ШҚО ББ «ШҚО арнайы мектеп - интернаты»
КММ
Тіл мерекесіне арналған салтанатты
жиын.
«Тілді тану – әлемді
тану.»
Жауаптылар: Қалиева Г.Қ.
Жумажанова А.А.
2016 оқу жылы
«Тілді тану – әлемді тану»
тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай
өткізілген салтанатты жиын.
Мақсаты:
Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл
мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген
сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз
қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін
көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін
құрметтеу.
Цель проведения мероприятия: активизировать и
расширить имеющиеся знания учащихся о языке, воспитывать любовь
интерес к языкам, дружбу и взаимопонимание между
учащимися
Жүргізуші
: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар
мен оқушылар!
Ведущий:
Добрый
день, дорогие друзья!
Жүргізуші: Тіл мерекесіне
арналған салтанатты жиынды бастауға рұқсат
етіңіздер!
Ведущий 2: 22 сентября - День языков народа
Казахстана. И сегодняшнюю линейку мы посвящаем этому
празднику.
Әнұран
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар
міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының
тілдері күні» мерекесін атап өту қарсаңындамыз.
Біздің негізгі мақсатымыз
оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл
мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген
сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің
анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің
тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран
ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Ведущий :
Язык –
это общественное явление, которое действует на протяжении всего
существования человечества. История не знает ни одного
человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это
понятно. Человек живет в обществе. Он постоянно связан с другими
людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди
передают свои мысли, желания, чувства.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл –
Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз
22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне
қосылатын кішкене ғана үлес. Олай болса,
Қымбат маған ана тілім, бал тілім, Қымбат маған
дана тілім, ар тілім. Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, Ана тілім –
ардақ тұтар алтыным. Ана тілін жырлап өткен талайлар, Жырлап өткен
Ыбырай мен Абайлар - деп,
жиынның
тізгінін көсемсөз
шеберлеріне берейік.
Өлеңдер оқылады.
Ақбота.
Туған тілім – бабам тілі – өз
тілім!
Туған тілім – анам тіілі – өз
тілім,
Туған тілім – далам тілі – өз
тілім,
Туған тілім – адам тілі – өз
тілім.
Жанат.
Туған тіл
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен бір аспанның бұлтымын.
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан
тарихпын.
Нұржан.
Ана тілім –
Қазақ тілі
Өз тілім.
Ана тілім-
Бабам тілі-
Өз тілім.
Ана тілі-
Анық маған.
Болашақ замандарға,
Бөгелмей баратының.
Яна.
Родной язык!
Он с детства мне знаком,
На нем впервые я сказала
«мама»,
На нем клялась я в верности
упрямой,
И каждый вздох понятен мне на
нем.
Нұрсұлтан.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас.
Аяужан.
Туғанда да, қонғанда да,
ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар: өз тіліңді
ұстанба?!
Галина.
Люблю тебя, русский язык,
В нем столько добра и силы,
В нем слышется русский язык,
В нем слышется голос России
Люблю русский язык, великая русское
слова,
Внем вижуя Пушкина лик,
В нем вижу я лик Толстого.
Мирас.
Танытқан қазағымның
қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Илья.
Но как родной люблю язык я
русский:
Он нужен мне, как небо, каждый
миг.
На нем живые трепетные чувства открылись
мне,
И мир открылся в них.
Текут две речки в сердце, не
мелея,
Становятся единою рекой.
Забыв родной язык, я онемею.
Утратив русский - стану я
глухой.
Жүргізуші: Биылғы жылдың айтулы
оқиғаларының бірі Рио 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындары болды.
Қазақстаннан Рио Олимпиадасына 104 спортшы спорттың 26 түрінен бақ
сынады. Соның ішінде 6 спорт түрінен топ жарып, жүлдегерлер
қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшылар 17 медаль иеленіп, жалпы
командалық есепте 22 – орынмен ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарын
аяқтады.
Ведущий: Казахстан – это
имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.
В 2016 году в Казахстане
широко будет отмечаться юбилейная дата – 25-летие Независимости
Республики Казахстан. Этому событию посвящена книжно-информационная
выставка "Казахстанский путь: 25 лет мира и созидания". Из Астаны в
регионы Казахстана стартовал поезд «Мәңгілік Ел», организованный в
рамках празднования 25-летия Независимости
РК.
Сразу в нескольких
регионах Казахстана стартовала акция общенационального проекта
Ассамблеи народа Казахстана «Большая страна – большая семья». Все
мероприятии этого учебног года мы тоже посвятили этому
событию.
Жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл
қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан
асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының
аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі,
һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер
65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде
қолданылады.
Дүниежүзінде ресми
тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі,
француз тілі, араб тілі. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген
статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан
бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне
қуаныштымыз.
Аружан.
Ақыл, ойын, дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Көрініс.
Келесі
көрінісіміз «Сөз қадірі» деп аталады.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы,
қария.
Автор : Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария
дүниеден көз жұмарында баласына:
Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем
қазына қалдырмады»
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл
мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, – дейді.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп
табаннан таусылып, таба алмайды. Ойы сан – саққа кеткен бала бір
күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала : Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды?
Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз,
айтыңызшы.
Қария: Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған
қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді
сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ,
балам.
Автор: Деп, аталы сөздің шешуін
айтыпты.
Ділназ.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Жүргізуші:
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ән « Ана
тілі»
Ведущий :
Вот и
подошла к концу наша линейка, посвященная Дню языков! Желаем всем
всего доброго и прекрасного!
Жүргізуші: Барлық тілді үйренерсің сен
әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.- деп Тұманбай
Молдағалиев ақынымыз айтқандай өз еліміздің туын жоғары көтеріп,
ана тіліміздің мәртебесін көтере білейік.