Тілді
аспаптар
Халық аспаптары оркестрінде тілді
аспаптап сырнайлар тобынан құралады.
Қазақ халқының музыкалық өмірінде
сырнай аспабы қолданылып келгені мәлім.
Халық композиторлары Жаяу Мұса, Майра,
Шашубай; Кенен Әзірбаев т.б өнер иелері
сырнайды тамаша меңгеріп оны домбырамен
қатар қойған. Сондай-ақ бұл аспап ел
арасында да кең тараған. Қазақ халқының
музыкалық өмірінен сырнай аспабы жайлы
деректер мен дәлелдерді көптеп келтіруге
болады. Алайда, біз ол тақырыпты
қозғамай-ақ, сырнайдың халық аспаптары
оркестріне енуі және басқа да
ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдім.
Қазақ
халық аспаптары оркестрінің дыбыс
қуатын, дыбыс бояуларын жан-жақты
байытуда домбыра мен қобыздың түрлері
сияқты сырнай аспабы да маңызды міндет
атқарады.
Сырнайдың
тұрқы ұзынша, сыртқы ұлттық өрнектермен
безендірілген. Дыбыс тілдері үш қатар,
тек оң жағына қатар орналасқан, баяндағыдай
сол жақтағы бас дыбыстары болмайды.
Орындаушының ыңғайына қарай төмендетіліп,
не жоғарлатылып отыратын таяқшасы
болады. Дыбысы баян, гормонь, аккордеон
аспаптарынан мүлдем өзгеше естіледі,
домбыра және қобызбен үндес келетін
сыбызғы сарындас болады. Сырнай аспабы
төрт дауысқа бөлінеді. Олар: ең жоғарғы
дауыс-сопрано, одан төменгі дауыс-меццо,
қоңыр дауыс альт және ең төменгі дауыс
бас болып саналады.
Бұлар
басқа аспаптардай емес, тұрақты бұрауда
болады. Сондықтан, олардың әрқайсысының
дыбыс көлемдерімен танысамыз.
Бірінші
сырнайдың дыбыс көлемі бірінші октаваның
до дыбысынан төртінші октаваның до
дыбысына дейінгі, екінші сырнайдың
дыбыс көлемі кіші октаваның си дыбысынан
үшінші октаваның ля дыбысына дейінгі,
үшінші cырнайдың
дыбыс көлемі кіші октаваның соль
дыбысынан үшінші октаваның ля дыбысына
дейінгі, төртінші сырнайдың дыбыс көлемі
үлкен октаваның до дыбысынан екінші
октаваның до дыбысына дейінгі аралықты
қамтиды.
Сырнай аспаптары дыбысының естілуі
жазылуына сәйкес болады. Бұл аспаптардың
кәсіби оркестрлерде қолданылып жүрген
нұсқалары ел ішіндегі көркемөнерпаздардың
халық аспаптары оркестрлеріне әлі күнге
дейін таралмауына байланысты, оларда
сырнай орнына баян пайдаланылады. Жалпы
алғанда тілді аспаптар тобы – құрылысы
жағынан күрделі, дыбыс аумақтарына бай,
техникалық орындау мүмкіндіктері
жеткілікті аспаптар. Бірақ та, баянның
табиғатына тән ерекшеліктерін ескерген
жөн:
а) бұл аспаптың сол жақ дыбыстарын (жеке
немесе аккорд қалпында) оркестрде
пайдаланудан аулақ болу керек. Баянның
бұл дыбыстары оркестрдің сүйемелдеуші
тобына (тенор, бас, контрабас-домбыраларға)
беріледі;
б)
баянның бас дыбыстарының әсіресе,
аккордтардың құрылу структурасы
музыкадағы теориялық заңды толық сақтай
алмайды. Айталық, бас дыбысындағы
аккордта тұрақсыз дыбыстардың тұрақты
дыбыстарға құлаққа жағымды түрде көшу
заңдылықтары ережеге қайшы келеді;
в)
сол жақ клавиатураның басты кемшіліктерінің
бірі – мұнда тек қана мажор мен минордың
тұрақты дыбыстары және доминантсептаккорд
қана орналасқан. Сондай-ақ бұл аккордтар
тығыз орналасу қалпында берілген. Ал,
музыкада бұлардан басқа да толып жатқан
аккордтар бар. Бұлар баянда жоқ. Жоғарыда
айтылған кемшіліктер оркестрдің
гормониясына сөзсіз қайшылық тудырады.
Сонымен, қорыта айтқанда оркестрге
музыкалық шығарманы түсіргенде баянның
осындай қайшылық жақтарын естен шығармау
керек. Демек, оркестрлік шығармаларды
баян репертуарынан гөрі фортепианолық
клавирден түсірген нәтижелі болады.