ойланам. («Ақ бантик»)



  1. Жаңбыр, жаңбыр жау,

Бәрі мәңгі тұрмайды.

Сол өмірлік сәт

Есімде қалады

 

Ертіс бойында сайыс іздедім,

Бәрі ойымда, үміт үзбедім!

От боп күйгеннен жеңіс іздедім,

Сол жеңісті біз бүгін аламыз! («Шудың бойында»)


5. Сайысқа гүл алып,.
Келдік біз қуанып
Қарсы алды бізді көрермендер.
Жүзімізге нұр тұнып,
Кетіппіз құлпырып.
Бір бақыт сәулесін сепкендей
«Әй,жарайсың!» сайысымыз.
Ән бастайық, кел бәріміз.
Ұмытпа сен құрбым,
Есте қалсын мәңгі бұл күн!
Есте қалсын мәңгі бұл күн! («Туған күн мерекесі»)

6. Сайыс үстінде орындалсын арманым

Біліміздің көрсетеміз өнерін.

Би билейік, ән салайык, достарым!

Бірге аттанып болашақтың шынына.

Қайырмасы: ( бірге орындалады)

Той үстiнде тәтті күндер, тәтті күндер,

Құрдастарым, шат күліңдер, шат күліңдер.

Ән салайык, би билейік, би билейік.

Шарықтасын шаттық күндер, шаттық күндер! («Той жыры»)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі