400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдік пәндердегі саралау тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған әдістемелік материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 40 минут

Коучинг сабағы

І деңгей мұғалімі

А.С.Сагимбаева

Коучинг тақырыбы

Тілдік пәндердегі саралау тәсілдері

Сілтеме

Нұсқаулық, ресурстар, АКТ, презентациялар т.б.

Жалпы мақсаты

Тілдік пәндерде оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып саралау тәсілдерін тиімді қолдану;

тәжірибені жетілдіру ретінде саралау әдістерін қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар саралау тәсілдерінің негізгі сипаттамаларымен танысып, оларды тәжірибеде қолдана алады.

Негізгі идеялар

Саралау сөзінің мағынасын түсіндіру, саралау тәсілдерінің негізгі сипаттамаларымен таныстырып, оларды тәжірибеде қолдана білуіне үйрету.

Тапсырмалар



Жүргізілетін жұмыс.

Уақыты

Коучтің іс-әректі.

Әріптестердің іс-әрекеті.

3 мин

І. Әріптестермен амандасу.


ІІ Топқа бөлу.

Санау арқылы екі топқа бөлінеді.

Коллаборативті орта құру.

«Белгісіз басшы» ойынын ойнату

Ойынның шарты: Жүргізуші музыка ырғағымен қимылдар жасайды, қалған қатысушылар оны дәл солай қайталайды. Сыртқа шығып тұрған қатысушы «Белгісіз басшыны» анықтауы керек.






Музыка ырғағына жасалған жүргізушінің қимылын қайталап билейді.

5 мин



ІІ. Миға шабуыл

«Қос шеңбер» әдісі арқылы коучингтің тақырыбы туралы білетін алдыңғы білімдерін сұраймын.

Ойын шарты: Қатысушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер-қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер-қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әр қатысушы өзіне қарама-қарсы тұрған қатысушыға тақырып бойынша бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем сабақ тақырыбымен байланыста болады.

Қос шеңбердің сыртқы шеңбері қозғалмалы, ішкі шеңбер қозғалмай тұрады. Сыртқы шеңбердегілер сағат тілімен қозғала отырып саралау туралы өздерінің бұрыннан білетін білімін бір сөйлеммен жеткізеді.


2 мин

Мұғалімнің сөзі:

Мен сіздерге қолданған саралау тәсілінің бірі «Алдыңғы білімді анықтау» тәсілі.

  • Оқушылардың алдыңғы білімін (тәжірибесін) анықтап, оны қолданыңыз.

  • Бұл сізге оқушыларыңыздың қай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Ал оқушыларға сабақ тақырыбын олардың осы уақытқа дейінгі жинақтаған білімімен байланыстыруға көмектеседі.

  • Оқушылардың алдыңғы білімін әсіресе сабақтың басында анықтап, қолдануға тырысыңыз.

  • Бұл оқушыларға сабақтың басынан бастап өздерін жақсы, ыңғайлы сезінуге көмектеседі.

  • Жаңа тақырыпты таныстырып жатқан кезде де оқушылардың алдыңғы білімін анықтаған тиімді, себебі бұл әрекет оқушыларға жаңа мәліметті тұжырымдауға көмектеседі.

1-тапсырма:

Топтарға саралаудың анықтамасы жазылған постер беремін.

Топтарды тыңдаған соң саралау тәсілінің жеңілдетілген анықтамасын ұсынамын.

Саралаудың тағы бір тәсілі «Қарапайым тіл» деп аталады.

  • Сіз неғұрлым жеңілдеу тілді қолдансаңыз, соғұрлым сіздің оқушыларыңыз мағынаны жеңілдеу меңгереді.

  • Сіз саралаудың бұл түрін сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануыңыз мүмкін:

  • Бүкіл сыныпқа сөйлеген кезде;

  • Жекелеген оқушыларға сөйлеген кезде;

  • Оқушыларға кері байланыс (comments) жазғанда;

  • Таныстырылым слайдтарында;

  • Үлестірме материалдарында;

  • Сөйлеу тілін қарапайым ету кейбір жайттарды тастап кетуді білдірмейді, керісінше ол кей жайттарды анығырақ түсіндіруді, түсінуді жеңілдетуді білдіреді.

Мұқият тыңдайды.

Сұрақ қояды.















Саралаудың анықтамасынан түсінгенін ауызша айтады.

15 мин

Қатысушыларды таратпа қағаздағы жазулар арқылы 4 топқа бөліп отырғызамын.Олар: саралау жүргізудің түрлері. Мысалы, мазмұн,үдеріс, нәтиже, оқу ортасы.


Саралаудың 4 түріне қатысты ресурстар таратылып беріледі.







Ресурпен танысады, өзара ақылдасып, бір-біріне түсіндіреді. Түсінгендерін постерге түсіреді және оны қорғайды.

5 мин

Саралаудың тәсілдерін топтарға 3-4 түрін таратып беремін.

Тәсіл бойынша түсінгендерін, өз тәжірибесінде қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп береді.

6 мин

Слайдтан тілідік пәндердегі саралау тәсілдерінің түрлеріне тоқталып түсінік беріп өтемін.

Мұқият тыңдайды.

3 мин

Рефлексия.

Кері байланыс жасау. "Әдеби шеңбер" әдісі арқылы барлық топ қатысушылары тақырыптан білгісі келген сұрақтарын қағазға жазып, оны умаждап ортаға тастайды. Жақсы түсінген қатысушылар сол сұрақтарға жауап береді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі