15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тілдік қанығу мектепке дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы"
Щапов «Бөбек»
бөбекжайы
Тақырыбы: Тілдік қанығу
мектепке дейінгі балаларға тілді оқытудың тиімді технологиясы
Орындаған: Мендіғази Г.М
Орал-2017
Ж о с п а р
1. Тақырыптың өзектілігі.
2.Мақсаты.
3. Міндеті.
4.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын әдіс тәсілдер.
І.Кіріспе
1.1.Тақырыптың өзектілігі:
Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол ең- кереметтің, күштінің және қиынның көрнісі, яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстарын сөйлеу тілінің жемісі болып саналады. Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай ол- баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез – келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процес. Олай болса баланың тілін дамыту жұмысын жанұядан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жеткізілуі тиіс.
Мақсаты мен міндеті:
Тілдік қанығу технологияларын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың тілін ұстартып, белсенді сөйлеу.
Балаларға тиімді технологияларды таныстыру, көрсету.
Баланы мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
ІІ. Негізгі бөлім
Тіл – ұлт ерекшеліктернің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының бейнелері бейнеленеді.
Тіл мәдениетін меңгеру – сәби шағынан іске асатын, келе – келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекмелерде, мектепке дейінгі мекемеде жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске қосады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Түсіндіру әдісі- жаңа сөз, сөз
Тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде
Қолданады. Ұйымдастырылған оқу қызметі сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысы бойынша іске асады.

Көрнекілік әдісі- ұйымдастырылған оқу қызмет сайын жүргізілетін әдіс. Балалардың түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай көзге тартымды болуы керек.

Сахналау арқылы – балаларды рөлге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет. Шығармаларды оқиғалар кезінде іс – әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән – мағынасын түсіндіріп айту.
Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту, ой – өрісін кеңейту жұмысында бір топтағы әр баланың сөйлеу дәрежесін байқап анықтау керек. Сонда ғана оқыту – үйрету ісінде неге көңіл бөлу керектігі айқындалады. Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізіндегі нақтылы көрнекі материалдарға жүргізіледі.


Әңгімелеу, әңгіме құрастыру (өзі 2.Сөзді түсініп айту
көріп білген жайттар туралы, сурет дәрежесін байқау. Ол
мазмұнын, оқылған шығармалардың үшін балаға таныс және таныс
мазмұнын әңгімелету.) емес заттарды көрсетіп сұрау,
әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тиімді технологиялардың түрлері:

Театр іс – әрекеті Мнемотехнология
Театр іс – әрекеті арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой – өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
Жұмыстың нәтижесі:
Балалардың тілі дамиды.
Сөздік қорлары толығады.
Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Мнемотехнология
Мақсаты: Мектепке дейінгі балалармен мнемотехнологияны пайдалана отырып, балалардың тілін ұстартып, сөйлеу әрекетін дамыту.
Міндеттері:
Сөздік қорды толықтыру және жандандыру.
Мнемотехника әдісін қолдана отыра тілдерін дамыту.
Қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуді қалыптастыру.
Нәтижелері:
Мнемотехниканы қолданғанда неге қол жеткізуге болады:
балалардың ертегіні ретімен әңгімелеп беруіне деген қызығушылығы артады. Қоршаған орта жайлы таным – білімі артады. Сөздік қорының белсенділігі артады. Балалардың ұялшақтығы жойылады, өзін – зі ұстауға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз- ол ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңнен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастау алуы қажет.
Тәрбие басы- тіл, сондықтан балабақшада қазақ тілін үйрету оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қамтиды. Сәбилік кезден бастап-ақ саналы тәрбие ретінде қазақ тілін үйренуге тәрбиелеудің түп негізі- балабақшада қалыптасады.
Қазақ даналығында «Тіл- ұлттың жан дүниесі, сезімінің, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтылмаған. Өзге ұлт өкілдері балаларына тіл үйретудің қиындығы мен қызығы да осы шақтан басталады. Сондай қиындықтарды қызыққа жендіріп, әр сабақта баланың жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойын айта білуіне және толық жауап беруіне ұмтыламын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсініп қолдана білуге жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беремін.
Дыбыстық жаттығулар орындаймыз.
-ші, -ші, -ші- кезекші
-ық, -ық, -ық- қасық
-қы, -қы, -қы- шанышқы
-ші, -ші, -ші көмекші, - деп балаларды қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырамын.
Сергіту сәтін өткіземін: Әжемнің екі қазы бар,
Мойындары иілген-иілген.
Қабақтары түйілген-түйілген.
Оны қалай жазамыз?
Жем береміз, су құямыз,-
Енді мойыны жазылар, жазылар
Әжемнің екі қазы бар.
Тақырыпқа байланысты өлеңдерге сергіту сәтін ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге - «Бес саусақ», «Бас бармақ», «Қуыр-қуырмаш» саусақтар ойындарын өткізуге болады.
VІ. Балалардың тілдерін дамытамын:
Әр тақырып бойынша шағын әңгіме құрастырамын. Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беріп, елтаңбасы, туы, ән-ұранымен таныстырамын.
«Отбасы» тақырыбы бойынша- Мынау- біздің отбасымыз. Мынау менің анам. әкем, әжем, атам. Біз бәріміз тату-тәтті тұрамыз. Мен анама көмектесемін. Бәріміз еңбек етеміз, -деп үлгі ұсынамын, мектепке даярлық топтар өз отбасылары жайындағы әңгімелерін осы үлгі бойынша жалғастырады. Осы кезеңде тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жаттауға болады: «Отан- оттан да ыстық». «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл».
Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен
пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл –
бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы
олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл
адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа
мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде
отбасының, бала - бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала - бақшада
тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін
ұстартып, жақсы сөйлей білуге
үйрету.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин
атамызда балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті
шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті
ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да,
еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп жасына
дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі – олардың еліктеу, қиялдау
қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана, тәрбиеші
баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек.
Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге
болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде
пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй
жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап
айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан,
шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)
түсіндіру.
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі
туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып,
сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол -
жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың
бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға
жетпес нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың игі дәстүрлерін:
бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. с әр
сабақта тақырыпқа байланысты айтып отыру. Балаларға жасына қарай
көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту,
жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ
жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге
талпынады, ынта – жігері артып, жауапкершілікті
сезінеді.
Мысалы: Қараңғыны
түреді,
Ылғи жалғыз
жүреді.
(ай)
Домалап
кетеді,
Қайта домалап
жетеді.
(доп)
Қабат - қабат
қаттама,
Ақылың болса,
аттама.
(кітап
)
Мақал -
мәтелдің де бала тәрбиелеуде орны
ерекше.
Мысалы: Жақсы
болсаң, жақын көп.
Тіл - буынсыз,
ой - түпсіз.
Ағаш тамырымен
мықты,
Адам жолдасымен
мықты.
Жаңылтпаштар
айту баланың тілін дамытуда маңызды рөл
атқарады.
Шілікті
шаптым,
Жілікті
астым.
Шілікті
жақтым,
Жілікті
шақтым.
Қаштым қатты -
ақ
Ұшты
қалпақ,
Балақ
сатпақ,
Аяқ
батпақ.
Қорыта
айтқанда, баланың жан - жақты дамуына, тілдік қорының молаюына
көбірек көңіл бөлсек.
Әжемнің екі қазы бар,
Мойындары иілген-иілген.
Қабақтары түйілген-түйілген.
Оны қалай жазамыз?
Жем береміз, су құямыз,-
Енді мойыны жазылар, жазылар
Әжемнің екі қазы бар.
Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерін қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге, грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.
Сөйлеу мәдениеті
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.
Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (орыс және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.
Монолог
Балалар алдына қойылған коммуникативтік жағдайға байланысты білімдік және тұрмыстық әрекеттерді айқындайтын тіл материалының әдістемелік құралына орай, алдын ала дайындықсыз ойындағысын жеткізуі тиіс.
Өзінің пікірін айтуда тілдік тұрғыдан дұрыс рәсімделген, мөлшері 3 сөз тіркесінен кем болмауы тиіс. Пікір айту сипаттамадан (сурет, бұйым, ертегілер кейіпкерлерінің әлпеті және т.б.), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т.б.) тұруы мүмкін.
Бес жасар балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері жоғары деңгейде артады. Ортаңғы топтағы балалардың әлеуметтік және табиғи жаратылысты меңгеруде әуестігі, белсенділігі, дербестігі жоғары болады.
Тілдердің үштұғырлығы бойынша жұмыстың орталық бағдары оқытудың монологтік түрі, бұл 4 жасар балаларды үлкендер мен құрдастары арасында тілдік қатысымға түсуде дербестік пен бастамашылдыққа тәрбиелеу болып табылады. Монологтік оқыту барысында балалар қатысымдық сөйлеу дағдысына ие болады, сөздік қорын арттырады және грамматикалық дұрыс сөйлеу қалыбын реттейді.
Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар, сондай-ақ мектепте оқыту жағдайларын айқындайтын тілдік құралдар кіреді. Тілдік материал көлемі 70 типтік сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың 50-і сөйлеу үшін қолданылады. Сөздік бірліктер көлемінің – 150-і сөйлеу үшін және 200-і тыңдалым үшін.
Тілдің үштұғырлығы бойынша ұйымдастырылған оқу ісінің тақырыптық мазмұндылығы «Қатынас» білім беру саласының білім мазмұнының іріктеу талаптарының принциптері бойынша құралады.
Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.
«Тілдің үштұғырлығының дамуы» курсының аяқталуымен балалар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген тыңдалым машықтарын меңгеруі керек, берілген тақырып бойынша айқын сөйлеу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.
5-6 сөйлемнен құралған заттарды сипаттайтын шағын әңгімелер, жеке тәжірибеден оқиғалар құрастыру; әдеби шығармалардан түсінгенін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген