400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тілдердің үш тұғырлылығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тілдердің үш тұғырлылығы» ата-аналарға арналған баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қайырлы күн !

Құрметті ата –аналар, әріптестер!

Баяндама: «Тілдердің үш тұғырлылығы»

Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр.

Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандық өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде,орыс тілін ұлтаралық қатынас тіл ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігі басты мәселе болып табылады.

1 Слайд

Бүгінгі таңда еліміздің Президенті Н.Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр.

Үштілдік – заман талабы. Осы талаптарға сай біздің балабақшада эксперименттік алаң ашылды. Эксперименттік алаңның мақсаты.

Мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын, орыс және қазақ тілдерін үйретуді ұйымдастыру, үш тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде мектепте дейінгі мекемедегі жасөспірім балалардың үш тілде оқыту болып табылады.Үш тілді мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің міндетті компонентіне айналуда. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөзге қызығушылығы, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан басталып, балалардың тілді үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру,тілдерге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Баланың тілдік құзыреттілігі жасына сәйкес тобына қарай дамудың лексикалық-грамматикалық және фонетикалық деңгейіне қойылатын талаптарға сай қазақ,орыс,ағылшын тілдері екі бағытта жүргізілуі сипатталады.

2 Слайд

5-6 жастағы балалардың сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатыны ескеріліп, қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде әдемі сөйлеуге үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілдерге тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорларын байыту,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Үш тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.

3 Слайд

Эксперименттік алаңның өзектілігі: 5-6 жастағы балаларды үш тілде сөйлеуге үйрете отырып, бір мезетте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің әртүрлі иірімдерінен мағлұмат беру, тіл байлығын арттыру, жалпы интеллектуалдылығын, сөйлеу деңгейін, білімді меңгеруін бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне оқытуға дағдыландыру.

Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы біздің балалар.

Слайд 4

Бағдарламаның міндеттері:

- Сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау және

артикуляциялық аппараттарын дамыту;


- Сөйлеу барысында сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіру;


- Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру;


- Өз ойын дұрыс тұжырымдап айту, қысқа әңгімелер құрастыру, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, айтылу мәнеріне қарай дауыс ырғағы бойынша ажырату іскерліктерін дамыту;


- Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын арттыру;


- Шағын тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді жатқа әндете айтуға, үш тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге үйрету.


-Техникалық құралдарды тиімді қолдана отырып сабаққа қатысты бейне таспаларды, мультфильмдерді көрсету.


-Сабақты түрлендіріп өткізу.

Слайд 5

Назарларыңызға рахмет!



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі