Шымкент қаласы
Жекеменшік «Төржан» гимназиясының
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі
Тайтелиева Гулмира Абдихаймовна
Тілді меңгертудегі төрт дағдының тиімділігі
Мектеп қабырғасында отырған өскелең жас ұрпақтың озық ойлы, функционалды сауаттылығы жоғары, рухани тәрбиесі биік, саналы жеке тұлға болу жолындағы ізденістер мен ғылыми еңбектер қатары көбеюде. Осы тұста педагог қызметкерлер шәкірттерінің алғыр да өмір сүруге қабілеттілігін, жалпы өзіндік көзқарасын, ұстанымы мен сенімін қалыптастыруда үнемі еңбектеніп келеді. Жаңартылған білім мазмұны негізінде біліктілігімді арттырып, көптеген әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемізге енгізіп оң нәтижелерді байқап, мемлекеттік тілді оқушыларыма меңгертуде көп көмегін беріп келеді.
Тілді меңгерту барысында соңғы уақыттарда жиі айтылатын төрт дағдыға ерекше тоқталғанды жөн санадым. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Ең алдымен, бұл төрт дағды бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сабақ барысында осы аталмыш дағдылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізілсе, оқушылардың тілді меңгерулеріне, функционалды сауаттылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруларына ықпал етудің арқасында, сабақ барысында белсенділік пен көшбасшылық қабілеттерін байқатып, еркін білім алуға қадам басып келеді.
Қазақ халқының «Тыңдаусыз қалған сөз жетім» деп айтылуында да үлкен мән жатқан секілді. Тыңдалым білім алу барысында үлкен рөл атқарады. Сабақтың кіріспе, негізгі немесе қорытынды бөлімдерінде оқушы тыңдаған мәліметтері мен үнемі байланыс жасап отырады. Бейне баянды үнтаспадан немесе өз аузымнан оқылған мәліметті оқушы тыңдап, мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты алып, детальдарына мұқият үңіліп, көңіл-күйін анықтап, сөйлеушінің қарым-қатысына, сөйлеу барысында сөйлемдердің грамматикалық құрылымына назар аударып отырады.
Оқушылар тыңдалымнан кейін алған мәліметтерін қайта еске түсіріп, жаңа сөздерді, жалпы мазмұнын, нақты мәліметтерді айтып, талқылауға арналған сұрақтарға жауап беріп, өз өмірлерімен байланыстырып отырады. Міне осыдан бастап тілді қабылдап үйренеді. Ал сол тілді қолданып сөйлеу барысында көрініс табатын дағдының бірі - айтылым. Оқушылар осы тұста сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының сөзін байқап, түзетулер енгізіп, сөздерін жоспарлап, орнымен дұрыс қолдана білуді, кезек алып сөйлеуді, жест, мимиканы қолдану тағы да басқа бірнеше әрекеттерді орындайды.
Айтылым дағдысында жиі қолданыс табатын бұл әрекеттер оқушының тілді еркін меңгеруіне, өзін-өзі реттеуіне септігін тигізді. Орыс бөліміндегі оқушылардың қазақ тілінде таза әрі сауатты сөйлеуін дамытуда жаттығулар орындатып, берілген бір сөзге бірнеше сөз тіркесін жасап, сөйлем құрастыруына түрткі болып, бірнеше рет қайталату арқылы есте сақтауын басты назарда ұстаймын. Үй тапсырмасынан тыс оқушылар көрген ертегілерін немесе тарихи деректерді баяндату арқылы айтатын сөзін дайындап, ойын жинақтап, алдын ала дайындық жүргізуіне мүмкіндік беріп, қолдау көрсетемін. Себебі айтылым, сөйлесім дағдысы тілді меңгерушілерге ең басты құралдың бірі.
А.Байтұрсынұлы былай деген: «Жаза біліп, оқи білмейтін де адам бола ма? - Жоқ. Жаза білетін демек, оқи да біледі деген сөз». Өз тәжірибемдегі жиі қолданатын әдістерімді оқылым дағдысына негіздеп мақсатқа сай әрекет етуге талыпынамын. Оқылым дағдысын қарапайым тілмен түсіндірсек, жазба тілдегі мәтінді түсіну. Оқылым да, жазылым да тілдің графикалық жүйелері арқылы берілетіндіктен, оқылым жазылыммен тығыз байланысты. Сондықтан тілді меңгертудің алғашқы бастауларында оқылым мен жазылымды өзара байланыстыра қолдану әлде қайда ұтымдырақ бола түседі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.
Демек, ақпаратты технологияны оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.Тыңдап - түсіну, көріп - байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау - сөйлеу - оқу - жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.
Тыңдап - түсіну, көріп - байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Мәтінді оқу барысында белгілі бір нақты ақпаратты табу, детальды түрде оқу, мәтіннің түріне қарай ажырату, бейтаныс мәтінге болжам айту сияқты тағы да бірнеше ішкі дағдыларына сай білімдерін толықтырып жұмыс жүргізеді. Демек, оқушы бір мәтіннің аясында бірнеше жұмыс жүргізіп, мәтінге немесе суретке, үнсіз бейне таспаға қарап өз болжамын айтып, мәтіннен белгілі бір детальды тауып оқып, бейтаныс сөздердің мағынасын біліп, стилін анықтайды, бір-біріне топтық жұмыста түсіндіріп, топтасып жұмыс жасайды. Өзіміз сабақ беретін сыныптарға қазақ тілі пәнінен белгілі бір мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, тыңдалымнан кейін бөлінген мәтінді дұрыс құрастыру немесе бөлімге бөліп мәтінді басынан соңына дейін дұрыс орналастыру, сұрақты оқушы шатастыратындай етіп қоя отырып, мәтінге мұқият үңіліп оқуына түрткі боламын. Оқушылардың мәтінді жан-жақты оқып, талқылауы арқылы тілді меңгерулеріне болатыны тәжірибеде айқын байқалуда.
Тілді қолданып сөйлеу немесе жазу продуктивті дағдылар қатарына жатады. Жоғарыда айтылғандай, оқылым мен жазылым қатар жүреді. Тіл үйренушіге әріптер мен сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрай алуы маңызды қадам. Сөздерді орынды пайдаланып, сөйлемдер құрап өзінің ойын, түсінгенін қағаз бетіне түсіре алу жақсы нәтижеге қол жеткізудің баспалдағы. Жазылым барысында оқушы орфографиялық қатесіз жазуға, әріптерді дұрыс жаза білуге, пунктуацияны дұрыс қолдануға, абзацты дұрыс ұйымдастыра білуге, стилді дұрыс таңдай алуға, сауатты жазуға біртіндеп үйрене бастайды.
Әрине, күнделікті сабақ барысында осы дағдыларды үнемі тиімді қолданар болса, өзінің тиімділігін уақыт өте келе көрсетеді.Оқушы бойында шапшаңдық, алғырлық, өзіне қажет мәліметтерді тыңдап, ойын жеткізе алу, қатесіз оқуға және сауатты жазуға деген бірнеше өзгерістерімен қоса дағдылары да дами түседі.
Мәтінмен жұмыс барысында аталмыш төрт дағдыны қатар тиімді әрі оқушылардың деңгейіне сай жүргізуге болатынын байқадым. Бір мәтін аясында бірнеше тапсырманы орындап, оқушының тілді меңгеруіне айтарлықтай оң ықпалын тигізеді.
Тұла бойы ұлттық тәрбиеге тұнып тұрған ұлт жанашырын тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің атқарар ерен еңбектері көп. Өз ана тіліңнің бүге-шігесіне дейін баланың бойына дарытып, көкейіне құйып, санасына сіңдіру - үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл жауапкершілікті қалт жібермей мүлтіксіз орындау маған сын. Осы сынға сыни қарап, алға ұмтылу мені үнемі мақсатқа жетелейді. Ғасырлардан жылжып, тарихтан сүрінбей келе жатқан ана тіліміздің кемеліне жетіп толысуына үлес қосқан алаш зиялылары, ақын-жазушылар, ғұламалар әрбір баланың санасына жетіп, есінде сақталуы қажет. Олардан қалған ғұмырлық қазынаны тіл арқылы аманаттаймыз.
Бұл, әрине, тіл жанашырларының және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келер ұрпаққа жетіп отыр емес пе? Төл тіліміздің қыр-сырына үңіле қарап, дыбыстың ерекшелігіне дейін меңгерту нәтижесінде сауатты ұрпақ тәрбиелейтініміз жасырын емес. Бұл тағы да тіл мамандарына міндеттелген. Сондықтан қызын арға, ұлын нарға балаған қазақ арасында өз ойын сауатты жаза да, сөйлей де білетін, сөйлеу мәдениетін жетік меңгерген текті ұрпақ тәрбиелеуде, қымбатты біздің әріптестеріміз, сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз деген сенімді пікірдеміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз