тілдер мерекесінің мәліметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тілдер мерекесінің мәліметі

Материал туралы қысқаша түсінік
бірлестік жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Төле би атындағы мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай 14-22 қыркүйек аралығында өткізілген іс-шаралары туралы мәлімет


«Төле би атындағы мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тілді дамыту және оны жүзеге асыруды 2018-2019 жылына арнайы жоспар жасап бекітілді пән мұғалімдерінің отырысы болып өтті.Тіл-тану бірлестігі «Тіл достықпен татулықтың тірегі» апталығының жұмыс жоспары бекіттірілді. Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Тіл-тану бірлестігінің жетекшісі  Салимбаева А.Е. тіл мерекесіне арналған онкүндіктің жоспарымен таныстыру мақсатында  салтанатты жиын өткізіп, онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Сыныптан тыс сабақтар ашық сабақтар көркем сөз байқауын ұйымдастырды.17-22 қыркүйек аралығында қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілі сонымен қатар сынып жетекшілер тіл апталығына белсене араласты «Тіл достықпен татулық тірегі» атты қабырға газеттері шығарылып, тілге байланысты үш тілде жазылған қанатты сөздермен безендірілді. 17 қыркүйек «Тіл достықпен татулықтың тірегі» он күндігінің салтанатты ашылуы болды. 18 қыркүйек күні ағылшын пәні мұғалімдері Мамедова Алмаз бен Дурсунова Диана 4-11 сыныптар аралығында «Англиский вокруг нас» атты сыныптан тыс сабақ көрсетті сабаққа оқушылар белсенді қатынасып ағылшынша өлең жолдары диалог арқылы сөйлесу ойын Helloween мерекесін ұйымдастырды. 19 қыркүйек күні қазақ тілі пәні мұғалімі Құлжанова Галя мен Дамба Бейбітгүл 5-10 сыныптар аралығында «шешендік сөздер халық қазынасы» атты сабақ көрсетті. Сабақта қазақ халқының би шешендері Төле би Әйтеке би Қазыбек би бабаларымыздың ұлағатты сөздері өсиеттері тарихи мұралары туралы деректер айтылды. 20 қыркүйек күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Асабаева Элвира «Туған тілім айбарым мақтанышым» 4-7 сыныптар аралығында көркем сөз байқауын өткізді. Бұл байқауда оқушылар тілдер мерекесіне байланысты өлең-тақпақтарын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқи алды. 21 қыркүйек күні 7-8 сыныптарда «Тілім менің тірлігімнің айғағы» ашық тәрбие сағаты өткізілді сынып жетекшілері Давришева Зухра мен Мамоева Лейла ұйымдастырды. Сабақта оқушылар үш тілде өлеңдер оқып ән айтып әр ұлттың билерін биледі сонымен қатар оқушылар тіл – халықтың жаны,сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі екендігін айтып түсіндірді. 5 «б» сынып жетекшісі Асабаева Элвира «Родной язык-святой язык» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. сабақта үш тілде өлеңдер оқылып жұмбақ ,жаңылтпаш, викториналық сұратар қойылып сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар бұл  сабаққа үлкен дайындықпен,  тіл үйренуге деген құштарлығымен, талабымен жан-жақты ізденіп қатысты. Қазақ тілі пәні мұғалімдері Медеубаева Гаухар мен Салимбаева Аяла 9-10 сыныптар арасында сайыс сабақ өтті сабақта оқушылар қазақ тілінде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтып жалғасын тап ойынын ойнады. Бұл сайыста оқушылар төрт топқа бөлініп,берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс жалпы  алты кезең бойынша өтілді. Оқушылар бұл сайысқа толық қанды дайындалып келгенін көрсете білді. Сонымен қатар тілге деген қызығушылықтарын көрсетті.22 қыркүйек тілдер мерекесіне арнап мектебімізде мерекелік фестиваль өтті. Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде

сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

  Мерекелік жиынға бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері белсене араласып,түрік,орыс, шешен,өзбек,қазақ поляк,ағылшын,татар, ұлттарының көрмесін , ұлттық биін, әндерін орындап әр ұлт өз тілдерінде өлең жолдарын оқыды.

Сондықтан да біз мемлекеттік тілдің одан әрі дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Ұсыныс 1. Тіл апталығының жүргізілуі қанағаттанарлық деп есептелсін.

2. Қазақ тілі ,ағылшын тілі,орыс тілі пәні оқушылардың тіл байлығын дамытуда жұмыстар жүргізілсін.




Shape1 Shape2 Shape3

Shape4 Shape5

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
1072
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі